Файл: алыпты физиология бойынша баалау паратары Тжірибелік дадыларды баалау паратары Электрокардиограмманы тіркеп жазып алу дісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 107
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Дұрыс ырғақты жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) санауды келесі формула бойынша анықтады: ЖЖЖ=60/(R-R), мұндағы 60 бір минуттағы секунд саны. R-R– бір секундтағы аралық ұзақтығы,ЭКГ жазып алу кезінде жылжымалы таспаның 50мм/сек (25 мм/сек) тең болатын қозғалу жылжамдығын анықтап алды. Ол 50 мм/с болса, 0,02 сек. тең, ал 25мм/с болса , 0,04 сек. тең | | | | |
5 | Студент дұрыс қорытынды жасады: жүректің пейсмейкерлер жұмысы және автоматиясы тұралы. Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | 20 | 15 | 10 | 0 |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
4. Электрокардиограмманы талдау (Өткізгіштік қызметін бағалау).
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет:Төмен көрсетілген критерийлерге сәйкес студентің ЭКГ талдау қабілетін бағаланыз
Студент усынылған ЭКГ анализін жасайды . .
| Қадамдарды бағалау көрсеткіштері | Бағасын бағалау баллдары | |||
1. | Өткізгіштік дегеніміз– (студент анықтамасын берді) Өткізгіштік - жүректің синоатриальді түйінде пайда болған қозуды жүрек ұшына дейін миокард бойынша өткізу қасиеті. Жүректің өткізгіш жүйесі - (студент дұрыс анықтамасын беріп, сызба нұсқасын салып,құрылымдарын атады) ЖӨЖ - синоатриальді түйін, атриовентрикулярлы түйін, Гис шоғыры, оның оң және сол аяқшалары мен Пуркинье талшықтарын құрайтын атипті кардиомиоциттердер тұратын, жүрек автоматизмін қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдар комплексі. Студент жүректің өткізгіш жүйесі мен миокардтың әр түрлі құрылымдарының қозуды өткізу жылдамдығы туралы дұрыс түсіндіріп жеткізді. СА түйіні (Кис-Флек) - оң жүрекшенің қабырғасында, жоғары қуыс вена мен оң құлақша аралығында орналасқан. Бұл түйінде пецсмейкер жасушалары орналасады. Қозуды өткізу жылдамдығы - 1 м/с. АВ түйіні (Ашофф-Тавар) - оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан. СА түйінін АВ түйінімен және сол жақ жүрекшемен Бахман талшықтары байланыстырады. АВ жылд. - 0,02-0,04 м/с. Гис шоғыры - қарыншааралық перденің жоғары жағында орналасқан. Одан оң және сол аяқшалар тарайды. Жылд. - 2-4 м/с. Пуркинье талшықтары - жүректің жұмысшы миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. 2-5 м/с. | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент ұсынылған ЭКГ-мен жұмыс істейді. Өткізгіштік қызметін бағалау үшін ЭКГ жазылу кезінде таспаның қозғалыс жылдамдығын анықтады.Ол 50 мм/сек (25 мм/сек) болуы мүмкін: | 20 | 15 | 10 | 0 |
| 50 мм/с болса 0,02 сек. тең, 25мм/с = 0,04 сек. Өткізгіштік қызметін бағалады: өткізгіштік қызметін бағалау үшін Р- тісшесінің ұзақтығын өлшеу қажет.Қалыпты жағдайда Р- тісшесінің ұзақтығы – 0,07-0,11 сек. Қалыпты көрсеткішпен салыстырды. | | | | |
3 | Өткізгіштіктің қызметін бағалауды жалғастырды: өткізгіш қызметін бағалау үшін Р–Qаралығының және Р–Q сегментің ұзақтығын өлшеу керек. Қалыпты көрсеткішпен салыстырды. Қалыпты көрсеткіші Р–Q аралығының ұзақтығы= 0,12-0,20 сек., сегмент Р –Q= 0,02-0,04 сек. | 20 | 15 | 10 | 0 |
4 | Өткізгіш қызметін бағалауды жалғастырды: өткізгіш қызметін бағалау үшін QRS қарынша жиынтығының жалпы ұзақтығын өлшеу керек. Қалыпты көрсеткішпен салыстырды. Қалыпты жағдайда QRS- ұзақтығы 0,06-0,10 сек.тен болады. | 20 | 15 | 10 | 0 |
5 | Студент ЭКГ-ның өткізгіштік қызметтері туралы дұрыс қорытынды жасады.QRS қарынша жиынтығының, Р – Qаралығының және Р- тісшесінің ұзақтығының артуы, өткізгіштік жүйенің сәйкес бөлімдері өткізгіштігінің баяулауы олардың ұзақтығының артуын көрсететіндігін айтты Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | 20 | 15 | 10 | 0 |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100.Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
5. Электрокардиограмманы талдау ( қозғыштық қызметін бағалау).
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет:Төмен көрсетілген критерийлерге сәйкес студентің ЭКГ талдау қабілетін бағаланыз.
Студент усынылған ЭКГ анализін жасайды.
1. | Қозғыштық дегеніміз– (студент анықтамасын берді) Қозғыштық дегеніміз - бұл тірі жүйенің тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, оған өз жағдайын өзгерту арқылы жауап беруі, яғни тыныштық жағдайдан іс-әрекет жағдайына өтуі. Қозғыштық кезендері және пейсмейкермен жұмысшы кардиомиоциттің әрекет потенциалы- (студент сызбанұсқаларын дұрыс салып көрсетті) | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент ұсынылған ЭКГ-мен жұмыс істейді. Қозғыштық қызметін бағалау үшін -10 мм (1 мв = 10 мм, 0,1 мв=1 мм) сәйкес келетін бақылау милливольтінің амплитудасын тексерді; Қозғыштық қызметін бағалауын жүргізді: жүрекшелердің қозғыштық қызметін бағалау үшін, Р- тісшесінің амплитудасың өлшеді. Қалыпты көрсеткішпен салыстырды.Қалыпты жағдайда Р- тісшесінің амплитудасы– 01 – 03 mV; R- тісшесінің биіктігінен 1/6- 1/8 | 20 | 15 | 10 | 0 |
3 | Қозғыштықтың қызметін бағалауын жалғастырды: қарыншалардың қозғыштығының қызметін бағалау үшін Q, R, Sтісшелерін аңықтады. Қалыптыда Q- тісшесінің амплитудасы=0-0,3mV және R- тісшесінің биіктігінен¼, R- тісшесінің амплитудасы = 0,5-2,5mV, S- тісшесінің амплитудасы0-0,6mV тен болады. | 20 | 15 | 10 | 0 |
4 | T-тісшесінің талдауыменқозғыштық қызметін бағалауын аяқтады. T тісшесінің амплитудасы =0,3-1,2mV, R-тісшесінің биіктігінен 1/2-1/3. | 20 | 15 | 10 | 0 |
5 | Студент ұсынылған ЭКГ-ның қозғыштық қызметтері туралы дұрыс қорытынды жасады.Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті. | 20 | 15 | 10 | 0 |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
6.Электрокардиограмманы талдау( жүректің электірлік өсін бағалау).
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет:Төмен көрсетілген критерийлерге сәйкес студентің ЭКГ талдау қабілетін бағаланыз.
Студент усынылған ЭКГ анализін жасайды.
1. | Электрокардиография дегеніміз– (студент анықтамасын берді)- Электрокардиография дегеніміз жүрек бұлшық етінде түзілетін биоэлектрлік көріністердің графикалық тіркеу әдісі. Жүректің жиырылу кезінде оның қозуы пайда болады, сол кезде жүректің бұлшық ет клеткалары, олардың мемброналарының физикалық-химиялық құбылыстары байқалады. Бұл кезде клетка аралық және клетка ішілік сұйықтықтың иондық құрамы өзгереді де, ол электрлік тоқтың пайда болуына әкеліп соғады. Жүректің электрлік өсі– (студент анықтамасын берді) Жүректің элекрлік өсі дегеніміз жүректің қарыншаларының жиырылу кезіндегі фронтальды жазықтықта орналасқан орны. | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент ЖЭӨ қалыпты орналасуын дұрыс айтты: QRSα бұрышы =30°-тан 70°-қа дейін, көлденеңінен =+30°-0°, тігінен =+70°- 90°, оң жаққа ауытқуы +90° және одан жоғары, сол жаққа ауытқуы 0° және одан жоғары. | 20 | 15 | 10 | 0 |
3 | Студент дұрыс айтты: жүректің электрлік өсінінің орналасуы кеуде қуысындағы жүректің анатомиялық орналасуына байланысты ( өстін айналдыра бұрылуы нәтижесіне байланысты: ( алдыңғы - артқы, колденең, бойлық) және бір қарыншаның гипертрофиясы, Гис аяқшаларының блокадасы және т. б. ЖЭӨ солға, оңға аутқулары қалыпты жағдайда да кездеседі. Солға ауытқуы жүректің көлденен орналасуына, Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасына, сол қарыншаның гипертрофиясына , кардиомиопатия, диафрагманың жоғары орналасуына және т.б. байланысты. Оңға ауытқуы қалыпты жағдайда кездеседі, оң қарыншаның миокарды зақымдалғанда , Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасында, оң қарыншаның гипертрофиясында, декстрокардияларда ). | 20 | 15 | 10 | 0 |
4 | Жүректің электрлік өсінің (ЖЭӨ) орналасуын анықтады: ЖЭӨ қалыпты орналасуы стандартты тіркеулерінде | 20 | 15 | 10 | 0 |
| жазылатын тісшелердің R2>R1>R3 арақатынасымен сипатталатындығын айтты. ЖЭӨ солға ауытқуы: R1 >R2 > R3, оңға ауытқуы: R3 > R1 > R2 | | | | |
5 | Жүректің электрлік өсі туралы дұрыс қорытынды жасады. Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | 20 | 15 | 10 | 0 |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
7.Шыбық артериясында пальпация әдісімен артериальды пульсті анықтау
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет: пальпация әдісімен артериальды пульсты анықтауды студентің қабілетін бағаланыз.
