Файл: sillabus МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА.doc
ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Рабочая программа
Дисциплина: Биология
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 20587
Скачиваний: 202
...ГГТ АЦА ЦТЦ ААГ ГТА...
Егер химиялық жолмен ДНҚ молекуласының 6 нуклеотиді алынып тасталатын болса, жауап қалай өзгереді?
7.1.9. «Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуы: Транскрипция, трансляция» тақырыбына кесте толтырыңыз:
Транскрипция |
Трансляция |
Не қажет? |
|
1. 2. 3 |
1. 2. 3. 4. 5. 6. |
Қайда жүреді? |
|
|
|
Нәтижесінде түзілетін өнім? |
|
|
|
7.2. Құзыреттілікті бағалау – тәжірибелік дағды.
7.2.1. Геннің трансляция үдерісін сызу және түсіндіру
7.3. Бақылау сұрақтары:
-
Трансляцияның биологиялық және генетикалық маңызы неде?
-
Про- және эукариоттар трансляциясының ерекшеліктері.
-
Трансляция процесінде рибосоманың, т-РНҚ-ның рөлі қандай?
-
Трансляция қателерінің пайда болу механизмдерінің себебі неде және олардың медицинада маңызы қандай?
Тақырып бойынша үш тілде түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Ағылшын тілінде |
трансляция - процесс биосинтеза белка, характеризующийся переводом наследственной информации, записанной в виде последовательности триплетов в и-РНК в аминокислотную последовательность полипептидной цепи(белка) |
Трансляция- а-РНҚда триплеттер қатары түрінде жазылған тұқым қуалайтын ақпараттың амиқышқылдар қатарынан тұратын полипептидтік тізбекке аударылуымен сипатталатын нәруыз биосинтезі үдерісі |
translation - the process of protein synthesis, characterized by transfer of genetic information recorded in the form of a sequence of triplets and RNA in amino acid sequence of a polypeptide chain (protein) |
Аминоацил-т-РНҚ-синтетаза – нәруыз биосинтезі үрдісінде аминқышқылды өзіне сәйкес тасымалдаушы РНҚ-мен байланыстыратын фермент |
Аминоацил-т-РНК-синтетаза – фермент, связывающий аминокислоту с соответствующей ей транспортной РНК в процессе биосинтеза белка |
Aminoacyl-t-RNA synthetase - an enzyme, amino acid, binding to its corresponding RNA transport during protein biosynthesis |
Құрастырушы: М.Ж.Жұмағұл
№ 20 сабақ
1. Тақырыбы: Прокариоттар гендері экспрессиясының реттелуі
2. Мақсаты: студенттерде гендер экспрессиясының мәні, прокариот гендер белсенділігінің реттелуінің молекулалық механизмдері жайлы білімін қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
- студенттерде гендер белсенділігінің реттелуінің мәні жайлы түсінігін және білімін қалыптастыру;
- гендер белсенділігінің реттелуінің молекулалық механизмін білу;
- прокариот гендер белсенділігінің ерекшелігін білу;
- оперон моделі түсінігін қалыптастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4.1. Гендер белсенділігінің реттелуі, анықтамасы, маңызы, тірі ағзалардың (жасуша) тіршілігіндегі мәні.
4.2. Прокариот гендер белсенділігінің реттелуінің оперондық моделі.
4.3. Гендер белсенділігінің реттелуінің типтері (негативті және позитивті, репрессибелді.).
5. Оқыту әдістері: үйлесімді (комбинациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, кестелер толтыру, сызбалар сызу, есептер шығару).
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
6.1 Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы, 2007.
6.2. Албертс и др. Молекулярная биология клетки. Т.2,М., 1986, 1994.
6.3 Генетика. Под ред. Иванова В. И..М.,2006.
6.4 Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2006.
6.5 Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л..Молекулярная биология. М., 2003.
6.6 Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А., 2006, б. 47-60.
6.7. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002, б. 71-82.
6.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 62-67.
6.9 Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004, б. 44-54
Қосымша:
6.1. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005, с.243-295.
6.2. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2012.
7. Бақылау:
7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.
7.1.2. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау .
7.1.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 2 нұсқа.
