Файл: Жалпы медицина мамандыы 1 курс, емтихан сратары. 20222023жж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жалпы медицина» мамандығы 1 курс, емтихан сұрақтары.
2022-2023жж.
-
Үлкен және кіші қан айналым шеңбері, маңызы.
1-Үлкен қанайналым шеңбері→жүректің сол жақ қарыншасынан басталып→дене жасушаларына қан таратады→жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады.Үлкен қанайналым шеңбері деп аталу себебі- қан бүкіл денеге таралыпғ қайтадан жүрекке келеді.
1)жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады.
2)Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға , одан әрі ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі.
3)Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектергебарады.
)Мүшелерде артерия қан тамырлары тармақталады да қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттегіні таратады.
5) Жасушалардан көмірқышықл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады.
6) Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
Маңызы:Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді.
Кіші қанайналым шеңбері → жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге қан тартады → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.
1-жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді.
2-Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады.
3-Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады.
4-Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ жүрекшесіне құйылады
5-Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады
Маңызы: Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.
-
Жүрек қабырғасының қабаттары және өткізгіштік жүйесінің маңызы?
Жүрек қабырғасы үш қабатқа бөлінеді: эпикард, миокард және эндокардия.
▪ Эпикардия - жүректің сыртқы қорғаныш қабаты.
Миокард - жүректің бұлшықет қабатының қабырғасы.
Эндокардия - жүректің ішкі қабаты.
Эпикардия ( эпи- кард) - жүрек қабырғасының сыртқы қабаты. Сондай-ақ, ол висцеральды перикардия деп аталады, себебі бұл перикардтың ішкі қабатын құрайдыЭпикарий ішкі жүрек қабаттарын қорғау үшін қолданылады, сондай-ақ перикардиалды сұйықтықтың өндірілуіне көмектеседі. Бұл сұйықтық перикарди қуысын толтырады. Эпикардың ішкі қабаты миокардпен тікелей байланыста болады.
Миокард ( миокардия ) - бұл жүректің қабырғасының орташа қабаты. Ол жүректің бұлшықет талшықтарынан тұрады, бұл жүректің қысылуын қамтамасыз етеді. Миокард - жүрек қабырғасының қалың қабаты, оның қалыңдығы әртүрлі жүрек бөліктерінде өзгереді.
Эндокардия (эндоокардия) - жүрек қабырғасының жұқа ішкі қабаты. Бұл қабат ішкі жүрек бөлімдерін жасайды, жүрек клапандарын жабады және ірі қан тамырларының эндотелиясымен үздіксіз. Жүрек атрииясының эндокардиі тегіс бұлшықеттерден, сондай-ақ серпімді талшықтан тұрады.
Жүрек өткізгіштік жүйесінің маңызы Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады. Солардың бірі оңжүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша аралығында орналасқан синоатриалдық Кис-Флек түйіні, екіншісі -оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашофф-Тавар түйіні. Осы екі түйінді бір-бірімен және синоатриалдық түйінді сол жүрекшемен жалғастыратын жіпшелер - Бахман талшықтары.Атриовентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан,қарыншааралық пердеге қарай жақындаған жерде Гис шоғыры басталады. Гис шоғырықарыншааралық перденің жоғарғы жағында орналасады. Одан екі - оң және сол аяқшалар шығады. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай түседі де ,жүрек ұшындағы қалың етке жетеді. Одан әрі иіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолшыбай осы арадағы еттерге, оның ішінде емізікше еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады да, жеке Пуркинье талшықтары
на айналады. Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректіңөткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді.
