Файл: sillabus МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА.doc
ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Рабочая программа
Дисциплина: Биология
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 20581
Скачиваний: 202
Құрастырушы: И.К.Нүрпеисова
№ 14 сабақ
1. Тақырыбы: Медициналық-генетикалық кеңес (МГК)
2. Мақсаты: Студенттерде тұқымқуалайтын патологиясы бар аурулар мен оның жанұясына арнайы медико - профилактикалық көмек көрсету ретінде медико-генетикалық кеңес жайлы білімді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
- медико-генетикалық кеңестің (МГК) заманауи медицинада және денсаулық сақтауда алатын орнын, маңызы мен мәнін ашу;
- студенттерді медико-генетикалық кеңестің негізгі мақсаты мен міндеттерін таныстыру;
- МГК әрбір этапының маңыздылығы мен мәнін ашу;
- студенттерге МГК психологиялық аспектілеріне көңіл аударту;
- студенттерді МГК заңдылық жағына көңіл аударту;
- студенттерді тұқым қуалайтын патологияға күмәнданғанда немесе нақты диагноз қойылған жағдайда уақтылы байқап медико-генетикалық кеңеске жіберудің рөліне көңіл аудару;
- тұқым қуалайтын ауруға диагноз қоюда қолданылатын пренатальды (туғанға дейін) зерттеу әдісінің маңызы мен мәнін ашу;
- генетикалық бұзылыстарды алдын алудағы преимплантациялық диагностиканың мәні мен маңызын ашу;
- студенттерде тұқым қуалайтын патологиядан халықтың өлімі мен аурудың тұқым қуалауын төмендетуде барлық мамандықтағы дәрігерлердің рөлі туралы түсініктер қалыптастыру, генетикалық қауіптілікті есептеудің әдістерін білу;
- студенттерді МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптерімен таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4. 1. Тұқым қуалайтын патологиялардың алдын-алу. Бірінші және екінші реттік алдын-алу.
4. 2. МГК – тұқым қуалайтын патологияны ерте алдын алудың негізі. Ретроспективті және
проспективті кенес.
4. 3. МГК жүргізу көрсеткіштері. МГК кезеңдері.
4.4. Генетикалық болжам. Генетикалық қауіптілікті есептеудің тәсілдері:
а) АД-типті тұқым қуалайтын ауруларды
б) АР-типті тұқым қуалайтын ауруларды
в) Х-тіркес доминантты типті тұқым қуалайтын ауруларды
г) Х-тіркес рецессивті типті тұқым қуалайтын ауруларды
д) хромосомдық синдромдарды.
4.5. Пренаталды диагностика. Инвазивті және инвазивті емес әдістері.
4.6. Предимплантациялық диагностика.
4.7. МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптері ( 95 - бап, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы», ҚР Кодексі, 2009 жыл).
5. Оқыту әдістері: топпен жұмыс жасау, әңгімелесу
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
6.1. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. М., 2001, 1 т., б. 274-276.
6.2. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М., 2006, б. 411-451.
6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006., б. 569-591.
6.4. Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004, б. 169-178.
6.5. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). А., 2009, б. 199-201.
Қосымша:
6.6. Мутовин Г.Р. Основы клинической генетики. М., 2001, б. 211-224.
6.7. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010, с. 203-205
-
Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша -қазақша сөздігі. Алматы, 2012, 112б.
7. Бақылау:
7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.
7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
7.1.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.
7.2. Құзыреттілікті бағалау – тәжирбиелік дағды.
-
Жанұяның шежіресін құруда қолданылатын негізгі терминдерді атап өту және сипаттау.
-
Генетикалық қауіпке анықтама беру және оның теориялық, эмпирикалық қауіпті есептеудегі маңызын сипаттау.
-
Медико генетикалық кеңесті қажет ететін көрсеткіштерді атап өту және түсіндіру.
-
Медико-генетикалық кеңестің түрлері (проспективті және ретроспективті) және олардың айырмашылығы мен маңызын сипаттау.
7.3. Құзыреттілікті бағалау – құқықтық құзіреттілік.
7.2.1. МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптері ( 95 - бап, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы», ҚР Кодексі, 2009 жыл).
7.3.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.
7.4. Бақылау сұрақтары:
7.4.1. Медико-генетикалық кеңестің мәні.
