Файл: скемен Жоары Медициналы Колледжі шж кмк оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 848

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:

  • сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

  • егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

  • шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

  • егерде пациент құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

  • сүңгіні енгізгенде пациентте жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
Тәжірибелік дағдының балы––––––Комиссия төрағасының қолы–––––––––––––– күні–––––––––––––– жVIII . Бақылау бөлімі:Кіріспе бақылау1-нұсқа.Кіріспе бақылау. Тест №11.Антиген және антитела аглютинация реакциясын анықтайтын зерттеу

  1. Бактериологиялық

  2. *Серологиялық

  3. Биологиялық

  4. Бактериоскопиялық

  5. Микроскопиялық
2.Зертханалық тікелей зерттеу әдісі

  1. Серологиялық

  2. ЭКГ

  3. *Бактериологиялық

  4. Теріге-аллергиялық

  5. Ректоромоноскопиялық
3.Зертханалық қосымша зерттеу әдісі

    1. Бактериоскопиялық

    2. Бактериологиялық

    3. Биологиялық

    4. *Серологиялық

    5. ЭКГ
4.Жұқпалы аурудың қай кезеңінде ауру белгілері болмайды

    1. Бастапқы

    2. *Жасырын

    3. Өрістеу

    4. Айығу

    5. Асқыну
5.Жұқпалы аурулардың негізгі белгілері қай кезеңде болады

    1. Бастапқы

    2. Жасырын

    3. *Өрістеу

    4. Айығу

    5. Асқыну
6.Жұқпалы аурулар қанша топқа бөлінеді

    1. Екі

    2. *Төрт

    3. Үш

    4. Бес

    5. Алты
7.Іш сүзегінің қоздырғышы

    1. Вирус

    2. Риккетсия

    3. Қарапайымдар

    4. *Бактерия

    5. Спирохета
8.Іш сүзегіндегі негізгі жұғу жолы

    1. Маса

    2. Бүрге

    3. Кене

    4. *Су

    5. Бит
9.Іш сүзегіндегі бөртпенің түрі

    1. Папула

    2. Пустула

    3. Везукула

    4. Петехия

    5. *Розеола
10.Іш сүзегіндегі арнайы ем

    1. Интерферон

    2. Гамма-глобулин

    3. Вакцина

    4. *Антибиотик

    5. Делагил

11.Сальмонеллез ауруындағы қоздырғышты ашқан ғалым


    1. Боткин

    2. Самойлович

    3. *Сальмон

    4. Брюс

    5. Пастер
12.Сальманеллез ауруындағы нәжістің түрі

    1. *Жасыл сұйық ,иісті

    2. Қанды ірің аралас

    3. Сұйық,сулы

    4. Сулы .көбікті

    5. Қара түсті
Қорытынды бақылау. Тест №21.Іш сүзегінің қоздырғышы

    1. Вирус

    2. Риккетсия

    3. Қарапайымдар

    4. *Бактерия

    5. Спирохета
2.Іш сүзегіндегі негізгі жұғу жолы

    1. Маса

    2. Бүрге

    3. Кене

    4. *Су

    5. Бит
3.Іш сүзегіндегі бөртпенің түрі

    1. Папула

    2. Пустула

    3. Везукула

    4. Петехия

    5. *Розеола
4.Іш сүзегіндегі арнайы ем

    1. Интерферон

    2. Гамма-глобулин

    3. Вакцина

    4. *Антибиотик

    5. Делагил
5.Іш сүсегі кезіндегі қызбаның түрлері?