Студент волонтердың пульсың анықтап, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.
1. | Артериалық пульс –дегеніміз (студент дұрыс анықтамасын берді) -сол қарыншадағы диастола және систола кезіндегі қолқадағы қан қысымының өзгеруінен пайда болатын артерия қабырғаларындағы ырғақты қозғалыстар. | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент анықтау әдісін дұрыс көрсетті: Бір мезгілде екі қолдың пульсін а. radialis анықтау керек, пульстін қасиеттері бойынша айырмашылығы болмаса , зерттеуді бір қолына жүргізуге болады . Волонтердың қолын білезік буыны аймағында ұстап, 2,3,4 саусақтарын шыбық сүйегінің біз тәріздес өсіндісінен төмен шыбық артериясына орналастырды,ал бас бармақты шынтақ жағына немесе алаканның сыртына қойып пальпация әдісімен пульсті анықтады. Пульс бар, жоқтығын айтты. Пед фак. арналған Балаларда артерия пальпациясы оң колымен 2,3 саусақтарымен аңықталады. | 20 | 15 | 10 | 0 |
3 | Студент пульстің сиппатамаларын атап, қасиеттерін анықтады : Жілігі (pulsusfrequens, pulsusrarus, pulsusdeficiens)- бір уақытта артерия қабырғаларының тербелісін көрсететін сан. Ырғақтылығы (pulsusregularis, irregularis;) - бірінен соң бір журетін пульстік толқындар аралығын сипатайтын көрсеткіш. Пульстің толуы (pulsusplenus, pulsusvacuus)- пульстік толқындар биіктігіндегі артериядағы қан көлемі. Кернелуі (pulsusdurus, pulsusmollis,)- артерияны толық қысу үшін қажетті күшпен сипатталады. Көлемі не болмаса биіктігі (pulsusmagnus, pulsusaltus, pulsusparvus)- пульстің толуымен және кернеуі жиынтығымен бағаланатың, артерия қабырғаларының тербеліс амплитудасы. Пішіні не болмаса жылдамдығы (pulsusceler et altus, pulsustardus et parvus) - артерия көлемінің өзгеру жылдамдығы | 20 | 15 | 10 | 0 |
4 | Дұрыс қорытынды жасады: жоғары айтылған қасиеттері бойынша , пациентің бір қолындағы анықтаған пульске сипаттама берді . | 20 | 15 | 10 | 0 |
5 | Артериалық пульсті қандай қан тамырларында анықталатынын атап айтты (ұйқы, иық, шынтақ, сан, тізе асты және аяқ ұшы артериялары) Пед.фак. арналған Балаларда пульсті самай артериясында анықтауға болады.Нәрестелерде – еңбектегі тамырдың соғуы бойынша. Нәрестелердің қалыпты көрсеткіштерін біледі: соғу ырғағы жиі 140-160 рет. мин.,2 жасқа қарай – 125рет/мин, 6 жаста– 100-106 рет/мин, 10-12 жасқа қарай – 80- 88 рет/мин. Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | 20 | 15 | 10 | 0 |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
8.Сфигмограмманы талдау.
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет: студенттің сфигмограммаға талдау жаса
ептілігін бағаланыз. Студент сфигмограмманы талдап, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.
1. | Студент дұрыс айтты: артериялық қантамыр соғысының қисық сызығы – сфигмограмма, қантамыр қабырғасының серпінді-тұтқырлық қасиеті жайлы жорамал жасауға мүмкіндік беретін, сфимография әдісімен тіркеуге болады. Ортанғы артериялық пульс ұйқы артериясында анықталатының біледі (каротидтық сфигмография). Студент сфигмограмманы суреттеп берді. Сфигмограмманың құрам бөліктерін (анакроттық, катакроттық, инцизура, дикроттық тісшелерін) дұрыс көрсетті | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент анакроттық тісшенің нені білдіретіндігін түсіндірді. Анакроттық тісше қантамырішілік қан қысымның жоғарылауы кезінде, қолқадағы айшық қақпақшаның ашылып, жүректің сол қарыншасынан қолқаға қанның тез айдалуын көрсетеді. Систолалық толқынның жоғарғы шыңы қолқадағы ең жоғарғықан қысымына сәйкес келеді. | 20 | 15 | 10 | 0 |
3 | Студент катакроттық тісшенің нені білдіретіндігін түсіндірді. Бұл – негізгі систолалық толқынның төмендеуі. Қисық сызықтың бұл бөлігі қантамырлардағы қанның келуі мен қайтуы кезеңіндегі тербелу нәтижесінде қалыптасатын, жүрек қызметінің диастолалық кезеңін көрсетеді | 20 | 15 | 10 | 0 |
4 | Студент инцизураның нені білдіретіндігін түсіндірді. Инцизура ойсының ең төменгі нүктесі қолқадағы айшық қақпақшаның жабылу кезеңіне сәйкес келетін, қан айдау кезеңінің аяқталғанын көрсетеді. Жүректен қанның айдалу | 20 | 15 | 10 | 0 |