7.4.2. Медико-генетикалық кеңестің реті және этаптары.
7.4.3. МГК өткізудің психологиялық, құқықтық аспектілері.
7.4.4. Тұқым қуалайтын аурулардың алды-алудағы жалпы практика дәрігерлердің және мамандық дәрігерлердің рөлі.
Тақырып бойынша үш тілде түсініктеме сөздер:
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Ағылшын тілінде |
Медико – генетикалық кеңес – тұқым қуалайтын және туа біткен ауру балалардың туылуын алдын алу мақсатымен генетикалық ауруы бар науқастарға және олардың отбасы мүшелеріне көрсететін медициналық көмектің арнайы түрі |
Консультирование медико – генетическое – специализированный вид медицинской помощи, оказываемый больным с генетической патологией и членам их семей, имеющий целью предупреждение рождения детей с наследственной и врожденной патологией |
Genetic counseling - specialized type of medical care to patients and their relatives with genetic pathology aiming to prevent birth of children with inherited or congenital disorder |
Генетикалық қауіп – отбасында баланың тұқым қуалайтын аурумен (хромосомалық, моногендік не полигендік) туылу мүмкіндігі |
Генетический риск – вероятность рождения в семье ребенка с генетической патологией (хромосомной, моногенной или полигенной) |
Genetic risk – possibility of birth with a genetic pathology |
|
|
Theoretical – possibility of monogenic diseases recurrence which is inherited by Mendel's theories |
|
|
Empirical - possibility of rebirth with a genetic pathology which is not inherited by Mendel's theories |
Құрастырған: С.Қ.Әлмұхамбетова
№ 15 сабақ
1. Тақырыбы: «Медициналық генетика негіздері» тарау бойынша аралық бақылау
1. Мақсаты: Медициналық (клиникалық) генетикадан студенттердің алған білімдері мен түсініктерін, заманауи медицина мен денсаулық сақтаудағы медициналақ генетиканың ролі мен маңызын анықтау.дәріс материалдары мен практикалық сабақтарда медициналық генетика бойынша алған түсініктері мен білім деңгейлерін анықтау.
2. Оқыту мақсаттары:
- медициналық генетиканың мақсаты, міндеттері, ролі және оның заманауи медицинадағы және денсаулық сақтаудағы маңызу туралы студенттердің білімін анықтау
- студенттердің өткен материал бойынша жеке бөлімдер бойынша білім деңгейін анықтау
- студенттерді тұқым қуалайтын ауруларды тани білуге үйрету
- ауру адамдарды және олардың туыстарын дер кезінде анықтау және медико – генетикалық кеңеске жіберудің негізгі міндеттерін студенттер бойында қалыптастыру
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Адамның тұқымқуалайтын ауруларының анықтамасы және олардың жіктелуі.
-
Хромосомалық аурулардың жіктелуі.
-
Аутосомалық синдромдар.
-
Гоносомдық синдромдар.
-
Гендік (нүктелік) мутациялардың пайда болу механизмдері
-
Моногендік аурулардың даму механизмдері
-
Гендік аурулар және олардың жіктелуі.
-
Менделдік моногенді аурулар
-
Менделдік емес моногенді аурулар
-
Моногенді аурулардың клиникалық белгілері
-
Полигендік (мультифакторлық) аурулар, көрініс беру ерекшеліктері, жіктелуі.
-
Полигендік аурулардың даму механизмдері.
-
Генетикалық маркерлердің мультифакторлық аурулармен ассоциациясы.
-
Полигендік ауруларды зерттеудің негізгі әдістері.
-
Клинико-генеалогиялық әдіс. Шежіре құрастыру, генеалогиялық анализ.
-
Цитогенетикалық әдістер: кариотиптеу, хромосомаларды дифференциалды бояу әдісі.
-
Зат алмасудың бұзылуынан болатын моногенді ауруларды диагностикалау принциптері, биохимиялық зерттеу әдістері
-
Молекулалық-генетикалық әдістері. ДНҚ-диагностика. ДНҚ-диагностиканың тікелей және жанама әдістері.
-
Тұқым қуалау патологияны алдын-алу. Бірінші және екінші реттік алдын-алу.
-
МГК – тұқым қуалайтын патологияны ерте алдын алудың негізі. Ретроспективті және проспективті (болашағы) кенес.
-
МГК жүргізу көрсеткіштері. МГК кезеңдері.
-
Генетикалық болжам. Генетикалық қауіптілікті есептеудің әдістері:
АД-типті тұқым қуалайтын ауруларды
АР-типті тұқым қуалайтын ауруларды
Х-тіркес доминантты типті тұқым қуалайтын ауруларды
Х-тіркес рецессивті типті тұқым қуалайтын ауруларды
хромосомдық синдромдарды.
-
Пренаталды диагностика. Инвазивті және инвазивті емес әдістері.
-
Преимплантациялық диагностика.
-
МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптері (статья № 95, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы», 2009 жыл Қазақстан Республикиасының Кодексі)
-
Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алудың негізгі әдістері. Генетикалық скрининг: жаппай, таңдамалы. Жүргізу шарттары.
-
Периконцепциялық алдын-алу, оның мақсаты және негізгі қағидалары.
-
Тұқым қуалау патологияның биоэтикалық проблемалары.
-
Предиктивная медицина, определение и цели.
-
Геном человека, его особенности.
-
Гены предрасположенности, их тестирование.
-
Генетический паспорт и генетическая карта репродуктивного здоровья.
-
Перспективы предиктивной медицины.
-
Генетикалық паспорт – ДНҚ-ның өзіндік базасы
-
Генетикалық паспорт предиктивті медицинаның негізі.
-
Генетикалық тест үшін қажетті ауру мен патологияның көрінісі
-
Биочипті қолданудағы негізгі технологиялар.
-
Биологиялық биочиптің жұмыс істеу принциптері.
-
Адамның ауруларын зерттеудегі биочиптің маңызы.
-
Нанобиочип медицина болашағының негізі.
-
Бағаналы жасушалар, анықтамасы, қасиеті.
-
Адамның ауруларын емдеудегі бағаналы жасушаларды қолданылуы.
-
Бағаналы жасушалар және гендік терапия
-
Бағаналы жасушаларды қолдану тетіктері, оны медицинада болашақта қолдануы және проблемасы.
-
Муковисцидоздың этиологиясы және патогенезі.
-
Клиникалық көрінісі.
-
Адамның митохондриалық геномы.
-
Аналық жыныстың цитоплазмалық эффектісі.
-
мт-ДНҚ мутациясының клиникалық көрінісі.
-
Геномдық импритинг ауруларының тұқым қуалау ерекшеліктері
-
Геномдық импритинг ауруларының пайда болу себебі мен даму механизмдері.
-
Геномдық импритинг ауруларының клиникалық - генетикалық сипаттамалары (Прадер-Вилли, Энгельман).
-
Геномдық импритинг ауруларының алдын- алу шаралары және диагноз қою.
-
Үшнуклеотидтік қайталанулар экспансиясы ауруларының тұқым қуалау ерекшеліктері
-
Үшнуклеотидтік қайталанулар экспансиясы ауруларының себебі мен даму механизмдері.
-
Үшнуклеотидтік қайталанулар экспансиясы ауруларының клиникалық - генетикалық сипаттамалары (Гентингтон хореясы, Куршман – Штейнер - Баттенттің митониялық дистрофиясы, Мартин - Белл синдромы немесе сынғыш Х-хромосома синдромы. ).
-
Үшнуклеотидтік қайталанулар экспансиясы ауруларының алдын- алу шаралары және диагноз қою.
-
Приондардың молекулалық және жасушалық биологиясы.
-
Приондық аурулардың генетикасы.
-
Приондық аурулардың пайда болуына алып келетін мутациялар.
-
Приондық аурулардың қазіргі заманғы жіктелуі.
-
Адамның приондық аурулары (Кройтцфельд – Якоб ауруы, фатальды жанұялық ұйқысыздық, Куру ауруы, Герстманн – Штройслер – Шейнкер синдромы).
-
Тұқым қуалайтын гемоглобинопатиялар және олардың себептері.
-
Гемоглобинопатиялардың жіктелуі.
-
Гемоглобинопатияларға диагноз қою және емдеу.
-
Кең таралған генетикалық аурулардың сипаттамалары және таралу жиілігі
-
Кең таралған аурулардың генетикалық механизмдерін
-
Кең таралған генетикалық аурулардың түрлері
-
Аурулардың клиникалық көрінісі, диагностикасы және алдын-алу
-
Тұқым қуалайтын ауруларға жалпы сипаттама, жіктелуі.