синоатриалдық түйінде өздігінен туатын қозу саны өте көп. Бұл сан жүрек соғуының жиілігіне сәйкес келеді. Демек, жүрек соғуы осы түйінде туатын қозуға байланысты. Әдетте өткізгіш жүйенің синоатриалдық түйіннен басқабөлімдері өздігінен қозбайды, синоатриалдық түйін олардың автоматиялық қасиетін басып, өздігінен қозуына жол бермейді. Сондықтан бұлар тек синоатриалдық түйіннен шыққан қозуды өткізеді.Синоатриалдық түйіннің атриовентрикулярлық түйінге тигізетін әсерін тоқтатып тастаса, соңғы аталған түйін өздігінен қозып, жүрек еті жиырыла бастайды. Бірақ жүректің соғу жиілігі көп төмен болады. Сонымен жүректің автоматиялық қасиеті әсіресе синоатриалдық түйінде өте жоғары, жүрек етінің жиырылуы осы түйіннің әсеріне байланысты. Осыған орай бұл түйін жүректің пейсмекері деп аталалы
3. Жүректің жиырылу оралымы? Жүректің систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметінің оралымы ( циклы) деп аталады. Жүрек минутына 70 рет соқса, жүрек оралымы ( циклы) 0,8 сек. тең болады. Жүрекше мен қарынша жеке жиырылады. Жүрек етінің жиырылуы – систола, ал босаңсуы – диастола деп аталады. Жүрек оралымы 3 кезеңнен тұрады:
1.
Жүрекше систоласы – 0,1 сек.
2.
Қарынша систоласы – 0,3 сек.
3.
Жалпы диастола немесе жалпы кідіріс – 0,4 сек.
1-Жүрекайналымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше жнырылуы 0,01 секундтей ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түйін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы с.б. б. 5—8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастоладаболады, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады.Жүрекше жиырылған сәтте оған қан жеткізетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады. Сондықтан қан жүрекшеден веналарға қарай кері қайтпайды, веналарда қысым төмен болғанмен де қан өтпейді
2-Систоладан кейін жүрекше диастоласы және қарынша систоласы бір мезгілде басталады. Қарынша систоласы 0,33 секундке созылады, ол ширығу және қан айдау (шығару) кезеңдері болып екіге бөлінеді. Ширығу — 0,08, қан айдау — 0,05 секундке созылады.
Ширыгудың өзі екі кезеңнен тұрады: 0,05 секундке созылатын асинхрондық жиырылу мен 0,03 секундке созылатын изометрлік жиырылу.
Асинхрондық кезеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды. Жиырылу қозуға сәйкес ет талшықтар тобын біртіндегі қамтиды. Қарынша қуысында қысым онша өзгермейді, сондықтан атриовентрикулярлық қақпашалар ашық калгында қалады.
Изометрлік кезеңде қарынша еті түгелдей ширығады (қатаяды), бірақ оның қуыстары қанға толы болғандықтан жиырыла алмайды, яғни ет талшықтарының ұзындығы өзгермейді. Сондыктан да бұл кезең изометрлік кезең деп аталған. Мұнда ет талшықтарының қатаюына байланысты қарыншалардағы қан қысымы біртіндеп көбейеді.Жүрек қақпақшалары жабық қалпында қалады. Сондықтан қан қысымы көтеріледі, ол қарыншалардан шығатын қолқа мен өкпесабауындағы кысымнан асып түскен соң айшық қақпақшалар
ашылып, ширығу кезеңі қан айдау кезеңіне ұласады.
Ширығудың изометрлік кезеңінде сол карышада қан қысымы с. б. б.70-80 мм-ге, оң қарынша 15—20 мм-ге жетеді. Оң қарыншадағы қысым сол қарыншадағыдан 3-4 есе төмен болатыны, оның қабырғасындағы еттің соншалық жұқа болуына байланысты.
Қарыншалар систоласының қай айдау кезеңі айшық қақпақшалардың ашылу мезгілінен басталады. Бұл тез және баяу қан айдау кезеңдеріне бөлінеді.
Тез қан айдау кезеңі -0, 12, ал баяу қан айдау кезеңі — 0, 13 секундке созылады.Қан айдау кезеңінде айшық қалпақшалар ашылғаннан кейін қанның қарыншалардан қан тамырларына ығуына мүмкіншілік туып, талшықтары жиырылып қатты қысқарады, сондықтан карыншадағы қан қысымы арта түседі. Баяу кезең аяқтала бастағанда Миоциттер катты жиырылғандықтан қысым одан әрі көтеріледі. Сол қарыншадағы кысым с. б. б. 120-130 мм-ге дейін артады, ал Оң қарыншада 25—30 мм-ге жетеді. Кан айдаудың баяу кезеңінде қанның қарыншалан колка мен өкпе артериясына өтуін қамтамасыз ету үшін қан тамырлары қысымынан көтеріліп келе жатқан
қарыннадағы қан қысымы жоғары болуға тиіс. Осыған орай жүректің жиырылуы да күшейе түседі.
