Файл: 1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 13188
Скачиваний: 392
елге шетелден инвестициялар тартылды, қазақстандықтар сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндік алды.
№6-билет
1. «Орталық Азия», «Орта Азия», «Түркістан» ұғымдарының мәнін ашыңыз.
Орталық Азия ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында неміс зерттеушілері Карл Риттер мен Александыр фон Гумбольдт кеңінен қолданды. К. Риттер – Орталық Азияны Еуразияның ішкі биік аудандары деп, этап ондағы түбектер мен ойпаттарды бөлек қарастырды. А.Гумбольдт Алтайдан оңтүстікке және Памирден шығысқа қарайғы аумақты атады.
Орта Азия тарихы– Абд ул-Карим Бұхаридің шығармасы. Автор 1818 жылы Стамбұлдағы Бұхар хандығы елшісінің жеке хатшысы қызметін атқарып, көптеген саяси оқиғалардан хабардар болып отырған. Сол жерде түрік министрінің өтінішімен Бұхардан Ресейге (1804), одан Стамбұлға (1807) келген сапары кезінде басып өткен елдері мен қалалары, соның ішінде Орталық Азия мен Шығыс Түркістан өңірі туралы еңбек жазды.
Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған.
2.Қазақ халқының дәстүрлі малшаруашылығынан отырықшылыққа көшуіне қандай фактор әсер еткенін анықтаңыз.
Қазыбек бидің «Біз қазақ мал баққан елміз...» деп басталатын толғауы есімізде шығар, иә? Ғасырлар бойы көшпелі өмір салты бойына сіңген халық үшін отырықшылыққа көшу оңай болмады әрине. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы ХІХ ғасырдың орта шебінде Патшалық Ресейге қосылу кезеңінен бастап отырықшылыққа ауыса бастады. Үнемі көшпелі өмір сүріп, тек қана мал шаруашылығымен айналысты деуден аулақпыз. Мәселен, археологиялық қазбалар Жетісу мен Орталық Қазақстан жерлерінде егін шаруашылығы ертеден бар екендігін дәлелдеп отыр. Қазақ хандығы кезеңінде бұл аймақтарда дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Қазақстанның оңтүстік өңірі, Сырдария маңында, Жетісу жағасында және Солтүстік, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстан жеріндегі кейбір өзендер мен көлдердің жағалауларында қазақтар егіншілікпен сонау ерте заманның өзінде айналысқан.
3. М.Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрік») еңбегі ежелгі түрік жазба әдебиетінің ең көркем шығармасы. Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
Қарахан әулетінің билеушісі Сатұқ Боғра ханның ұрпағы Махмұт Қашғари "Диуани лұғат-ат-түрік" еңбегін жазған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерген. Алғашқы болып сол дәуірдегі түркі тілдерінің ғылыми грамматикасын жасады. Бұл кітапта 11 ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының өмірі мен тұрмыс тіршілігі жайында құнды мәліметтер қамтылған. Зерттеуші қазіргі қазақ тілінде айтылып жүрген сол замандағы мақал-мәтелдерді келтірген.Ол түркі тілін әлемдегі ең таза тіл деп есептеген. Түркі сөздер жинағы туралы өзі: "Бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, мәңгілік өмірге біржола жолдама алды"-деп жазды.№7-билет1.Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениетінің тарихы туралы жазба деректердің негізгі топтарын атап көрсетіңіз.Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениеті туралы жазба деректердің негізгі топтары: антикалық,ирандық,ежелгі қытайлық және ежелгі түркілік болып бөлінеді. Мысалы Геродоттың "Тарих", Страбонның "География", Сыма Цяньнның тарихи жазбалары,қасиетті кітап авеста және Орхон-Енисей жазулары.2.XVIII-XIX ғасырларда көшпелі қазақ қоғамына орыс зерттеушілері қызығушылығының арту себебін түсіндіріңіз.Ресей ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбек жазды. Онда автор қазақ пен қарақалпақ дерін егжей-тегжейлі сипаттады:табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктері мен оның пайдалы екенін дәлелдеді.
3.«Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари т.б. ортағасырлық ғұламалардың еңбегі арқасында қазақ қоғамының қоғамдық-саяси ой санасы қалыптасып, мемлекеттік құрылымы нығая түсті». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз. Мен бұл тұжырыммен толықтай келісемін.Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари секілді ортағасырлық ғұламалардың еңбегі тарихта қоғам ой санасының қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Себебі аталған ғұламалардың барлығы дерлік мемлекет басшысы мен халықтың бойында қандай дара қасиеттер болуы керектігін жазған. Мысалы Әл-Фарабидің еңбегінде егер мемлекет басшысы ақылды,әділ,рухани жағынан жетілген және қарапайым болған жағдайда ғана халық бақытты өмір сүредң деп жазылған. Ал Ж.Баласағұнидің пікірі бойынша ел басқаруда білімнің күші зор. Оның "Құтты білік" дастанындағы жеке адам мен қоғам, бақытқа жету жолы және кемел мемлекет құру туралы ғұлама ойлары Қархан мемлекеті тұсында өте маңызды рөл атқарған және әлі күнге дейін маңызы зор.№8-билет1.«Неолиттік төңкеріс» дегеніміз не?Неолиттік төңкеріс - Қазақстан аумағында неолит кезеңінің шамамен 600 (кейбір деректер бойынша 800) ескерткіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.2. Қазақ ою-өрнектерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды және тұрмыстық заттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. 3.«Жеті жарғы хандық биліктің заң негізінде нығаюына зор үлес қосты». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
Қазақ қоғамының тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Тәуке хан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіріп, жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің атақты билерін жинап, Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталған заңдар жинағын қабылдады. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының барлық өмірлік мәселелерін кеңінен қамтыды.Жеті жарғы» – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы№9-билет1.Орталық Азияның ежелгі ошақтарын атаңыз. Маргуш, Бактрия, Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сырдария жазирасы, Жетісу, Шығыс Түркістан 2.Ұлы Жібек жолы бойындағы сауданың түркі кезеңінде жандану себебін түсіндіріңіз.Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндіксептігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.3. «Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар ел басқарған хандармен бірге жүрген, оларға ақыл-кеңес беріп, жауға қарсы қол бастаған». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз. Мен бұл тұжырыммен толықтай келісемін. Мемлекеттің тәуелсіздігі мен бостандығы қыл үстінде тұрған кезде жыраулар өткір сөздерімен халықты бірлікке шақырды. Әйгілі жыраулардың бірі Абылайханның кеңесшісі Бұхар жырау Қалқаманұлы болды. Жырау ханға ел билеу ісінде кеңес беріп отырды. Жыраулардың басты идеясы-халық бірлігі мен жер тұтастығы.Бұхар жырау Абылай ханның кеңесшісі ретінде сын да айтып отырған.Ханды халықтың мүддесіне қарсы келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырып, "жоңғарды жеңген сен емес,халық" деп ескерту айтып,сабырға шақырды.№10-билет1.«Рабад», «шахристан», «цитадель» ұғымдарына анықтама беріңіз. Рабад - ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі. Археологиялық зерттеулер, ортағасырлық қалаларды үш бөліктен ( цитадель,шахристан және рабад) тұрғындығын анықтаған. Рабадта базар, мешіт секілді қоғамдық орындарда болуы мүмкін. Қаланың дәулетті тұрғындарының жеке иеліктері де сонда салынады. Қаланың азық-түлікпен қамтамасыз ететін а.ш. аймағыда осында. Кейбір ортағасырлық қалаларда Рабадтың сыртынан да қорғаныс дуалдары салынып, айнала ормен қоршалған. Ақтөбе,Отырар секілдіортағасырлыққалалардыңРабадтарындағыжекетұрғаниеліктердентабылғанматериалдарқалалардыңқарапайымтұрғындарыныңтұрмыс-тіршілігіжайлымаңыздыархеологтардеректерберды.Шахристан (парсы. Шығыстың парсы тілі. Шығыстың [ˈāh ʃ] — қала және парсы. ستان [stān — - орын), медина — орта ғасырларда Иран және Орта Азия қалаларының бөлігі, қала қабырғаларының ішінде, бірақ цитадельдің сыртында орналасқан. Әдетте қала қабырғаларының геометриялық тұрғыдан дұрыс құрылымы және кейде көшелердің орналасуы болды.Цитадель (итал. cіttadella — шағын қала) — қорғанның бекініс құрылыстармен қоршалған орталық бөлігі. Ортағасырлық қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы. Әдетте қамал қабырғаның ішінде орналасқан билеуші сарайы, әкімілік және діни ғимараттар осы цитадельдің ортаңғы өзегін құрайды.Ауыспалы мағынасында — тірек, кіндік, негізгі табан тірер орын.Байырғы қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы. 2.Қола дәуірінде Қазақстан жерінде орын алған өзгерістерді анықтаңыз. Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірінің тайпалары рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрген. Кейінгі қола дәуірінде басталған алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы уақыт өткен сайын күшейе түскен. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі арта түсті. Қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы орныға келе, әлеуметтік теңсіздік туды.