-
Тұқым қуалайтын ауруларға диагноз қою және алдын –алу әдістері.
-
Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу принцптері.
5. Оқыту және білім беру әдістері: үйлесімді (комбининациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, ситуациялық есептерді шығару).
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Айала Ф., Кайгер Дж. Современная генетика. М., 1988.
-
Албертс Б. и др. Молекулярная биология клетки. М., 1994.
-
Бочков Н.П. Клиническая генетика. М., 2004.
-
Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А.. М., 2004.
-
Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006.
-
Гинтер Е.К. Медицинская генетика М., 2003.
-
Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции. М. 1989.
-
Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2003.
-
Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.
-
Фаллер Д.М., Деннис Шилдс. Молекулярная биология клетки. М., 2006.
-
Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А., 2006.
-
Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002.
-
Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006.
-
Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004.
Қосымша:
6.15. Мутовин Г.Р. Основы клинической генетики. М., 2001, б. 211-224.
6.16. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.
-
Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша -қазақша сөздігі. Алматы 2012.
7. Бақылау:
7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.
7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
7.1.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 2 нұска.
7.2. Құзыреттілікті бағалау – практикалық дағды.
7.2.1. Ситуациялық есептерді шығару (Қуандықов Е.Ө. ред. оқу құралы, 201-202 б., № 15 – 25 есептер).
1. Адамда кездесетін трисомияның негізгі типтерін атап өту және олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру
2. Гоносомдық синдромдардың негізгі типтерін атап өту және олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру
3. Даун синдромына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру және кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау
-
Патау синдромына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау
-
Эдварс синдромына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау
-
Шерешевский-Тернер синдромына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау
-
Кляйнфельтер синдромына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау
-
Тұқым қуалайтын ауруларға диагноз қоюдың негізгі әдістерін атап өту және оларды сипаттау
-
Клинико-генеалогиялық әдістің сипаттамасы, олардың кезеңдері және аурудың тұқым қуалау типін анықтаудағы маңызы
-
ДНҚ-ның тікелей және жанама диагностикалау әдісін сипаттау және олардың тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалаудағы маңызы
-
Тұқым қуалайтын ауруларды пренатальды диагностикалаудың инвазивті әдістері және олардың сипаттамасы
-
Жанұяның шежіресін құруда қолданылатын негізгі терминдерді атап өту және сипаттау
-
Генетикалық қауіпке анықтама беру және оның теориялық, эмпирикалық қауіпті есептеудегі маңызын сипаттау
-
Тұқым қуалайтын аурулардың негізгі алдын-алу әдістерін атап өту және сипаттау
-
Генетикалық скрингтың мәнін, клиникалық маңызын сипаттау. Жаппай және таңдамалы скринг жүргізу көрсеткіштері
-
Әкесі мен анасы сау, екі баласы ауру, әкесі жағынан апайы мен атасы ауру жанұяның шежіресін құрастыру, шежіренің барлық мүшелерінің генотипін, тұқым қуалау типін анықтау және ауру баланың туылуының генетикалық қаупін есептеу. Геннің пенетрантылығы – 80%. Барлық аурулар мутантты ген бойынша гетерозиготалы
-
Ата – анасы сау, қандас туыстық некеде тұрады (ағайынды сибстар). Бірінші жүктілік өздігінен тұсікпен аяқталды, екінші жүктілікте өлі туылды (жынысы белгісіз), үшінші жүктілікте ауру қыз туылды. Жанұяның шежіресін құрастырып, шежіренің барлық мүшелерінің генотипін, тұқым қуалау типін анықтау және ауру баланың туылуының генетикалық қаупін есептеу. .
-
Ата – анасы сау, қыздары сау мутантты генді тасымалдаушы, екі ұлдары ауру. Жанұяның шежіресін құрастырып, шежіренің барлық мүшелерінің генотиптерін, аурудың тұқым қуалау типін және жанұяда ауру баланың туылуының генетикалық қаупін есептеңіздер.
-
Әкесі сау, анасы ауру отбасында, екі балалары: қызы және ұлы сау, екі балалары қызы және ұлы ауру. Мутантты ген Х хромасомасында орналасқан. Жанұяның шежіресін құрастырып, шежіренің барлық мүшелерінің генотиптерін, аурудың тұқым қуалау типін және жанұяда ауру баланың туылуының генетикалық қаупін есептеңіздер.
-
Ата – анасы сау, қандас туыстық некеде тұрады (ағайы мен жиені). Балалары: ұлы және қызы ауру. Жанұяның шежіресін құрастырып, шежіре мүшелерінің генотиптерін, аурудың тұқым қуалау типін және жанұяда ауру баланың туылуының генетикалық қаупін есептеңіздер.
-
Отбасының шежіресін құрастырыңыз: ата-анасының қан топтары АВО жүйесі бойынша ІІ және ІІІ (анасы гомозигота, әкесі гетерозигота). Балаларының генотиптерін және қан топтарын, эритроциттеріндегі антигендер типін, барлық шежіре мүшелерінің қан сары суындағы антиденелерін анықтаңыз.
-
Отбасының шежіресін құрастырыңыз: ата-анасы қан топтары АВО жүйесі бойынша І және ІV. Ата - анасының генотиптерін, балаларының генотиптерін және қан топтарын, эритроциттеріндегі антигендер типін, барлық шежіре мүшелерінің қан сары суындағы антиденелерін анықтаңыз.
-
Әкесі - сау, анасы - ауру және гетерозиготалы, қызы сау, ұлы ауру отбасының шежіресін құрастырып, шежіредегі отбасы мүшелерінің генотипін, арудың тұқым қуалау типін және жанұяда ауру баланың туылу қаупін анықтаңыз. Мутантты геннің пенетранттылығы– 30%.
7.3. Құзыреттілікті бағалау – коммуникативтік дағды.
7.2.1. Әңгемелесу барысында материалды дұрыс жеткізу және топпен жұмыс істей білу.
Құрастырған: Ә.Қ.Қыдырбаева
№ 16 сабақ
1. Тақырыбы: Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері
2. Мақсаты: Студенттерде молекулалық биологияның заманауи медицинадағы ролі, нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметінің ашылуы негізінде тұқым қуалайтын аурулардың себебін, даму механизмдерін анықтаудағы молекулалық биология жетістіктерінің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
3.Оқытудың міндеттері:
- тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуы және тасымалдануы, сақталуы барысында молекулалық негіздерін және ДНҚ рөлі жайында студенттердің түсінігін қалыптастыру;
- студенттерді молекулалық биологияның негізгі терминдері мен ұғымдарымен таныстыру
- нуклеин қышқылдарының (ДНҚ, РНҚ) құрылымды-функциональдық айырмашылығын
түсінуге және білімді қалыптастыру
- тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асуындағы нуклеин қышқылдарының рөлін ашу.
- заманауи клиникалық медицинадағы молекулалық биологияның маңызын ашу
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4.1. Молекулалық биология пәні және міндеттері.
4.2. ДНҚ, РНҚ. Нуклеин қышқылдары, түрлері, қызметтері, химиялық құрамы.
4.3. Ауруларға диагноз қоюда емдеу мен алдын-алудағы ДНҚ талдаудың маңызы мен рөлі.
5. Оқытудың әдістері: үйлесімді (комбинациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, кесте толтыру, сызба сызу).
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006, 3-10, 49-52б.
-
Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2003, 9-30 , 107-110 б.
-
Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология.М.,2003, 2-3, 6-8 ,117-125 б.
-
Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы, 2007, 4-12 б.
-
Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002, 3-
28, 68-82 б.
-
Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А.,
2004, 7-19, 29-43 б.
-
Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А.,
2006, 3-28 б.
-
Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А.2006, 3-17 б.
-
Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е.. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы), А., 2008, 3-11 б.
Қосымша:
-
Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003, 11-14 б.
-
Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика. М., 2003, 7-11 б.
6.12. Албертс и др. Молекулярная биология клетки. Т.1. М., 1994, 3-15 б.
-
Спирин А.С. Молекулярная биология. М., 1990, 5-9 б.
6.14. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша – қазақша сөздігі. Алматы-2012. 3, 71-72.
7. Бақылау:
7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.
7.1.1. Тесттік бақылау – 3 нұсқа 10 сұрақтан .
7.1.2. Ауызша сұрау
7.2. Құзыреттілікті бағалау – тәжірибелік.