Файл: Арал теізіні экологиялы жадайы а. К. Алшынбаева,А. И. Бахтиерова 1курс студенттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
УДК:551.4:61
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
А.К.Алшынбаева,А.И.Бахтиерова 1-курс студенттері
Ғылыми жетекшісі-х.ғ.к ,профессор меңгерушісі Г.Е.АЗИМБАЕВА Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті е- mail : alshynbaevaanel@gmail.com
Аңдатпа
Бұл мақалада Арал теңізінің экологиялық жағдайы қарастырылады. Қазіргі жағдайда Арал теңізі бірте-бірте өзінің бұрынғы арнасына оралып,оған жан біте бастаған сияхты.Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті.Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез,бүйрекке тас байлану,сары су,өкпе-тыныс жолдарының қабынуы,жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғарғы көрсеткішті беріп отыр.
Кілт сөздер: Арал теңізі,экология,Орта Азия,Қарақалпақстан.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы салдарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін және 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды[1].
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал апатына себеп болған факторлар:
-
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; -
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; -
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; -
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; -
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады[3].
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
-
1. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу аркылы суды молайту. -
2. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. -
3. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. -
4. Жер асты суларын пайдалану. -
5. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттеулін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымьшың білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық[4].
Қазіргі жағдайы 2018 жылғы жағдайына қарағанда жақсарып келеді.Яғни Арал теңізі өз қалпына келе бастады.Платинаның салынуына байланысты Солтүстік Аралда су деңгейі 10 метрге дейін көтерілді,судың тұздылығы және судың минералдануы төмендеді,балықтардың түрі көбеюінің нәтижесінде (лещ, сазан, аралдық осетр)жергілікті балықшылар балық аулауда.Бірақ Оңтүстік Аралда құрғақшылық басылар емес.Осы құрғашылықты басу үшін бөгет тұрғызу қарастырылуда[2].
Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары ,гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар.Орталық Азияның біраз бөлігі Қарақалпақстанның кебін киюі ықтимал. Арал теңізінің сарқылуына қатысты еш шара қолданбаса, жағдайдың қандай болатынын осы дауыл дәлелдеді. Бұл аймақта жел қатты соғады, бірақ тұзды дауыл жиі бола бермейді. Табиғаттың бұл дүлей күші Арал апатының қауіпті кезеңінің басталғанын, шаңды дауыл тұзды жүздеген километр жерге дейін шашып жіберіп, адамзат пен өсімдік атаулыға кесапат әкелетінін көрсетті[5].
Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді [4].
Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады[3].
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтын болашақ алдындағы борышы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы 1998 ж. -
https:\\ru.wikipedia.org -
https:\\kitaphana.rz -
Ә.С.Бейсенова «Экология ел тағдыры»-Алматы,2006 -
Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау»-Алматы,2002
Резюме
В этой статье расматривается высыхание моря Арал. Также факторы привозивший к высыханию Арала.
Summary
This article discusses the drying out of the Aral Sea. Also factors brought to the drying of the Aral Sea.