  1. *Вундерлих трапециясы, Кильдюшевский,

  2. Боткина толқын тәрізді;

  3. Субфебрильді, интермиттирлеуші, Боткина толқын тәрізді;

  4. Вундерлих трапециясы, субфебрильді,

  5. Интермиттирующая.
6.Сальмонеллездегі серологиялық зерттеуге алынатын материал

    1. Нәжіс

    2. *Қан

    3. Зәр

    4. Өт

    5. Қақырық
7.Тағам токсикоинфекциясындағы ауру көзі

    1. Кеміргіштер

    2. Құстар

    3. *Іріңді ауруы бар адамдар

    4. Кенелер

    5. масалар
8.Тағам токсикоинфекциясындағы зақымдалатын ағза

    1. жүрек

    2. өкпе

    3. ми

    4. *асқазан

    5. бүйрек
9.Ботулизм қоздырғышы қандай

    1. эндотоксин бөледі

    2. қайнатқанда өледі

    3. *анаэробты бактерия

    4. аэробты бактерия

    5. төзімсіз
10.Ботулизмдегі негізгі арнайы ем

    1. антибиотиктер

    2. *қан сары суы

    3. вакцина

    4. бактериофаг

    5. дәрумендер
Жауап эталондарыКіріспе бақылау.№11 – D2 – C3 – D4 – B5 – C6 – B7 – D8 – D9 – E10–D11- C12- AҚорытынды бақылау21 – D2 – D3 – E4 – D5 – A6 – B7 – C8 – D9 – C

10 – BCитуациялық есептер Ситуациялық есеп.№1Науқас 30 жаста .Аурудың жедел қабынуынан 4 күні стационарға түсті.Температурасы күнделікті көтеріліп 39,5 С дейін жетті. Науқасты мазалаған: бас ауруы, ұйқысыздық, тәбеттің болмауы. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, науқас тежелген .Тілі құрғақ , сұр жабынмен қапталған, ісінген тіс іздерімен.Көкбауыр мен бауыр пальпациаланады, илеоцекальды аймақта шұрыл, Падалка симптомы оң. 3 күн ішінде стул болған жоқ. 1. Қай ауру туралы ойлауға болады?2. Науқасты тексеру жоспары.3. Тапсырма : Науқастаң шағымын, ауру тарихын, өмір тарихын сұрау, аурудың жалпы жағдайын тексеру.Ситуациялық есеп.№2Инфекциялық ауруханаға 18 жастағы науқас ауруының 9 күні түсті. Шағымы әлсіздік , тәбеттің болмауы, құсқысы келу. Дене температурасы 37,8 С ; кешкі уақытта 39,8 С дейін жоғарлаған.Ішінде , кеудесінде және арқасында біраз ғана розеолезді бөрітпе. Тілі қалыңдаған, фулигинозды. Бауыры және көкбауыры ұлғайған. Пульс мин. 66 рет, дикротия. АҚ 100/60 мм.рт.ст.1. Болжам диагноз2. Науқасты тексеру жоспары.3. Тапсырма : Науқастаң шағымын, ауру тарихын, өмір тарихын сұрау, аурудың жалпы жағдайын тексеру.Ситуациялық есеп.№3Бала 6 жаста, қатты ауырып қалды-T-сы 39°С-қа дейін көтеріліп, қайталама құсу, сұйықшырыш пен жасыл қоспасы бар нәжіс. Екінші күні t-40,5°С, бір реттоникалық сипаттағы құрысулар. Стул 20 ретке дейін, тапшы, үлкен мөлшерлішырыш пен қан аралас. Дефекация актісінің алдында, іштің спазмдық ауырсынуы.Қабылдау кезінде: жағдайы ауыр, шаршаңқы, мазасыздықпен . Терібозғылт, құрғақ, аяқ-қолдары салқын, тургор төмен. Тілі тығыз жабынмен жабылған,құрғақ. Жүрек соғысы тұйық, жүрек соғу жиілігі-140 уд/мин. Іші тартылған,сол жақ мықын аймағында ауырсыну. Бауыр, көкбауыр қалыпты. Сигмовиднаяішек ауыр түрінде спазмдық күйде, ауырсынумен. Диурез сақталған.Шүйде бұлшықеттердің қаттылығы, Керниг және Брудзинский синдромдары теріс.Қанның жалпы талдауы: HGB – 150 г/л, RBC – 4,0×1012/л, WBC – 9,6×109/л;EO – 2%,NEUT – 72% ( П – 12%, C – 60%), LYM – 20%, МON – 6%, СОЭ – 22 мм/ч.
Копрограмма: консистенциясы сұйық, шырыш - көп мөлшерде, қан-көп мөлшерде , бұлшықет талшықтары ( + ), бейтарап май ( + ), май қышқылдары ( - ), сабын (+),крахмал ( - ), йодофильді флора ( ++ ), лейкоциттер-30-50 п / з, эритроциттер-10-15 көру алаңына дейін, құрт жұмыртқалары табылған жоқ.Тапсырма1. Клиникалық диагнозды тұжырымдаңыз және негіздеңіз.2. Инфекцияның ықтимал көзі мен жұқтыру жолын көрсетіңіз.3. Қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?5. Емдеуді тағайындаңыз: диеталық терапия, этиопатогенетикалық терапия. Бақылау жумыстары мен СӨЖ тақырыптары мен сұрақтары:СӨЖ тақырыбы: Жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру. Ішек инфекцияларындағы инфекциялық қауіпсіздік. Іш сүзегі.А және В паратифтері. Шигеллез. Сальмонеллез. Тырысқақ.Өткізу түрі: презентация немесе ситуациялық есептер дайындап өткізу.Сұрақтары: Жұқпалы аурулар қызметінің құрылымы. Жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру.2. Жұқпалы аурулар туралы қазіргі заманғы ұғымдар3. Жұқпалы аурулардың жіктелуі. 4. Жедел жұқпалы аурудың кезеңдері, олардың диагноз қою, емдеу және эпидемиология үшін маңызы. 5. Жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылысы, режимі. 6. Жұқпалы ауруларды емдеуге жатқызу ережесі. 7. Жұқпалы науқасты тексеру принциптері. 8. Жұқпалы науқастарға күтім жасау.9. Ішек инфекцияларындағы инфекциялық қауіпсіздік. Іш сүзегі.10. А және В паратифтері. 19. Шигеллез. Сальмонеллез. Холера.IX.Глоссарий:




