Файл: алыпты физиология бойынша баалау паратары Тжірибелік дадыларды баалау паратары Электрокардиограмманы тіркеп жазып алу дісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 106
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| жылдамдығы теріс сипатқа ие болады, яғни жүрекке қарай қан аға бастайды | | | | |
5 | Студент дикротттық тісшенің нені білдіретіндігін түсіндірді. Қолқа мен қарынша арасындағы қан қысымының теңесуі кезеңіне сәйкес келетін қолқадағы айшық қақпақшаның жабылуынан пайда болатын, қисық сызықтың қысқа көтерілуін көрсетеді, ол фонокардиограммада жазылып алынған ІІ тонға қатты ұқсайды Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | 20 | 15 | 10 | 0 |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
9.Флебограмманы талдау.
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет: студенттің флебограммаға талдау жасау ептілігін бағаланыз. Студент флебограмманы талдап, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.
1. | Студент дұрыс айтты: веналық қантамыр соғысының қисық сызығы – флебограмма, флебография әдісімен тіркеледі. Флебограмма —қуыс веналардаң оң жүрекшеге содаң кейін оң қарыншаға қанның қайта ағу динамикасын көрсететін қисық сызығы. Студент біледі, орталық веналық пульс мойындырық вена тұсында анықталатының (югулярлық флебография). Студент флебограмманы суреттеп берді. Флебограмманың құрам бөліктерін (оң -a,v,c және теріс – х, у толқындары ) дұрыс көрсетті. | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент дұрыс түсіндірді: «а» толқыны (лат.аtrium)оң жүрекшенің систоласына сәйкес болады , сол кезінінде үлкен қуысты веналарда | 20 | 15 | 10 | 0 |
| қанның уақытша іркіліп тоқтап қалуынан пайда болады. | | | | |
3 | Студент дұрыс түсіндірді; «с» толқыны ( лат.carotis) мойындырық венаның астында жатқан ұйқы артериясының пульстік ырғағының түрткісі. Оң қарыншаның систоласы басталуы кезінде ұшжармалы қақпақшалары жабылғанда пайда болады және каротидті сфигмограмманың анакротасына сәйкес. | 20 | 15 | 10 | 0 |
4 | Студент дұрыс түсіндірді: «v» толқыны( лат. Ventriculus) вена қантамырларынаң қанның қайта ағу қиыншылығын көрсетедi, сол кезде оң жүрекше қанға толып,жүрекшеде қысым жоғарлайды, «v» толқынын шамасы үшжармалы қақпақшалардың ашылуына сәйкес болады. | 20 | 15 | 10 | 0 |
5 | Студент теріс толқындардың пайда болуын дұрыс түсіндірді:
Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | 20 | 15 | 10 | 0 |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
10.Коротков әдісімен қан қысымын анықтау
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет: төменде берілген көрсеткіштерге сәйкес студенттің Коротков әдісі бойынша қан қысымын өлшеу ептілігін бағалаңыз. Студент пациенттің (волонтердің) қан қысымың аңықтап, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.
1. | Студент сәлемдесіп, визуальды қарым-қатынас жасады, өзін таныстырды. Студент пациентің эмоциялық жағдайын, эмоциялық реакциясын бақылады, оның эмоциялық көніл- күйіне түсінік берді. Артериялық қан қысымын анықтаймын деп пациентке айтты. Пациентен үстелге сол қырымен отырып, сол қолын үстелге қоюын сұрады. Студент пациенттің (волонтердің) сәл бүгілген қолын шынтақ астынаң алып, қолын толығымен босаңсытуды сұрады. | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент тонометр манжетін сол қолдың қарына дұрыс орап бекітіп (қол мен манжет арасына бір саусақ сиятындай етіп), сол қолдың жүрек деңгейінде орналасқандығына көз жеткізді. Студент білек артериясындағы пульсті сипап тауып, фонендоскоптың мембранасын шынтақ шұнқырындағы иық артериясына орналастырды Содан кейін сфигмоманометр бұрандасын жауып, білезік артериясында пульс жойылғанша ауа үрлеп, манжетке ауа толтырды. Сфигмоманометрдің бұрандалы қақпақшасын ашып, манжеттен ақырын ауаны жіберді. Дәл осы уақытта фонендоскоппен шынтақ артериясын тыңдап, бірінші пулстік толқынды сипап сезіп, манометр көрсеткіштерін қарап отырды | 20 | 15 | 10 | 0 |
3 | Тондардың бірінші пайда болуы сәтіндегі манометр көрсеткішін систолалық (ең жоғарғы) қысым деп белгілеп, бірінші тонның пайда болуын түсіндірді (манжеткадағы | 20 | 15 | 10 | 0 |
| қысым төмендегенде артерия ашылады да, қан жоғары қысыммен турбулентті түрде бос тамыр бойымен өтіп, тамыр қабырғасына соғылады, осыдан бірінші тон пайда болады). Алынған нәтижені бағалады. Қалыпты жағдайда систолалық қысым 110-120 мм.с.б. тең (ДДСҰ бойынша 135 мм.с.б. дейін) пед.фак. арналған: Нәрестелерде - 90-100 мм.с.б.б.., 2 жастан - 5 ж. дейін – 100-115 мм.с.б.б.., 6-10 жас – 110-120 мм.с.б.б.. Нақты анықтау үшін формула бойынша есептеледі. 1 жасқа дейін: 76+2*n, мұнда n- бала жасы айлары бойынша 1 жастан кейін 90+2*n, мұнда n- бала жасы | | | | |
4 | Тондар жойылып кететін сәттегі манометр көрсеткішін диастолалық (ең төменгі) қысым деп белгілеп алып, тондардың жойылуын түсіндірді (Манжеттегі қысым тамырдағы қысыммен теңескенде тамырдың диаметрі қалыпты жағдайға келеді де, қан тамыр бойымен ламинарлы түрде ағады. Сол себепті дыбыс жойылады). Алынған нәтижені бағалады. Қалыпты жағдайда диастолалық қысым 60-80 мм.с.б.тең пед.фак. арналған: систолалық қысымның 1/2 -1/3 бөлігін құрайды нәрестелерде -40-50 мм.с.б.б.., 2 - 5 жас – 60-75 мм.с.б.б.., 6-10 жас – 60- 80 мм.с.б.б. Максимальды АҚ=100+2*n, мұнда n- бала жасы жылдар бойынша | 20 | 15 | 10 | 0 |
5 | Ең жоғарғы қысымнан ең төменгі қысым шамасын алып тастап, пульстік қысым мөлшерін есептеп тапты. Қалыпты жағдайда пульстік қысым 35-40 мм.с.б. тең Пульстік қысым дені сау адамдарда | 20 | 15 | 10 | 0 |
| өзгеруі мүмкін; физикалық не болмаса психо-эмоциялық қүш түскенде қысым жоғарлайтынің, ұйқы кезінде пульстік қысымы төмендейтінің біледі. Тыныштық жағдайда пульстік қысым жоғарласа, жүрек қантамырлардағы ауытқыларын ( атеросклероз не болмаса жүрек қақпақшаларының дұрыс істемеуі) көрсетеді. ПҚ төмендеуі : қан ағуда, шокта, миокард инфарктісінде, қолқаның ауытқуларында. Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | | | | |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут
11.Гемодинамиканың негізгі параметрлерін есептеу:
Орташа динамикалық қысымын, жүректің систолалық және минуттық қан көлемін. Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет: төменде көрсетілген көрсеткіштеріне сәйкес студенттің минуттық және систолалық (соқылық) қан көлемдерін есептеу ептілігін бағаланыз.Студент жүректің минуттық және систолалық қан көлемдерін есептеп, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.
1. | Студент берілген параметрлердің біреуіне анықтама береді:
минут арасында жүректен шыққан қанның көлемі. | 20 | 15 | 10 | 0 |
2. | Студент дұрыс айтты: зертханаларда осы көрсеткіштерді анықтау үшін | 20 | 15 | 10 | 0 |
| реография әдісін пайдаланады. Бұл әдіс адам денесіндегі қанмен қамтамасыз етүлуіне байланысты электр тоғына кедергі жасаумен негізделген. | | | | |
3. | Студент айтты:артериалды қан қысым өлшеп , ОДҚ, СҚК және МҚК есептеуге болады. | 20 | 15 | 10 | 0 |
4. | Берілген параметрдің есептеу формуласын дұрыс көрсетті, есепті шығарды , нәтижесін айтты.
ОДҚ=ПҚ/3+ДҚ (мм.с.б.б.)
СК= 101 + 0,5•ПҚ ― 0,6•ДҚ ― 0,6•ж ПҚ – пульстық қысым; ДҚ –диастолалық қысым ( мм.с.б.б..); ж ― жасы
Минуттық қан көлемінің көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі: МҚК = СК•ЖЖЖ СК―соққылық көлемі; ЖЖЖ― жүректің жиырылу жиілігі( пульс жиілігі) | 20 | 15 | 10 | 0 |
5. | Нәтижесін дұрыс бағалап, қорытынды жасады: Қалыптыда
жоғарлауы СҚК-ның жоғарлауына | 20 | 15 | 10 | 0 |
| байланысты. Жаттықпаған мен науқастарда МҚК жүрек ырғағының жиілеуіне байланысты жоғарлайды пед. фак. арналған: МҚК нәрестелерде- 340 мл, 7 жаста -1,8 л, 12 жаста– 2,0 л. Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті | | | | |
| Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Физиология пәні бойынша емтихан сурақтары:
Қанайналым:
-
Электрокардиограмманы тіркеп жазып алу әдісі. -
Электрокардиограмма тісшелері мен олардың аралықтарының сипаттамасы.. -
Электрокардиограмманы талдау
-
автоматия қызметін бағалау -
қозғыштық қызметін бағалау -
Өткізгіштік қызметін бағалау -
жүректің электірлік өсін бағалау
Шыбық артериясында пальпация әдісімен артериальды пульсті анықтау
Сфигмограмманы талдау
Флебограмманы талдау
Коротков әдісімен қан қысымын анықтау
Гемодинамиканың негізгі параметрлерін есептеу:
-
Орташа динамикалық қысымды -
систолалық қан көлемін -
минуттық қан көлемін