Файл: 20212022 оу жылы Мектеп психологтарыны 1 сынып оушыларыны мектепке бейімделуі бойынша есебі Мерзімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 56

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • «Балада агрессияның көрінуі» онлайн семинар-тренинг ұйымдастырылды.

  • «1 сынып оқушыларының зейінін дамыту» тақырыбында онлайн кеңес,жаднама таратылды.


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

Сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне ұсыныс


  • Сынып жетекшісі оқушылардың табысты бейімдеуі үшін сынып ұжымын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналармен үнемі байланыста болып, баланың денсаулығына, біліміне, дамуына ықпал ету;

  • Бала үшін жағымды психологиялық ахуал орнату;

  • Қарым-қатынаста коммуникативтік дағдыларын дамыту.

  • Пән мұғалімдері оқушылардың пәндік арнайы білім дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдануды жалғастыру;

  • Оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарды жүргізу.

  • Баланың мұғаліммен, оқушылармен оқу ынтымақтастығына тәрбиелеу.

  • Сабақ барысында балалардың зейінін үнемі белсендіру қажет.

  • Әр түрлі әрекет түрлерін,қкөрнекіліктер қолдану керек.

  • Баланың тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау.



Ата-аналарға ұсыныс:

Ата-анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру

  1. Мектепке келгеннен кейін балаңыздың өмірінде сізден гөрі беделді адам пайда болады. Бұл-мұғалім. Бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлаңыз.

  2. Баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдаңыз. Оның мектептегі істеріне сіздің шынайы жетістіктері мен қиындықтарына шынайы қарым- қатынасыңыз жаңа орны мен іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі.

  3. Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз.

  4. Оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмаңыз. Балада, мысалы, тіл кемістігі болса, оқудың бірінші жылында қолға алыңыз.

  5. Бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға болатын нәрсені іздеңіз. Есіңізде болсын, мадақтау мен эмоциялы қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді.

  6. Егер сізді баланың жүріс-тұрысында, оқу істеріне бір нәрселер алаңдататын болса, мұғаліммен немесе мектеп психологінен ақыл-кеңес сұрауға ұялмаңыз.

  7. Оқуға дайындық: 6-7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс. Кейбір балалар буындап, кейбірі тұтас мәтінді де оқи алады. Балалардың дайындығы әр түрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.


Сабақты демалыспен кезектестіріңіз. Балаңыз айна алдында дыбыстарды нақты, дауыстап, жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беріңіз. Бұл сөйлеу апаратын дамытады.

  1. Жазуға дайындық: қаламды бала дұрыс жаттыққан қолмен ұстауы тиіс. Бояуды трафарет және штрихтаумен алмастыру. Сызықтар төменнен жоғары, оңнан солға, егер ол қисық болса, онда сағат тіліне қарсы болуы тиіс. Сызықтардың арасы 0,5 см болуы тиіс, бұл жазба әліппесінің негізгі принципі. Есіңізде болсын, сабақтан қалай шаршаса, оқудан да солай шаршайды.



Мектеп психологтары: