Файл: Сабаты таырыбы Ебек етсе жетерсі масата.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Еңбек етсең жетерсің мақсатқаСабақтың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Сабақтың міндеттері:- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. «Еңбек етсең жетерсің мақсатқа» сөзінің мағынасын сұрау, түсіндіру.
Еңбек туралы мақал – мәтелдер айту.Жалқаудың жаны тәтті,Еңбектің дәмі тәтті.Еңбегі аздың өнбегі аз.Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.

  1. Мәтінмен жұмыс. «Еңбекпен тапқан тиын»
Біреудің ерке ұлы болыпты.Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып -қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп,сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

  • Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін.Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол –жалқау.
Ұлын аяп,анасы он сомдық алтын береді:

  • Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді ол баласына.-Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң «Мынаны еңбегіме алған едім », -деп, әкеңе бер.
Баласы шешесінің айтқанын орындайды .Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

  • Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес,-депті.
Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті.Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

  • Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз,балам.Одан да ақшаны жұмыс істеп тап ,-деп ақыл айтыпты.
Анасының тілін алып ,бала бір апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді.Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

  • Жоқ,бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.
Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

  • Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.
Сонда әкесі тұрып:

  • Бұл ақшаны шынында да,өз еңбегіңмен тапқан екенсің,балам. Көзім жетті,-депті.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра отырып, ой бөлісу.


  1. Қорыту. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
Сендер қаншалықты еңбекқорсыңдар?