7.1.3. Сызбанұсқалардың суреттерін салу:
- оперонның моделі (Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері.б. 85, сурет 43, бірінші қатары);
7.1.5. Есеп шығару. РНҚ полиперазаның танитын сайты- ТАТААТ, -35 жүйелік ТТ ГАЦ А,
репрессор – белогінің оперондағы танитын сайты (оператор)-АТТТТАТ, құрылымдық гендер ТАЦ кодондарымен басталып АТЦ кодондарымен аяқталады. Гендер аралығында спейсерлік ТТТТ бөліктер орналасқан.
а)осы ақпаратты пайдалана отырып, 3 құрылымдық геннен тұратын Lac–оперонының моделін құрастырыңыз :
құрылымдық ген Z- 5 кодоннан тұрады, құрылымдық гендер Y және A - 4 кодоннан тұрады.
б) транскрипция жүргізіңіз, қанша а –РНҚ түзіледі?
в) трансляция жүргізіңіз, ДНҚ-ң осы бөлігінде қанша белок кодталған? Олардың құрамын анықтаңыз.
7.2. Құзыреттілікті бағалау – практикалық дағды.
7.2.1. Гендер экспрессиясы механизмдері сызбасын салу және түсіндіру:
- Триптофан опероның құрамына кіретін элементтерін және оның типі мен белсенділігін анықтаңыз.
8. Бақылау сұрақтары:
8.1. Гендер белсенділігінің реттелуінің маңызы неде?
8.2. Оперонның құрамына қандай структуралық элементтер кіреді?
Тақырып бойынша үш тілде түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Ағылшын тілінде |
- үй шаруашылығы- ағзадағы жасушалардың тіршілігін (жұмысын) қамтамысыз ететін ұдайы белсенді гендер; |
-домашнего хозяйства - постоянно активные гены, обеспечивающие жизнедеятельность (функционирование) клетки организма |
-household - always active genes providing vital functions (operation), the cells of the body |
- реттеуші- басқа (аллельді емес) гендердің белсенділігіне (экспрессиясына) әсер ететін реттеуші гендер |
- регуляторы - регуляторные гены, влияющие на активность (экспрессию) других неаллельных генов |
- Regulators - regulatory genes affecting the activity (expression) of other non-allelic genes |
- баяндамашы (репортерлер) – басқа гендердің реттеуші бөліктерінің қызметін анықтауға пайдаланылатын гендер; |
- репортеры - гены, используемые для выяснения функций регуляторных участков других генов |
- Reporters - genes used to determine the functions of the regulatory regions of other genes |
- репрессорлар- индуктор, оператор немесе құрылымдық гендердің соңғы өнімдерімен әрекеттесу арқылы оперон құрамындағы бірнеше құрылымдық гендердің белсенділігін (транскрипциясын) бақылайтын реттеуші гендер
|
- репрессоры- регуляторные гены , контролирующие активность (транскрипцию) нескольких структурных генов в составе оперона путем взаимодействия с индуктором, оператором или конечным продуктом синтеза структурных генов |
- Repressors, regulatory genes controlling the activity (transcription) of some of the structural genes in the operon by interaction with an inducer, an operator or end product of the synthesis of structural genes |
Құрастырушы: М.Ж.Жумагул
№ 21 сабақ
1. Тақырыбы: Жасушаның генетикалық аппараты
2. Мақсаты: студенттерде жасушаның генетикалық материалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы туралы білімді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
- ағзалар тіршілік әрекетінің негізі ретінде жасушаның генетикалық материалының рөлін
оқыту;
- ядро мен цитоплазмада орналасқан, жасушаның генетикалық материалының құрылымдық-
функциональдық ұйымдасу ерекшеліктерін оқыту;
- ядродағы жасушаның генетикалық материалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы
негізіндегі оның тығыздалуының молекулалық механизмдерін оқыту;
- хромосоманың құрлысы және химиялық құрамын оқыту;
-эу-және гетерохроматиннің құрылымдық- функционалдық айырмашылықтарын оқыту;
-патологиялық жағдайдың дамуындағы жасушаның генетикалық материалының
құрылымдық-функционалдық өзгеруі маңызын түсіну.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4.1. Генетикалық материалдың жасушадағы орны (ядролық, цитоплазмалық).
4.2. Жасуша ядросындағы генетикалық материалдың құрылымдық-функциональдық
ұйымдасу деңгейлері және оның қалыптасу механизмдері.