3-Қан айлау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласыбасталады, ол 0,47 секундке созылады. Бұл 4 кезеңнен тұрады: протодиастола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық.
1. ПротоДиастола кезеңі қарына диастоласының алғашқы
1-ші сатысы, оның ұзақтығы 0,04 секун. Жүрек еттерінің бәрі бірдей бір мезгілде босай алмайды, біртіндеп топ-тобымен босайды.Сондықтан қарыншалардан қан қысымы әлі де болса жоғары болғандықтан, ол
біртіндеп төмендейді, айшық қақпақшалар атылган күйінде қалады.
2. Изометрлік босау кезеңінде (ұзақтығы 0,08 секунд) айрық қақпақшалар жабылады да, ал жақтаулы қақпақшалар ашылмай жабық күйінде қалады. Ет талшықтары тұтас және бір мезетте босаңсуына байланысты қарынша қуысында қысым бастайды. Бұл қысымның деңгейі жүрекшедегі қысымнан қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады да, қан қарыншаға құйыла бастайды.
3. Жүректің қанға толу кезеңі ең ұзақ 0,25 секунд созылады. Бұл екі кезеңнен тұрады: тез толу (0,08 с), баяу толу (0,17 с). Қарыншаның қанға тез толу себебі: жүрекше-қарынша систоласы кезінен бастап ұзақ уақыт босаған қалпында (диастола) қалады да әбден қанға толып керіледі, ондағы қан қысымықаннан босаған қарыншадағы қысымнан едәуір артық келеді,
Сондықтан қан жүрекшелерден лақылдап қатты ағады. Бірақ келесі кезенде қарынша қанға тола бастасымен күрекшедегі қанның қарыншаға ағуы баяулай бастайды. Қарынналардың систоласы және диастоласы кезінде жүрекшелер диастола қалпында болғандықтан да оған қуысты веналардың екеуінен де қан құйылып тұрады, сөйтіп жүрек диастоласының үшінші кезеңінде жүрекше де, қарынша да қанға толады. Екеуінің аралығындағы
Қосжақтаулы және унижақтаулы қақпақшалар ашық күйінде қалады. Қорыта келгенде, жүрек көбіне диастола кезінде қанға толады,
4. Пресистола кезеңінде (ұзақтығы 0,1 с) жүрек циклының
жаңа кезеңі басталады, яғни жүрекшелер жиырылады да қарыншаға қосымша қан құйылады.
-
Жүрек жұмысын зерттеу әдістері?
Жүрек қызметін физиологиялық әдіспен зерттеу үшін жануардың кеуде қуысын ашады да, жазу аспабын тікелей жүрекке тіркейді. Бұл физиологияда «қанды әдіс» деп те аталады.
Клиникалық-физиологиялық әдіспен сау адамның да, науқас адамның да жүрегі зерттеледі. Клиникалық- физиологиялық әдістер:
І. Пальпация – жүрек ұшын сипап сезу.
ІІ.Перкуссия – жүректің шекарасын анықтау.
ІІІ.Аускультация – жүрек дыбыстарын фонендоскоп арқылы тыңдау.
IV.Фонокардиография(ФКГ) – жүрек тондарын жазып алу. Фонокардиограф арқылы жүректің төрт тоны жазып алынады. Олардың екеуі (І және ІІ тондар) аускультация кезінде естіледі, ІІІ және IV тондар естілмейді, өйткені олар қарыншалар диастоласы кезінде пайда болады.
V. Электрокардиография(ЭКГ) – Электрокардиогра́фия — бұл жүрек жұмысы кезінде туындайтын электр өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі.