Файл: скемен Жоары Медициналы Колледжі шж кмк оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 223

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Субклиникалық түрі.

Бұл ағымға клиникалық белгілердің болмауы тән. Бұндай науқастар тек қана эпидемияға қарсы активті шаралар жүргізілгенде анықталады. Оларға көбінесе «вибриотасымалдаушы» деген диагноз қойылады. Бірақ түпкі клиникалық жәңе лабораториялық зерттеу барысында тырысқақтың «микробелгілері» анықталады (тілдің жабындымен жабылуы, гастрит, гастродуоденит, холецисто-ангиохолит және колит). Қанда вибрионға қарсы антиденелер табылады.

Сусызданудың дәрежесін анықтау үшін В.И. Покровскийдің жіктелуін қолдану қажет:

  1. науқастың дене салмағының дефициті 1-3%

II. науқастың дене салмағының дефициті 4-6%

III. науқастың дене салмағының дефициті 7-9%

IV. науқастың дене салмағының дефициті 10% және одан жоғары.

№3 кесте

Сусызданудың дәрежесіне байланысты гемограмманың өзгерістері


Қанның меншікті салмағы

Қалыпты

1025-1020

І дәреже 1020-1025

ІІ дәреже 1030

ІІІ дәреже

І040

ІVдәреже 1060-1070

Гематокрит, %

43-50

43-50

50

60

65-70

1л қандағы эритроцит мөлшері

4.5

4.5

5.0

6.0

6.5

Калийдің мөлшері ммоль\л

5

5

3-5

3

3-н кем


Аурудың типтік түрлерінде энтерит, гастрит сусызданумен өтеді, атиптік түрі кезінде сусыздану жоқ. Кейде тырысқақ, сирек найзағай тәрізді басталады, құрғақ тырысқақ деп аталады. Оған диарея мен құсудың болмауы тән, бірнеше сағат ішінде науқас өледі.


Асқынулары:

- дегидратациялық шок,

- екіншілік микрофлораның қосылуы

Диагностикасы. Салыстырмалы диагностикасы сальмонеллезбен, дизентериямен, тағамдық токсикоинфекциялармен, эшерихиозбен, кампиллобактериозбен т.б. жүргізіледі.

Тырысқақ кезінде қан плазмасының меншікті салмағын, гематокритті және электролиттер көрсеткіштерін бақылау қажет. Нәжіс микроскопиясында қозғалмалы микробтар аурудың болжау диагнозын күмәндануға көмектеседі. Классикалық зерттеу – бактериологиялық. Экспресс әдістері – иммунофлюоресценттік зерттеу, ИФА. Серологиялық әдістері: вибрицидті және антитоксикалық антиденелерді анықтау (нейтрализация реакциясы т.б.). Сонғы жылдары ПТР қолданылады.

Емдеуі. Міндетті түрде науқастар ауруханаға жатқызылады. Бірінші орында патогенетикалық терапия: жоғалған сұйықтық орнын толтыру – регидратация. Регидратация 2 кезеңді жүргізіледі:

-Біріншілік регидратация

-Компенсаторлы регидратация

Су мен электролиттердің жоғалуын коррекциялау (компенсаторлы регидратация). Біріншілік регидратация ауруханаға дейін басталу қажет. Оның мақсаты – науқастың бұрын жоғалтқан су электролиттерін қайтадан енгізу. Аурудың жеңіл түрінде - оральді (ауыз арқылы) регидратация қолданылады: регидрон, цитраглюкосолан ерітінділері қолданылады. Физиологиялық ерітіндісін, Рингер ерітіндісін, глюкозаның 5% ерітіндісін көктамырға енгізуге болады. Ертінділердің көлемі 200-350 мл/кг/тәулігіне. Дегидратацияның ауыр дәрежесінде сұйықтықтарды көктамырға жіберу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде Филлипстің N1 ерітіндісі немесе хлосоль, трисоль ерітінділері көктамырға енгізіледі. Ерітінді 370 С-қа дейін жылытылған болу керек. Ерітінді ағынды түрде енгізіледі. Науқаста пирогенді реакция болса да, десенсибилизация жүргізіп ерітіндінің енгізуін тоқтатпаған жөн.

Біріншілік регидратациядан кейін науқастың жағдайы жақсарып, АҚ орнына келсе, онда Филлипстің N2 ерітіндісі немесе дисоль ерітіндісі көктамырға енгізіледі.

Компенсаторлы регидратацияның мақсаты – диарея мен құсудың әсерінен жалғасып жатқан су және электролиттердің дефицитімен күресу. Науқастың халі аздап жақсарған соң, ерітінді көктамырға 80-120 мл/мин. Жылдамдықпен тамшылап енгізіледі.

  1. Этиотропты ем. Емдеу курсы 5 күн.


Тамыр ішіне 1-3 күн

  • Цефтриаксон

  • Цефтизоксим

  • Цефалотин

  • Цефазолин

  • Карбенициллин

  • Амикацин

  • Нетилмицин

  • Доксициклин

  • Пефлоксацин

  • Ципрофлоксацин

  • Флероксацин

  • Офлоксацин

2. Бұлшықет ішіне 1-2 күн

  • Сизомицин

  • Мономицин

3. Ауыз арқылы - атоксикалық вариант кезінде -3 күн, токсикалық вариант кезінде– 5 күн:

  • Пефлоксацин

  • Ципрфлоксацин

  • Офлоксацин

  • Норфлоксацин

  • Ломефлоксацин

  • Доксициклин

  • Левомицетин

  • Цефалексин

Науқасты ауруханадан шығару ережелері: науқас толығымен сауыққанда және бактериологаялық зерттеу нәтижесінде 3 рет теріс жауап алынғанда.

Ауыр жағдайдағы науқастар қабылдау бөліміне бармай-ақ, реанимациялық шараларды жүргізу және қарқынды бақылау үшін өте қажет құралдармен жабдықталған регидратациялық палатаға (боксқа) бірден орыналастырылады. Тырысқақтық стационарда жұмыс істейтін қызметкерлер карантинде болып, аурухана территориясындағы бөлек бөлмеге орналастырылады.

Алдын алу шаралары. Тырысқақтың профилактикасы үшін шаралар жүйесі басқа елдерден осы жұқпалы ауруды алып келуден сақтандыруға, эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыруға және үй-жай тазалығын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар сыртқы ортаны қалпына келтірудің де көп маңызы бар. Соның ішінде халықты таза ішімдік сумен қамтамасыздандыру, ағынды суларды дезинфекциялау, азық-түлік кәсіп орны мен сүт өнеркәсібінің, сауда орындарының, көпшілік тамақтандыру орындарының тазалығын қатаң бақылау аса маңызды орын алады. Эпидемиялық ошақтардан келген адамдарды 5 күн бақылап, 1 рет бактериологиялық зерттеу керек. 5 күн ішінде ол адамды және оның отбасын емхана дәрігері тексеруден өткізіп, асқазан-ішек ауруының алғашқы белгісі сезілсе, онда міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы керек.

Ерекше профилактиканың көрсеткіші бойынша корпускулярлы тырысқақ вакцинасы және холероген-анатоксин қолданылады.

Бұйрықтар:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.05.2020 № ҚР ДСМ-55/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

Утверждены приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 февраля 2008 года N 52 Санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Организация и проведение санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению заболеваемости острыми кишечными инфекциями"

VII. Тәжірибелік сабақтарға арналған оқу материалдарының блогы:

Тақырып бойынша тәжірибелік дағдыларды бекітуге арналған стандарт:

ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР

Дағды: «Тазарту клизмасын жасау техникасын көрсету».




«Тазарту клизмасын жасау техникасы» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы



Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.






Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.






Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.






Әзірлеу: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх кружкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тампондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-220С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді (ҚЖАК).






Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.






ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты кию. Алжапқыш кию.






Қапшықты ашып, эсмрх кружкасына бөлме температурасындай 1-1,5 литр әзірлеген суды құю.






Эсмарх куржкасын 1 метр биіктікте штативке іліңіз, ұштықты жалғау.






Түтікті сумен толтыру және одан ауаны шығару үшін қысқышты ашып, ұштықты стерильді салфеткамен ұстау.






Қысқышты жабу.






Пациенттің жамбасының астына клеенка мен жайманы төсеу.






Пациентке сол жақ қырымен кушеткаға жатуға көмектесу.






Пациенттің сол жақ аяғын түзу, оң жақ аяғының тізесін ішке қарай бүгуін сұрау.






Ұштықты вазелинмен майлау. Пациенттің сол жағына тұру.






Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оңқолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10см тереңдікке енгізу.






Қысқышты ашып, ішекке сұйықтықтың түсуін реттеңіз.






Пациенттің босансуын және ішпен дем алуын сұрау.






Эсмарх куржкасының түбіне аздап су қалдырып, қысқышты жабу.






Ұштықты абайлап алып, жүйеден босатып дезерітіндіге салу.






Жуан ішекті толық шаю және қатты нәжісті ұстау үшін, пациентке суды ішекте 5-10 минут ұстауын сұрау.






Пациентті дәретханаға апару, ауыр халдегі пациетке судно беру.






Қолғапты, масканы, алжапқыны шешіп жоюға арналған «Б» тобы контейнерге салу.






Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Ескерту: тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады; агониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С, егерде пациент нәжісі аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда пациентті дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.
Тәжірибелік дағдының балы––––––

Комиссия төрағасының қолы–––––––––––––– күні–––––––––––––– ж
Бақылау парағы
Дағды: «Асқазанды жуу техникасын көрсету».



«Асқазанды жуу техникасы» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.




2

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.




3

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.




4

Әзірлеу: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүнгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.




5

Пациентке емшараның барысын түсіндіру, келісімін алу




6

Емшара жасауға қарсы көрсеткіштің жоқтығына көзін жеткізу.




7

Пациентке және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлау.




8

Пациентті орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызу.




9

Алмалы-салмалы тіс протезін алу (егерде олар болса).




10

Пациенттің қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлау




11

Пациенттің тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойю.




12

Пациенттің артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұру.




13

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.






Қолға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеу: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосу.






Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастыру.






Пациентке сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіру.






Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулау.






Пациенттің ауызын ашуды сұрау. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолмен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салу.






Пациентті жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіу.






Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны пациенттің тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.






Құйғыға 1 л суды құйып, оны құйғының шетіне дейін толтыру.






Құйғыны ақырын көтеру, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіру.






Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйю.






Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталау.






Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығару.






Клеенкалы алжапқышты шешу.






Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салу.






Пациенттің ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүрту.






Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату.






Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салу.






Пациентті палатаға апарып, жатуына көмектесу.






Пациентті физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету.






Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберу.






Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізу.