Файл: 12 курс студенттеріне здіксіз педагогикалы практиканы йымдастыру бойынша дістемелік нсаулы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7. Практика кезеңінде осы оқу-тәрбие мекемесініңде практикадан өткен студенттердің бірін староста етіп тағайындайды. Старостаның міндеттеріне студенттердің сабаққа қатысуын есепке алу, топ жұмысын жалпы ұйымдастыру, студенттерді ұжымдық консультациялар мен семинарлар туралы хабардар ету, практика әдіскерінің, мектеп әкімшілігінің, кафедраның тапсырмаларын орындау кіреді.
1-2 курс студенттерінің үздіксіз педагогикалық практикаларын бағалау нормалары
«А» (өте жақсы) деген баға, студент практика барысында пәннің барлық бағдарламалық сұрақтары бойынша өте жақсы білім көрсеткен, сонымен қатар, жоғарыда аталған тапсырмалардың барлығын тапсырған, оқылатын пән бойынша негізгі бағдарлама бойынша теориялық және қолданбалы сұрақтарды оқуда дербестік көрсете білген жағдайда қойылады.

«А-» (өте жақсы) деген баға негізгі заңдар мен үрдісті, ұғымдарды, пәннің теориялық сұрақтарын жалпылауға қабілетін өте жақсы меңгеруін, аудиториялық және дербес жұмыс бойынша аралық тапсырмалардың жиі тапсырылуын болжайды.

«B+» бағасы – оқу-тәрбие жұмысының белгіленген бағдарламасын толық орындаған, оқытылған психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша білімге сүйенген, шығармашылықпен жұмыс істеген, бастама көтерген, педагогикалық әдепті сақтаған, жоспарланған нәтиже алған, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің тапсырмаларын «өте жақсы» деген бағаға орындаған студентке қойылады. Бірақ құжаттама уақытында тапсырылса да, дәл рәсімделмеген.

«B» бағасы-оқу-тәрбие жұмысының белгіленген бағдарламасын толық орындаған, педагогикалық әдепті сақтаған, жоспарланған нәтижеге қол жеткізген, пән мұғалімі немесе сынып жетекшісі тапсырмаларының бірін «өте жақсы», екіншісін «жақсы» орындаған студентке қойылады, дегенмен құжаттама уақытында тапсырылып, ұқыпты және толық көлемде орындалуы тиіс.

«В-» бағасы – оқу-тәрбие жұмысының белгіленген бағдарламасын толық орындаған, педагогикалық әдепті сақтаған, жоспарланған нәтиже алған, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің тапсырмаларын «жақсы» орындаған, бірақ құжаттаманы уақытында тапсырып, ұқыпты орындаған студентке қойылады.

«C+» (қанағаттанарлық) деген баға студентке,егер ол практика кезінде және сынып жетекшінің барлық тапсырмалары бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие,пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген,практика кезіндегі тапсырмаларды «жақсы» және «қанағаттанарлық»бағаға тапсырған жағдайда қойылады.


«С» (қанағаттанарлық) деген баға студентке,егер ол практика кезінде және сынып жетекшінің тапсырмаларының барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие,пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген,семестрлік тапсырмаларды «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.

«С-» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол практика кезінде және сынып жетекшінің тапсырмаларының барлық түрлері бойынша жалпы мағлұматтандырылған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D+» деген баға студентке,егер ол практика кезінде және сынып жетекшінің тапсырмаларының барлық түрлері бойынша семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D» деген баға студентке, егер ол практика құжаттарын, тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және құжаттарында өрескел қателіктер болған жағдайда, сондай-ақ, практика кезінде мектепке бармай сабақтар босатқан жағдайда қойылады.

«FХ» (қанағаттанарлықсыз) деген баға студент,егер ол практика құжаттарын, тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және құжаттарында өрескел қателіктер болған жағдайда және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтарға жиі қатыспайтын және уақытында сынып жетекшісі берген тапсырмаларды тапсырмайтын жағдайда қойылады.

«F» (қанағаттанарлықсыз) деген баға студент, практикадан өтпеген жағдайда мектепке бармаған жағдайда және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтардың жартысынан көп қалатын практика құжаттарын, тапсырмаларды тапсырмаған ұсынбаған жағдайда қойылады.

Балл жүйесінде қойылған қорытынды баға (ҚБ)

Баллдың сандық баламасы (С)

Баллдың әріптік баламасы (Ә)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау (Д)

95-100

4,0

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

65-69

2,0

С

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

25-49

0,5



Қанағаттанарлықсыз

0-24

0

F




Қосымша 1


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

университеті

Студент-практиканттың жеке жоспары

ТАӘ ___________________________________________________________

Мамандығы ____________________________________________________

Тобы__________________________________________________________

Мектеп №______________________________________________________

Мектептің екен жайы ___________________________________________

Пән мұғалімі: ___________________________________________________

Сынып жетекшісі: ______________________________________________

Әдіскер: _______________________________________________________

Орал – 2020

Күні

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің мазмұны

Орындалу жөнінде белгі

Мұғалімнің қолы

І апта


1

1-ші күн.

1. Мектептің әкімшілігімен кездесу, мектеп ұжымымен танысу.

2. Сыныптарға бөлу.

3. Сынып жетекшісімен және пән мұғалімімен танысу.







2

2-ші күн.

Сабақ кестесімен танысу.

Сабақтарға қатысу.

Сынып журналының құрылымымен танысу







3

3-ші күн.

Сабаққа қатысу.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының құрылымы мен мазмұнын зерттеу.

Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің тапсырмасын алу.







4

4-ші күн.

Сабаққа қатысу.

Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын зерделеу.







5

5-ші күн.

Сабаққа қатысу.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарын зерделеу.







