Файл: Таырыбы рпаА ран боланлы жеІС 9 мамыр Жеіс кніне арналан трбие сааты. Масаты Ешкім де, ештее де мытылмайды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН-ҰЛЫ ЖЕҢІС»

9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты.

Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу. Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, бейнеролик,батырлар суреттері.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН-ҰЛЫ ЖЕҢІС» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.       

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

https://youtu.be/M9SNib51Vd4

Мұғалім: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:

https://youtu.be/qVJ9lva13rw
Мұғалім: Оқушылар ендігі кезекте 3 топқа бөліне қойыңыздар.

Бізде «Сұрақ-жауап» айдары.

1-топқа сұрақтар:

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарны атаңыз? (1941ж 22 маусым-1945 9 мамыр)

  2. Екінші дүние жүзілік соғыс қай оқиғаға байланысты басталды? (Германияның Польшаға өтуі)

  3. Ұлы Отан соғысы кезінде тылда күріштен мол өнім жинаған күрішші? (Ыбырай Жақаев)

  4. Мәншүк Маметова қай қала үшін шайқаста ұмытылмас ерлік жасады? (Невель)

  5. Панфилова дивизиясы қай қалада жасақталды? (Алматы.Бұрынғы Верный қаласы)

2-топқа:

  1. «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады… Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,-ол Отанға деген сүйіспеншілік» деген қанатты сөз кімдікі? (Бауыржан Момышұлы)

  2. Қазақ мемлекеттік медицина институтының студенті, пулеметші қыз (Мәншүк Мәметова)

  3. Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен батыр, мерген қыз (Әлия Молдағұлова)

  4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры (Рақымжан Қошқарбаев)

  5. Қазақтан шыққан алғаш ұшқыш қыз? (Хиуаз Доспанова)

3-топқа:

  1. Өртенген ұшағын жау танкілерінің ортасына бағыттаған Қарағандылық батыр? (Нүркен Әбдіров)

  2. Шығыстың қос шынары? (Әлия мен Мәншүк)

  3. Бұл қазақ қаһарманды Украинада “Вася” деп аталады? (Қасым Қайсенов)

  4. Ақиқат пен аңыз романының авторы? (Әзілхан Нұршайықов. Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған)

  5. Келіні Бауыржан Момышұлы туралы қандай кітап жазды? (Шуақты күндер. Келіні Зейнеп Ахметова)



Мұғалім:Оқушылар ендігі кезекте бәріміз бірге «Бейбіт күн тілегі» атты әнді қосыла шырқайық

https://youtu.be/gqXPZUFiVVQ
Мұғалім:Осымен «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН-ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты тәрбие сағаты аяқталды.