ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 02.09.2020ж. | Пәні: Қазақ тілі | Сынып: 11 «в,г» |
Бөлім | Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі | |
Сабақ тақырыбы | Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт | |
Оқу мақсаты | 11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу; 11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік рекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотацияжазу; |
Жұмыс түрі | Орындалатын іс-әрекеттер | Дерек көздері |
Оқып үйрен | Орфография және пунктуация. Ғылыми стиль. http://www.krgtil.gov.kz/kz/bekitilgen-terminder-s-zdigi/orfografiya/193-orfografiya- sauattyly-kepili.html | Оқулық Қазақ тілі 11-сынып |
Жазбаша орында | Мәтінді оқып, тірек сөздерді теріп жазыңдар. Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтінді мазмұнына қарай екі бөлікке бөліңдер. Әр бөлікке ат қойыңдар. Кеңістік-барлық нәрсенің, ал уақыт- бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады.... Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниесінің пайда болған орны,бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жержүзінің әр түпкірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жержүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымды алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпелілер империалары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі- батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпелілер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр-жержүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түпкіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцианың жемісін адамзат баласы XIX ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Н.Ә.Назарабаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан | Жұмыс дәптері |
Рефлексия | Өз жұмысыңа талдау жаса! -Нені үйрендім? -Нені білдім? -Қандай қиындық болды? -Не істеуім керек? | Сұрақтар арқылы ойыңды жинақта |
Кері байланыс | Балалар, бүгінгі сабақтағы жұмыстарың туралы ойларыңды, орындаған тапсырмаларыңды электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жіберіңдер. | WhatsApp , электрондық пошта |
| | |