ІІ апта

1

1-ші күн.

Сабаққа қатысу.

Мұғалімнің күнтізбелік жоспарын зерттеу.

Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің тапсырмасын алу.







2

2-ші күн.

Сабаққа қатысу.

Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайымен танысу.







3

3-ші күн.

Сабаққа қатысу.

«Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портретін» құрастыру..







4

4-ші күн.

Сабаққа қатысу.

Оқушының жеке басының психологиялық сипаттамаларын құрастыру.

Пән мұғалімінің тапсырмасын орындау.







5

5-ші күн.

Сабаққа қатысу.

Сынып жетекшісінің тапсырмасын орындау.

Есеп құжаттарын дайындау.









Қосымша 2
Практика күнделігі
Практика кезінде студенттер педагогикалық күнделік жүргізеді, онда оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау нәтижелері, практика бағдарламасы мен жеке жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалғандығы жазылады, оның ішінде бір оқушыға және сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық сипаттамаларды жасау бойынша қажетті деректер көрсетіледі.

Педагогикалық күнделік жасау кезінде келесі құрылым ескеріледі:

- алғы (титулдық) бет;

- студенттің практикадан өткен мекеменің мекен-жайы;

- директордың, оқу ісі меңгерушісінің, пәннің, сынып жетекшісінің Т.А.Ә.;

- студент бекітілген маманның жұмыс кестесі;

- топ балаларының тізімі (аты-жөні);

- сабақ кестесі;

- үзіліс кестесі;

- өткізілген және қатысқан сабақтардың мазмұны мен талдауының күнделікті жазбалары.
Алғы (титулдық) бетті рәсімдеу үлгісі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Педагогика факультеті

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы
Күнделік
практикадан өту «________»
_____курс, ________ топ студенті

(Аты-ЖӨНІ)_________________________________________

6В010100 «___________________________________» мамандығы бойынша

практика кезеңі ________ж. бастап ________ж. дейін

Тәжірибе бойынша әдіскер: ___________________________ (аты-жөні)

Сынып жетекшісі: ___________________________ (аты-жөні)

Күнделіктің құрылымы:



Айы, күні

Оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны

Сынып қызметін талдау

Бақылау

(оқушы үшін)

Сабақ педагогының қолы


















_____________________________________________________________________

Күнделікте студент-практиканттың күнделікті қызметі, оның талдауы, тұжырымдары, ойлары жазылады. Студент өз жұмысының кестесін бекітілген мұғаліммен келіседі

Қосымша 3


ЕСЕП

____________________________________________практикадан өткендігі жөнінде
___________________ оқыту форасы, ___ курс студенті
Мамандығы ________________________________________________
Тобы ________________________ студенттің ТАӘ


Оқушыға берілетін психологиялық- педагогикалық мінездеменің үлгі- схемасы

Оқушы туралы жалпы мәлімет:аты-жөні, тегі, класы, жасы. Денсаулығы, жанұя құрамы. Жанұяның балаға, оның оқуына, оқу міндеттеріне, мектепке, мұғалімдерге көз-қарасымен қарым- қатынасы. Үйдегі міндетті еңбек қызметінің түрлері.


Күн тәртібі. Темпераментті, жоғарғы жүйке қызметінің сипаты/ күші, тепе- теңдігі, қозғалмалығы, темперамент қасиеттері.../.

Оқу қызметіне деген көзқарасы: жеке, оқу пәндерінен оқу үлгерімі және оларға қызығушылығы. Жалпы оқу жұмыстарына саналы көзқарас дәрежесі. Оқу материалын түсініп меңгеруі. Кітаппен жұмыс істеуі өз ой-пікірін айта білуі. Егер оқушының сабақ үлгерімі төмен болса оның себептері.

Еңбекке көзқарасымен қатынасы:теориялық білімдерін практикада қолдана білуі. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатынасы.

Сынып ұжымн зерттеудің үлгісі
1.Оқушылар ұжымы туралы жалпы мәлімет.

  • Сынып қашан қалыптасиы, оқушылардың саны, олардың нешеуі ұл, нешеуі қыз, оқу үлгерімдеріне қарай оқушыларды бөлу т.б.).

2.Сынып ұжымының іскерлік (формалдық) құрылымна сипаттама.

  • Сынып оқушыларының ұйымшылдығы мен бірлігі(ұжымда қоғамдық пікірдің болуы, өзара талап пен көмек көрсете білуі, сынып дәстүрі).

  • Сынып белсенділері (белсенділердің жауапкершілігі мен инциативасы, өзара бақылауды ұйымдастыра алуы).

3.Сынып ұжымының жекелік құрылымына сипаттама:

  • Сыныпта сайланбаған көшбасшылардың болуы, олардың сыныпқа немесе жеке оқушыға әсері, «шеттетәлгендердің» болуы, олардың шеттетілуінің себептері, сыныпта ұнамсыз сипаттарға қарай бөлек топтардың болуы, олардың іс-әректтерінің бағыттары, сыныпта іске, ықыласына қарац оқушылардың топқа бірігуінің негізі , олардың сыныпшараларына қызығушылықтары мен араласу деңгейі, ұлдар мен қыздардың қарым-қатынасы, сынып оқушыларының өзара достығы мен жолдастықтың пайда болуы, оқушылар өз сыныбының табыстарына қуанып, сәтсіздіктеріне ренжиме және т.б.)



4.Сыныптың ұжымдық іс-әрекетінің мазмұны:

  • Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеті( жеке пәндер бойынша оқушылардың оқу үлгеріміне жалпы сипаттама, оқу іс-әрекетіеде өзара көмектің ұйымдастырылуы, сабақтағы тәртіп пен үйтапсырмасын өз беттерімен орндау деңгейлері жәре т.б.)

5.Сыныптағы қоғамдық пікір: