Файл: 12 курс студенттеріне здіксіз педагогикалы практиканы йымдастыру бойынша дістемелік нсаулы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Нәбииева Ж.Ж.

Мухиева Г.С.

-

1-2 курс студенттеріне үздіксіз педагогикалық

практиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық

«Білім» мамандықтарына арналған

Орал -2020

ӘОЖ (072):37.015

Құрастырғандар

Нәбиева Ж.Ж. – магистр, М.Өтемісов атындағы БҚМУ мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушысы

Мухиева Г.С. – магистр, М.Өтемісов атындағы БҚМУ мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушысы

Рецензент:

Кенжебекова Р.С. – п.ғ.к., БҚГА доценті


Нәбиева Ж.Ж., Мухиева Г.С.

1-2 курс студенттеріне үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Білім» мамандықтарына арналған.- Орал: М.Өтемісов ат. БҚМУ БАҚ және Баспа орталығы, 2020.-16б.


Бұл құралда мазмұны, кіріспе, І-ІІ курсқа арналған үздіксіз педагогикалық практиканың бағдарламасы, студент-машықкерлердің құқығы мен міндеттері, оқушы мінездемесінің сұлбасы, жеке жоспар мен студенттердің күнделігінің үлгісі, зерттеуге арналған сауалнамалар, сабақты талдау және сабақтан тыс тәрбиелік шаруалардың сұлбалары қарастырылған.

Сонымен қатар мұнда тәрбиелік іс-шараларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар да келтірілген.

Нәбиева Ж.Ж.,

Мухиева Г.С.2020

М.Өтемісов БҚМУ,2020

Кіріспе
Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай, әлемдік мәдени-білім кеңістігіне ену, өркениеттегі елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірбиелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауы қажет етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орынының тұтас педагогикалық процеспен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және сармандық бірлігін қаматамасыз етеді.


Бұл бағдарлама «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасына» және психологиялық- педагогикалық пәндердің кешенді бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Үздіксіз педагогикалық практика; тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығы, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Үздіксіз педагогикалық практика мына шарттар арқылы өткізіледі:

- мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

- студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

- психологиялық-педагогикалық ғылымдардың және практикаының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

-бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау;

«Қазақстан Республикасның Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына» психологиялық-педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес, студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста үздіксіз педагогикалық практика өткізіледі және мыналарды қамтиды:

  1. 1 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикаы

  2. 2 курс студенттерінің оқу-тәрбиелік практикаы

Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер.

Үздіксіз педагогикалық практиканың мақсаттары.

  • студенттердің мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілігін және тұрақты

қызығушылыққа тәрбиелеу;

- студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;

- студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту;

- мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тексеру;



- тұтас педагогикалық процесті құзыреттілік әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;

- педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылықтың зерттеушілік әдісін дамыту;

- мұғалімнің кәсіби –тұлғалық сапасын қалыптастыру.

Педагогикалық практика бағдарламасы барлық педагогика мамандары үшін бірдей болып табылады.

Осының негізінде әдістемелік ұсыныстар, факульттеттің мамандығына сәйкес педагогикалық практиканы өткізудің бағдарламасы жасалынады.

Үздіксіз педагогикалық практиканың мазмұны

1 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикаы

(2 апта)
1 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикаы «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгеруіне сүйенеді. Студенттің практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми негізі 1 курс студенттерінің меңгерген «Психология» , «Жас ерекшелік психологиясы» жалпы білім беретін циклдік пәндері болып табылады.

Практиканың міндеттері:

  • мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін студенттердің сезіне білуі;

  • болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.

Практиканың мазмұны:

1-2 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикаы 2апта.

Студенттер:

  • білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен танысу

  • мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен танысу

  • мектеп құжаттарымен (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары) танысу

  • әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұхбат, мектеп құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің, сынып жетекшісінің қызметтерімен танысу

  • практика құжаттарын уақытында және сапалы тапсыру

  • оқушыларға педагогикалық-психологиялық мінездеме беру.

Сыныптағы тұтас педагогикалық үрдіске қатысуы:

  • сынып жетекшісінің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптағы тәрбиелік іс-шараларына ат салысу;

  • нақты бір сабаққа пән мұғалімінің дидактикалық материалдарды сұрыптауға қатынасу.

Студенттердің өз бетінше ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін психологиялық-педагогикалық пәндер ойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерімен таныстыру.


1 курс студентінің есептік құжаттары

1. Тапсырмаларды орындау туралы сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің белгісі мен қолы қойылған жеке жоспар. (1-қосымша)

2. Педагогикалық күнделік. (2 қосымша)

3. Оқушыға психологиялық сипаттама.