4.3. Эукариоттардың генетикалық материалының нуклеогистондық ұйымдасуы.
4.4. Хромосоманың құрылымдық компоненттері және химиялық құрамы.
4.5. Хроматин, эу- және гетерохроматин, сипаттамасы.
4.6. Медицинадағы жасуша құрылымның өзгеруінің маңызы.
5. Оқытудың әдістері: үйлесімді (комбинациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, кестелер толтыру, сызбалар сызу, есептер шығару).
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
6.1.Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А.,
2006, б. 65-77.
6.2. Биология. Под ред. В.Н.Ярыгина в двух книгах. М., 2001, т. 1, б. 117-149.
6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006, б. 68-77.
6.4. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., 2003.б. 163-168.
6.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002, б.
44-55.
6.6. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е., Молекулалық биология негіздері. А., 2008, б.100-
110.
6.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 17-
24.
6.8. Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө.ред. А.,
2004, б. 20-29.
6.9. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003, б.5-65.
Қосымша:
6.1. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика.Новосибирск, 2006, б. 237-351.
6.2.Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің
орысша-қазақша сөздігі А., 2012, б. 3-111
7. Бақылау:
7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.
7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
7.1.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.
7.2.Құзыреттілікті бағалау – практикалық дағды.
7.2.1.Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің
механизмдерінің сызбасын сызу және түсіндіру
7.2.2. Генетикалық материалдың нуклеосомалық ұйымдасу деңгейінің қалыптасу
механизмінің сызбасын сызу және түсіндіру
7.2.3.«Эу- и гетерохроматиннің айырмашылықтары»кестесін толтыру:
Хроматин |
Айырмашылықтары |
Эухроматин |
|
Гетерохроматин |
|
7.3. Бақылау сұрақтары:
7.3.1. Жасушадағы генетикалық материалдың тығыздалу деңгейлері.
7.3.2. Нуклеосомдар құрылысы.
7.3.3. Гистонды ақуыздармен бақыланатын генетикалық материалдың тығыздалу деңгейлері.
7.3.4. Гистонды емес ақуыздармен бақыланатын генетикалық материалдың тығыздалу
деңгейлері.
7.3.5. Эухроматиннің гетерохроматиннен айырмашылығы неде?
Тақырып бойынша үш тілде түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Ағылшын тілінде |
Хромосомалар – ядро және цитоплазмада (митохондрияда) орналасқан, генетикалық ақпаратты тасмалдаушы жасушаішілік құрылымдар; |
Хромосомы-внутриклеточные структуры, локализующиеся в ядре и цитоплазме (митохондриях), носители генетической информации; |
Chromosomes - intracellular structures localizel in nucleus d cytoplasm (mitochondria’s), carriers of genetic information; |
Хроматин- ДНҚ, ақуыздар және басқада элементтер тұратын, хромосомаларды құрайтын материал. |
Хроматин- материал, из которого состоят хромосомы,включает в себе ДНК, белки и другие элементы |
Chromatin- material of chromosomes, consisting from DNA, proteins and other elements;
|
Эухроматин – ақшыл түске боялатын, гендерден тұратын, хромосома аймақтары; |
Эухроматин – светло окрашивающаяся, содержащая гены, часть хромосомы |
Euchromatin – light colures part of chromosome, containg genes; |
Гетерохроматин- күңгірт түске боялатын, гендері жоқ, қайталанатын қатарлардан тұратын, хромосома ұштарында және центромера маңында орналасқан, хромосома аймақтары; |
Гетерохроматин – темно окрашиивающаяся, не содержащая гены, часть хромосомы, состоит из повторяющихся последовательности, локализуется в центромерной и концевых участках хромосом |
Heterokhromatin –dark colures part of chromosome, consites from repetitive sequences, localized in centromere and end parts of chromosome
|
Нуклеосомалар –глобула құрамына 4 жұп гистонды ақуыздар: Н2А, Н2В, Н3, Н4 және ДНҚ жіпшесі кіреді, глобулалар өзара Н1 гистон арқылы жалғасатын, глобула түріндегі, генетикалық материалдың тығыздалуы (компактизация); |
Нуклеосома – Уровень компактизации генетического материала, представленный глобулой, и нитью ДНК, в состав глобул входят 4 пары гистоновых белков: Н2А, Н2В, Н3, Н4, глобулы соединяются между собой гистоном Н1 |
Nucleosoma – compacted level of genetic material represented by globules and DNA, globulesinclude 4 pairs of histonetonic proteins: H2A, H2B, H3, H4 connecting by histone H1
|
Теломерлер – гендері болмайтын, көп қайталанатын нуклеотидтерден тұратын хромосома ұштары; |
Теломеры – концевые участки хромосом, не содержащие гены и состоящие из множестве нуклеотидных повторов |
Telomeres – end parts of chromosomas without genes, consisting numerous from nucleotide sequences |
Құрастырушы: Г.Т.Танеева
№ 22 сабақ
1. Тақырыбы: «Молекулалық биология негіздері» тарау бойынша аралық бақылау
2. Мақсаты: Студенттердің молекулалық деңгейдегі генетикалық материалдың құрылысы мен қызметі жайлы дәріс материалдарынан және практикалық сабақтардан алған түсініктерін мен білім деңгейлерін анықтау.
