ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 64

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні:физика

Мектеп: №115 ЖЖБМ

Күні:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім

Жарық құбылыстары

Мұғалімнің аты жөні: Нактаева К.С.


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;

Сабақ мақсаты

  1. Жарықтың түзу сызықты таралу заңын білу

  2. Жарықтың мөлдір ортадан өткенде бағытын өзгертуін түсіндіру

  3. Түсу бұрышы мен сыну бұрыштарының синустарының қатынасының Снеллиус заңы екенін білу

  4. Жарықтың сыну заңының формуласын пайдаланып есептер шығару

  5. Сыну заңының формуласын пайдаланып ортаның абсалют сыну көрсеткішін анықтау

  6. Жарықтың таралу жылдамдығының ортаның асалют сыну көрсеткішіне тәуелділігін есептер шығаруда қолдану




Бағалау критерийі

  1. Жарық таралу заңдарын біледі

  2. Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде бағытын өзгертетінін біледі.

  3. Снеллиус заңын сызба түрінде салып, түсіндіре алады.

  4. Түсу және сыну бұрыштарының синустарының қатынасы арқылы ортаның абсалют сыну көрсеткішін анықтауды есептеп шығара алады

  5. Сыну заңы формуласын пайдалана отырып, біртекті ортадағы жарықтың жылдамдығын анықтайды

Тілдік мақсаттар


Жарықтың сынуы-Жарық сәулелері бір ортадан екінші ортаға сәулелердің бағытының өзгеру құбылысы жарықтың сынуы деп аталады

Сыну бұрышы-түскен сәуле (1), сынған сәуле (3) және шегарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықтың бойында жатады.

Жазық параллель пластинка — бұл екі жағынан параллель жазықтықтармен шектелген мөлдір дене.

Құндылықтарға баулу


Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалы қөсу

Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілу де, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Пән аралық байланыс

Математика есептер шығару, формула түрлендіру (амалдар қолдану);

Информатика ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау.

Алдыңғы білім


Биология пәнінен «Көз» тақырбында мәлімет алған

Жартылыстану – «Жарық көздері» тақырыбында мәлімет алған

Сфералық айналар,сфералық айна көмегімен кескін салу

АКТ қолдану дағдысы

Үй тапсырмасын орындау барысында әлеуметтік желі материалдарын қолданады

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, еске түсіру, оқылым, жазылым,айтылым, есте сақтау.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

Білім дағдысы:еске түсіру, ойлау,айтылым.

(7 мин)


I.Ұйымдастыру кезеңі

I . «Шаттық шеңбері» әдісі

Қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айту.


II. «Мозайка» әдісі

Қағаз қиындыларынан фигуралар құрастыру арқылы топқа біріктіру

ІІ. «Жақсартуға арналған уақыт»-әдіс бойынша

үй тапсырмасына физикалық диктант арқылы тексеру жүргіземін.

  1. Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы: ..............

  2. Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруі жарықтың ..............деп атайды.

  3. .... сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға

Сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты ..... деп атайды.

  1. Түскен сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде .... ........... .... жазықтықта жатады


Дескриптор:

  1. Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын білді.

  2. Түскен сәуле мен сынған сәулені ажырата алды.

  3. Тұрақты шамаларды ортаның сыну көрсеткішін мен жарық жылдамдығының мәнін білді.

 



I-топ,

II-топ,

III-топ.

Сабақтың ортасы

Білім дағдысы: Білу, түсіну, қолдану
(10 мин)



IIІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ой қозғау: Видео көрсетіледі

» (24 сек)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлермен таныстыру. Кілтті сөздерді ендіру.

Тапсырма №1. Оқулықпен жұмыс §19 107-бет

«Шын-Жалған» әдісі




тұжырым

Ш/Ж


Жарықтың сынуы. Жарық сәулелері бір ортадан екінші ортаға сәулелердің бағытының өзгеру құбылысы жарықтың сынуы деп аталады. Бұл құбылыс жарықтың таралу жылдамдығы әртүрлі ортада түрліше болатынының салдары болып табылады.



  1. Түскен сәуле (1), сынған сәуле (3) және шегарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықтың бойында жатады (39.2-сурет);

  2. Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады және екінші ортаның бірінші ортамен салыстырғандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады:



II.Мұғалімнің шолуы (толық сыныппен жұмыс)

W.Екі ортаны бөлетін шегара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сыну заңы деп аталады.

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп (ɣ) атайды.




A C

α

М О N

ɣ




D B

II.Жарық ауадан шыныға немесе суға өткенде, сынған сәуле перпендикулярға жақындайды.

Бұл жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін білдіреді және керісінше, жарық шыныдан ауаға өткенде, сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болады.

1.Түскен сәуле сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке түскен сәуле нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

2. Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

n-сыну көрсеткіші

Сыну көрсеткішінің түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады.

Шынының сыну көрсеткіші ауамен салыстырғандағы мәні

Әр түрлі ортада жарықтың таралу жылдамдығының түрліше болатындықтан жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде сәулелер сынады. Берілген екі дене үшін сыну көрсеткіші формуласымен анықталады.

с-жарықтың ауадағы жылдамдығы

v-жарықтың ортадағы жылдамдығы



Қорытындылау: Оқушылар ауызша жоспарланған іс пен алынған нәтижелерді салыстырады.
IV. «Кім жылдам» әдісі

I. Бүкіл топпен есептер шығару (жеке жұмыс)

1.Сәуленің түсу бұрышы 300. Жарық сәулесінің судан өткендегі сыну бұрышы қандай?

2.Жарық шоғы ауадан суға өтеді.Түсу бұрышы 760, сыну бұрышы 470. Судағы жарық жылдамдығын табыңдар.

3.Жарық ваккумнан мөлдір ортаға 600 бұрышпен түскен, сыну бұрышы 450. Осы ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы, мұндағы с-жарықтың таралу жылдамдығы.

4.Мөлдір су тамшыларынан тұратын тұман неліктен мөлдір емес?

5.Призмаға жарық келіп түскенде нені көруге болады?

6.Мөлдір нәрсенің бетіне жарық түскенде, бір мезгілде қандай оптикалық құбылыстар байқалады?
Дескриптор:


  • Берілгенді жаза алады.

  • Формулаларды қолдана алады.

  • Есептеулер жүргізеді.

Күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарға жауап бере алады
III. E. «Қызықты тәжірибелер» әдісі (оқушы тәжірибесі)

I топ.

Жарықтың сыну заңын зерделеу

Керекті ресурстар: стакан, су, қасық, қалам, монета.

Нұсқау

1.стаканға суды құй

2.оған қасықты/қаламды/манетаны сал

3.не байқадың түсіндір

Дескриптор:


  • Әр топ өз тәжірибесін түсіндіреді.

  • Түсіндіру нәтижесінде тәжірибелер салыстырады

  • Қорытынды жасалады.


2-тәжірибеСтакандағы суға ұзын тебен-инені салып, оны центрден шетке қарай жылжыта отырып сыну құбылысын көрсетеді. Қандай өзгеріс/құбылыс көрдіңдер? Неге болат ине су-ауа шекарасында «сынып» көрінеді?

3-тәжірибе: Тарелке, су, тиынмен жасалатын тәжірибені көрсету.

Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді.

Тиын неге «көтерілді»?

Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.
«Ойды жинақтау»-әдісі арқылы кесте толтырады

1-Тапсырма

1

Су бетіне сәуле түсті. Түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш 90 0 –қа тең. Түсу және шағылу бұрыштарының мәнін анықтап,сызбасын сызыңдар.

2

Сыну көрсеткіші n=1.33 екенін ескере отырып сыну бұрышының мәнін анықтаңдар

3

Сыну бұрышын сызбаға енгізіңдер

4

Қорытынды жасаңдар


Дескриптор:

  1. Сызбада түскен сәуленің нүктесінде келтірілген пердикуляр сызықты сызды

  2. Сызбада түскен, шағылған және сынған сәулелерді белгілейді

  3. Заңдылықты тұжырымдады

  4. Сыну заңының формуласын пайдаланып сыну бұрышының мәнін анықтады.



Оқулық,

мәтіндер.

htths://www.bilimland.kz//kk/home


Оқулық, маркер, стикер, плакат, транспортир

Кері байланыс беріп отырамын фигуралар арқылы



Кеспе қағаздар

Стакан, су,

қасық, қалам, монета,

жарық көзі, ортасында саңлауы бар пластиналар,

айна
Физика кабинетіндегі

қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

(11мин)

Білім дағдысы: оқылым, жазылым, айтылым, есте сақтау

2-тапсырма

IV«Кім жылдам»әдісі бойынша әр топқа есептер беріледі

1-топЖіңішке жарық шоғы ауадан қандай да бір сұйыққа өтеді. Егер түсу бұрышы 30°, ал сыну бұрышы 15° болса, сұйықтың сыну көрсеткіші қандай? Осы сұйықтағы жарықтың таралу жылдамдығы неге тең? (Жауабы: 1,93; 1,55 · 108 м/с.)

2-топЖарық сәулелері ауадан шыныға өткенде түсу бұрышы 60°, сыну бұрышы 30°. Шыныдағы жарықтың таралу жылдамдығын және толық ішкі шағылудың шектік бұрышын табыңдар (Жауабы: 1,73 · 108 м/с; 35°)

3-топ Жарық шоғының слюдаға тусү бұрышы 24 градус болғанда, сыну бұрышы 30 градусқа тең. Жарықтың слюда ішіндегі абсолютті сыну көрсеткішін және таралу жылдамдығын анықтандар.

(жауабы: 0,82, 3,66·108м/с)

4-топ Жарық шоғы ауадан суға өтеді. Түсу бұрышы 76 градус, сыну бұрышы 47 градус. Судағы жарық жылдамдығын табыңдар.

(жауабы: 1,33, 2,26·108м/с)

Дескриптор:

1. Есептің мәтінін оқып есеп шартын құрастыра алды.

2. Түсу бұрышы мен сыну бұрышының мәнін анықтады

3. Сыну заңының формуласын түрлендіріп есептер шығара алды.


8-сынып оқулық

АрманПВ Закирова А
Кері байланыс беріп отырамын фигуралар арқылы


(8 мин)

Білім дағдысы: Білу, түсіну, қолдану

жазылым, айтылым

3-тапсырма. «Көршіңмен талқыла» жұптық жұмыс семантикалық карта толтыру.

Мына кесте бойынша есептерді шығарыңдар







n

Қандай зат?

1

450

270







2

450







алмас

3




300

1,56




Дескриптор:

  1. Кестеге қарап есеп шартын құрастырды

  2. Сыну заңының формуласын дұрыс пайдаланды

  3. Кестені толтырды

Сұрақтар жазылған үлестірмелі кестелер


Сабақ соңы

4 мин

Білім дағдысы: түсіну білу, қолдану, жазылым, ойланым.

4-тапсырма. «Ойлан,ізден, тап»әдісі арқылы Кестенің екі бағанын толтырыңыз, үшінші бағанды үйден толтырып, келесі сабаққа әкелесіз.



Шағылу құбылысына үш мысал келтір

Сыну құбылысына үш мысал келтір

қолдану



























«Таңдау»кері байланыс.Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?

  1. Мен сабақ қызықты / қызықсыз болды деп ойлаймын.
    - Мен сабақта көп нәрсені үйрендім / үйренгенім аз болды.
    -Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.
    - Мен пікірсайыстарға жиі / сирек қатыстым.
    - Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын / риза емеспін.

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясын БББ кестесі (Білемін, Білгім келеді, Білдім)

Сабақта не қызық болды?

Сабақтың қандай сәттері ұнады немесе ұнамады?,

Сабақта қандай әдістер ұнады және ұнамады?

Қандай әдіс ұсынар едің?

Үй тапсырмасы: :§40 23-жаттығу №4,5

Жарықтың сыну шағын ессе жазу.


Бағалау







БББ кестесін толтыруға арналған қағаздар мен сұрақтар жазылған қағаздар

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

тапсырмаларды орындау барысында

-Жарықтың сыну заңын біледі

-Жарықтың сыну заңының формуласын қолданып есептер шығарады.

-тәжірибе жасайды, талдап қорытындылайды, өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады.


Кері байланыста « Жақсы», «Жарайсың», «Жаман емес», «Ойлан», «Дегенмен былай істесек, дұрыс болар еді», «Ең бастысын жіберіп алдың» деген сияқты ауызша немесе жазбаша кері байланыс орнатамыз.

Әр тапсырманы орындаған кезде «плюс, минус, қызықты» әдісі арқылы кері байланыс беремін. Сол арқылы оқушылар уәжделеді. Өзін-өзі бағалау әдісі бойынша алған білімдері ескеріледі.

Эксперимент жасау барысында физика кабинетінің қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
АКТ қолдану
Сергіту сәттері және белсенді әрекет түрлері

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?