4. Атқарылған жұмыс туралы есеп (3-қосымша)

Ескертпе: үлгілер қосымшада қоса беріледі.

2 курс студенттерінің оқу-тәрбие практикаы

(2 апта)
2 курс студенттерінің педагогикалық практикаы үшін теориялық базасы олардың меңгерген «Даму психологиясы», «Мектеп педагогикасы» жалпы білім беретін цикл пәндері болып табылады.

Практика міндеттері

  1. Сыныптағы педагогикалық процестің жағдайын ұғынып меңгеру;

  2. Педагогикалық процестің негізгі белгілерін меңгеру үшін қолданылатын психологиялық-диагностикалық әдістердің кешенін меңгеру

  3. Кәсіби құзырлылықты қалыптасыру

  4. Студентердің кәсіби-тұлғалығын өзіндік дамытудың толық бағдарламасының жоспары негізінде өңдеу.

Практиканың мазмұны

1. Зерттеу:

  • нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімнің оқу жоспары, оқу бағдарламасы) танысу

  • пән бойынша оқу кабинеті (техникалық оқу құралдарының, кесте, үлгі, тарапта дидактикалық материалдар, оқулықтар және электронды видео құралдарының болуы);

  • оқу процесінің әр түрлі формадағы жағдайы (сабақ, семинар, дөңгелек үстел, пікірталас және т. б.);

  • сыныптан тыс тәрбие шараларының ұйымдастырылу формасымен танысу;

  • педагогикалық–психологиялық, диагностикалық әдістемені пайдаланып сыныпқа мінездеме беру тәсілдерін меңгеру;

  • пән мұғалімнің сабаққа дидактикалық материалды дайындауына, сыныптан тыс әр түрлі танымдық іс-әрекеттердің өтілуіне, оқушылардың оқу материалдарын меңгеруіне көмек көрсету;

  • оқушылардың жас ерекшеліктері;

  • сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі;

  • сыныптың КҚО - на заманауи білім беру технологияларын енгізу.

2. Қатысуы:

  • пән мұғалімі сабағына дидактикалық материалды дайындауда;

  • сыныптан тыс танымдық іс-әрекеттің әртүрлі формаларын жүргізуде (оқу пәні бойынша);

  • оқушыларға оқу материалын игеру бойынша көмек көрсету;

  • тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие сағаттарын іске асыруда;

  • тәрбие жұмысының жекелеген түрлері мен нысандарын өз бетінше дайындау және жүргізу.


3.Жүзеге асыру:

  • сабаққа жалпы дидактикалық, психологиялық талдау жасау;

  • сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау;

  • кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары.

4. Орындалуы:

Педагогика және психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары және студенттердің оқу ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындау.
2 курс студенттерінің есептік құжаттары

  • Мектеп директоры растаған тапсырмаларды орындау туралы сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің белгісі қойылған жеке жоспар. (1-қосымша)

  • Педагогикалық күнделік. (2 қосымша)

  • Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі.

  • Атқарылған жұмыс туралы есеп. (3-қосымша)

Ескертпе; үлгілер қосымшада қоса беріледі.
Студент-машықкерлердің құқықтары мен міндеттері

Студент-машықкер құқылы:

  • Практика барысында туындайтын барлық сұрақтар бойынша практика әдіскеріне, оқу-тәрбие мекемесінің мұғалімдеріне жүгіну);

  • Әдістемелік көмек алу;

  • Практика өтетін мекеменің барлық оқу-тәрбие жұмысына қатысу;

  • Оқу-тәрбие мекемесінің кабинеттері мен кітапханасында бар оқу-әдістемелік құралдар мен материалдарды пайдалануға;


Практикадан шеттетілген немесе жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылған студент осы семестрдің оқу жоспарын орындамаған болып саналады.

Дәлелді себептермен практикадан өтпеген студентке кафедралардың (факультет деканының) шешімі бойынша оқу сабақтарынан қол үзбей практикадан өту үшін қосымша уақыт тағайындалуы мүмкін.

Студент-практиканттың міндеттері:

1. Кәсіби тұрғыдан дайын болу, оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін моральдық қасиеттерге ие болу.

2. Өз қызметін оқу-тәрбие мекемесінің Жарғысының талаптарына сәйкес ұйымдастыру, ішкі тәртіп ережелеріне бағыну, әкімшілік пен практика жетекшілерінің бұйрықтарын орындау.

3. Практика Бағдарламасында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін уақтылы орындау.

4. Қажетті оқу-әдістемелік (күнделік, жеке жоспар, психологиялық-педагогикалық мінездеме, есеп) құжаттардың болуы және уақтылы ресімделуі.

5. Практика бойынша есепті уақтылы дайындау.

6. Топтық басшыға сынақты ресімдеу үшін сынақ кітапшасын уақтылы ұсыну.