Файл: Малімні атыжні 77 мг. Алтыбаева Жанар Амановна ПнСынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Мұғалімнің аты-жөні:

77 МГ. Алтыбаева Жанар Амановна

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4-тоқсан, №13-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

-бөлім: Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Сабақтың тақырыбы:

«Сөз». «Менің ұлым авар анасы үйреткен тілді ұмыту мүмкін емес»

Оқу мақсаты:

Б/С3 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады


Сабақ мақсаты:

- шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;

-әдеби эссе жазады.


Бағалау критериі:

  • шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;

  • әдеби эссе жазады.




Саралап оқыту тапсырмалары


Жаңа тақырыптың түсіндірілуі




Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

3 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме,оқушылар!

6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Ой шақыру

Тіл – Діл – Рух осы үш сөзді байланыстырып, өз ойларыңды білдіріңдер







4-слайд

3-5 минут

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма. Ашық сұрақтар.

  • Авар халқы тіл мәселесіне қалай қарайды екен?

  • Шығармадан қандай отбасылық құндылық байқадыңдар?

  • Кейіпкерлер несімен ерекше?

  • Бүгінгі өмірде дәл осындай кейіпкерлер бар ма?


Дескриптор:

- шығармадағы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талқылайды.

-өз пікірлерін ортаға салып, идеясын анықтайды.




6-слайд



15-20 минут



Тапсырмалар

Ықтимал жауап

  • Авар халқы тіл мәселесіне құрметпен қарайды.

  • Шығармадан авар халқы өз тілін жоғары деңгейде бағалайтынын аңғаруға болады.

  • Әр кейіпкердің іс-әрекеттерінен автор бейнесін анық көреміз.

  • Бүгінгі күнде дәл осындай кейіпкерлер бар.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, суретшіге мінездеме берейік.



Ықтимал жауап




Дескриптор: сұрақтарға жауап бере отырып, суретшіге мінездеме береді.




7-слайд


8-слайд

9-слайд



1-3 минут




3-тапсырма. Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдаңыз

1. Кейіпкер туыстарымен бақытты болуы үшін оларда не болуы керек?

2. Олардың бақытты болуына қандай факторлар кедергі жасады?

3. Қиындықпен күресудің қандай жолын ұсынасыңдар? 

Ықтимал жауап

1. Кейіпкер туыстарымен бақытты болуы үшін қарым-қатынас керек.

2. Олардың бақытты болуына суретшінің ғашығы үшін елін тастап кетуі кедергі болды.

3. Анасымен хат алысып тұру керек деп есептеймін.
Қосымша тапсырма.

Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» атты бірінші кітабында: «... Мен үшін халықтардың тілдері аспандағы жұлдыздар сияқты. Барлық жұлдыздарды бір қосып, аспанның қақ ортасынан алып жататын жардай жалғыз жұлдыз жасаудың керегі жоқ. Ол үшін Күн бар. Біраз жұлдыздар да жарқырай берсін. Әр адамның өз жұлдызы болсын. Мен өз жұлдызымды – өзімнің ана тілімді, авар тілін жақсы көремін. Кішкене тауда да көп алтын болуы мүмкін деген геологтерге қосыламын мен. Құдайым, сенің балаларыңды ана тіліңнен айырсын деп қарғаған екен бір әйелді бір әйел» - дейді. Осы пікірге өз көзқарасыңды білдіріп, «Мен өзімнің ана тілімді жақсы көремін» деген тақырыпта эссе жазыңыз.




Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді. 

- кейіпкерлер қарым-қатынасын талқылайды.

Дескриптор:

- кіріспе бөлімде тіл қасиеті туралы өзіндік пікір білдіреді.(20–25 сөз);

-негізгі бөлімде ана үкімі, тіл мәселесіне отбасының қатаң талап қою себебін анықтайды (50 сөз);

- ана мен авар халқы қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (50сөз);

- қорытынды бөлімде ана мен авар халқы бойынан өзіне, қазақ халқына үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20–25сөз)


10-слайд

11-слайд

12-слайд