Атауы

Түсіндірме




Жұқпалы аурулар

патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.


Инфекциялық процесс

қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.


Патогенділік

қоздырғыштың патологиялық процесті шақыру қасиеті.

Вируленттілік

патогенділіктің дәрежесі.

Адгезивтілік

микроағзаның тіндер мен мүшелерге жабысу қасиеті.

Инвазивтілік

қоздырғыштың тіндер мен мүшелерге ену қасиеті.

Токсигенділік -

микроағзалардың токсиндерді түзіп, бөлу қасиеті.

Эфференттік әдістер

аурудың ауыр түрлерінде экстракорпоральды емдеу әдістерімен жүзеге асырылады (гемодиализ, гемосорбция, плазмаферез, т.б.)


Диспансеризация

(француз dispensaire - босату) - аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі.


Реабилитация

(латын re – қайта; habititas – қасиет, жарамдылық) – науқастың ауру әсерінен бұзылған денсаулығын және еңбекке жарамдылығын тез және толық қалыптастыруға бағытталған медициналық және әлеуметтік – экономикалық шаралар жүйесі.


Іш сүзегі

Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары тұрақты қызбамен, розеолезді бөртпемен, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру.


Дизентерия

(синонимі-шигеллез) - шигеллалармен шақырылатын, фекальді-оральді жұқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальді бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын ішек инфекцияларының аурулар тобына жататын антропонозды ауру.

Копрологиялық зерттеу

нәжіс жағындысын микроскоп арқылы тексергенде лейкоциттерді, эритроциттер,эпителиальды жасушаларды, шырыштың ошақтарын анықтауға болады.

Протеинурия

арасы 4 сағаттан кейін екі рет алынған зәр анализінде > 0.3 г/тәу. немесе 0,3 г/л.


RRS – ректороманоскопия

тоқ ішектің дистальды бөлігін (тік ішекпен сигма тәрізді ішекті) ректоскоп арқылы зерттеу.