3. Оқытудың міндеттері: Ауызша сұрау, тест өткізу және типтік есептерді шығарту арқылы олардың осы тараулар бойынша студенттердің түсініктерін және игеру деңгейлерін анықтау.
4.Тақырып бойынша тапсырмалар:
4.1. Молекулалық биология және генетика пәні және міндеттері.
4.2. Молекуалық биология және генетиканың даму тарихының негізгі кезеңдері.
4.3. Молекулалық-генетиканың зерттеу объектілері мен әдістері.
4.4. Молекулалық биология және генетика саласындағы шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктері.
4.5. Молекулалық-генетика білімінің медицинадағы рөлі.
4.6. Нуклеин қышқылдары, түрлері, қызметтері, химиялық құрамы.
4.7. Нуклеотид құрылысы. Полинулеотидтік тізбектің құрылуы.
4.8. ДНҚ-ның нуклеотидтік құрамы. Түрлік арнайлылығы. Чаргафф ережесі. Биологиялық маңызы.
4.9. РНҚ. РНҚ түрлері, қызметтері.
4.10. Ген –молекулалы – биологиялық анықтамасы.
4.11. Мутон, рекон, цистрон – анықтамасы, түсініктемесі.
4.12. Прокариоттар генінің молекулалы-генетикалық құрылымы.
4.13. Эукариоттар генінің молекулалы - генетикалық құрылымы.
4.14. Кодтаушы және реттеуші қатарлар, анықтамасы, қызметтері.
4.15. Гендердің жіктелуі.
4.16. Тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының тасымалдау типтері және бағыттары.
4.17. ДНҚ репликацияның принциптері.
4.18. ДНҚ репликациясының лидерлік және ілесуші тізбектерінің ерекшеліктері.
4.19. Репликацияға қатысатын негізгі ферменттердің қызметтері.
4.20. Репликация қателіктерінің пайда болуы мен қалыптасу механизмдері және себептері.
4.21. Теломерлік ДНҚ-ның құрылысы, қызметі және репликациялану ерекшеліктері.
4.22. Сызықтық ДНҚ молекуласының теломерлік бөліктерінің репликацияланбауы және
репликация қателіктерінің биологиялық және медициналық маңызы.
4.23. Транскрипция, анықтамасы, кезеңдері.
4.24. а- РНҚ синтезделуіндегі матрицалық принцип .
4.25. Прокариот гендеріндегі транскрипция.
4.26. Эукариот гендеріндегі транскрипция.
4.27. Эукариоттардағы ядролық а-РНҚ посттранскрипциялық модификациясы. Ядролық РНҚ-ның пісіп жетілуі (процессинг). Сплайсинг, альтернативті сплайсингтің генетикалық маңызы.
4.28. Трансляцияға жалпы сипаттама, анықтамасы, кезеңдері.
4.29. Генетикалық кодтың сипаттамасы, қасиеттері.
4.30. Рибосомалар, құрылысы, қызметі.
4.31 Трансляцияның кезеңдері: иницация, элонгация, терминацияға сипаттама.
4.32. Про – және эукариот ақуыз синтезінің ерекшеліктері.
4.33.Трансляция процесінің бұзылуының медицинадағы маңызы.
4.34. Гендер белсенділігінің реттелуі, анықтамасы, маңызы, тірі ағзалардың (жасуша) тіршілігіндегі мәні