Файл: Химиялы технологияны негізгі ымдары мен анытамалары химиялы технология, шикізат, реагент, масатты нім, жанама німдер, осымша материалдар, алдытар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 148
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тыңайтқыштар
Жоғары және тұрақты өнім алу үшінтопыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердіңқоректенуі үшін қажетті элементтері бартұздарды тыңайтқыштар деп атайды. Өсімдіктердің құрамына 60-тай химиялықэлементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп өну үшінбіріншіден көміртек, оттек, сутек керек. Бұларөсімдіктің негізін кұрайды. Одан кейін N2, Р, К, Mg, S, Са, Ғе.
Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты, агрохимиялық жағдайына, физиологиялық әсеріне, қоректену элементтеріне, қоректік заттардың концентрациясына тәуелді жіктеледі.
1)пайда болу тегі бойынша: минералдық, органикалық, органоминералдық, бактериалдық тыңайтқыштар болып төртке бөлінеді. Минералдық тыңайтқышқа: табиғи жəне өндірістерде өндірілетін минералдық тұздар жатады.
Органоминералдық тыңайтқыштар – органикалық жəне минералдық
тыңайтқыштардың қоспасы. Мысалы, шымтезек.
Бактериалдық тыңайтқыштар – топыраққа сіңімді қоректік элементтердің түрін түзетін бактериялар.
2)Агрохимиялық жағдайына байланысты минералдық тыңайтқыштар: тікелей (құрамында өсімдікті қоректендіретін элементтер
болатын тыңайтқыштар), жанама (топырақпен араласқанда оның
физикалық, химиялық жəне биологиялық қасиеттерін жақсартатын
тыңайтқыштар) болып екіге бөлінеді. Мысалы, топырақты əк немесе
доломитпен өндегенде (СаСО3, МgСО3) қышқылдығы төмендейді, ал гипс (CaSO4*2Н2О) сор топырақтың қасиетін жақсартады.
3)Физиологиялық əсеріне байланысты қышқылдық, сілтілік, нейтралды болып үшке бөлінеді. Мысалы, (NH4)2SO4; KCІ топыраққа қышқылдық, NaNO3, Ca(NO3)2 сілтілік, KNO3, NH4,NO3, нейтралдық қасиетімен əсер етеді. Бірінші топтағы тұздардың өсімдікке аниондармен, екінші топта катиондармен, ал үшінші топта катиондармен жəне аниондар əсер етеді. 4)Қоректендіргіш элементтерге байланысты азот, фосфор, калий тыңайтқыштары болады. Егер тыңайтқыш құрамында қоректік зат түрінде тек бір ғана элемент болса, біртектес, ал əртүрлі элементтер болса, əртектес немесе комплексті тыңайтқыштар деп атайды.
5)Қоректік заттардың концентрациясына байланысты микро жəне концентрлі тыңайтқыштар болады.
Калий тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи калий тұздарын және өсімдіктердің күлін қолданады. Негізгі шикізат ретінде минерал сильвинит (mKCl+nNaCl) құрамында 14-18% К2O болады және каолинит (КCl . MgCl . 6Н2О) қолданылады. Сильвинит құрамында 23-30% КCl, 65-70%NaCl болады. Осыдан КCl-ды бөліп алып тыңайтқыш peтінде қолданады. Сильвиниттен калий хлоридін екі әдіспен алады: галургия немесе бөлек кристаллизациялау әдісі. Бұл әдіс КCl -мен NaCl- дың температураға байланысты әр түрлі ерігіштігіне негізделген. 0-ден 100°С-қа дейін NaCl дың ерігіштігі өзгермейді, ал KCl-дың ерігіштігі температура өскен сайын артады. 26°С -та КCl мен NaCl ерігіштігі бірдей болады. Егер 100°С-та ерітсе КCl, NaCl-дан екі еседей көп болады. Салқындатса, тек КCl кристалданады.Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.
Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Азот тыңайтқыштарының ішінде қазіргі кезде көп таралған карбамид (мочевина) – оңай еритін түссіз кристалды зат, өте құнды тыңайтқыш, құрамында өсімдікке жеңіл сіңірілетін 46% азот бар. Аммиак селитрасына қарағанда, карбамидтің көптеген физикалық қасиеттері əлдеқайда жақсы. Агрохимиялық сапасы барлық қатты азот тыңайтқыштарынан басым, топырақ құрамында ұзақ уақыт сақталады. Өсімдіктерге тамыры жəне жапырақтары арқылы сіңеді. Өзіндік құны төмен. Карбамидті мал жемдеріне азот қоспасы ретінде қосады. Карбамид ауыл шаруашылығынан басқа өндіріс орындарында көп қолданылады. Ағаш жанқасынан плита, синтетикалық желім, фармацевтік өндірісте, мұнай өнімдерін өңдеуге, синтетикалық талшықурилон алуға жəне т.б. өндіріс орындарында пайдаланылады. . Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O.
Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі.Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі.
-
Формалин өндірсін сипаттаңыз. Технологиялық параметрлері және медицинада қолданылуы.
Формалин – метанолмен тұрақтандырылған формальдегидтің (метанал) сулы ерітіндісі. 40% формальдегид ерітіндісі формалин деп аталады. Пропонон (диметилкетон) немесе ацетон:
CH3-C = O-CH3 - өткір иісі бар түссіз сұйықтық, tboil. 56,24С, суда жақсы ериді.
Құрамында 36,5-37,5% формальдегид бар
Екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес дейді мамандар. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.
(CH2=O) газсынды өткір иісті түссіз зат , гомологиялыққатардың алифатикалық альдегидтер болатын алғашқы мүшесі. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісін формалин деп атайды.
Қасиеттері. Бұл суда және спиртте кез келген қатынаста еритін ерекше өткір иісі бар мөлдір, түссіз сұйықтық. Тотықтырғыштармен, камфорамен, ментолмен, тимолмен және резорцинмен үйлеспейді. Ол метил спиртін қосқанда тұрақтанады, бірақ 1%-дан аспайды.
Техникалық формалин-түссіз мөлдір жанғыш сұйықтық. T =+20°C кезінде техникалық формалиннің тығыздығы 1,096 құрайды.
Техникалық формалин тот баспайтын ыдыстарда (коррозияға қарсы беті жабылған алюминий немесе болат ыдыстар, полиэтилен бөтелкелер және т.б.) болады. Формалинді сақтау температурасы: 10-20 градус нөлден жоғары.
Формальдегид өндірудің негізгі әдісі - формальдегид бар реакциялық газдарды сіңіру. Бұл газдар метанолдың ауа оттегімен әрекеттесуі нәтижесінде, су буларының қатысуымен, Байланыс аппаратында, катализатор қабатында түзіледі. Метанолдың формальдегидке тотығуы 650 °C температурада және атмосфералық қысымда күміс катализаторды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жақсы дамыған технологиялық процесс және формальдегидтің 80% - ы дәл осы әдіспен алынады.
Жалпы алғанда, формалин өндіру процесі келесідей.
• 1.Метанол буландырғышында жүзеге асырылатын алкоголь-ауа қоспасын дайындау кезеңі.
• 2.Метанолды формальдегидке каталитикалық айналдыру, ол байланыс аппаратында алты жүз градустан жоғары температурада катализатор қабатында жүзеге асырылады.
• 3.Абсорбциялық колоннада жүргізілетін формальдегидті сумен сіңіру сатысы.
• Дайын өнім, формальдегид ерітіндісі дайын өнім қоймасына жіберіледі. Абсорбциялық газдар кәдеге жаратуға жіберіледі.
Формалин дезинфекциялағыш зат ретінде кеңінен қолданылады. Құмырсқа альдегиді фенолформальдегид шайырын, карбамидті шайыр, органикалық бояулар, қопарылғыш заттар, лактар алуда қолданылады. Формальдегид нәруызды ұйыту қасиетіне байланысты анатомиялық препараттарды консервациялауға, дезинфекциялауға, дәрі-дәрмек алуға және тері илеу өндірісінде, егін егу алдында дән тұқымдарын өңдеуде пайдаланылады.
Медициналық формалинді қолданудың негізгі бағыттары:
• қолды дезинфекциялау (0,5%);
• терлеудің жоғарылауымен аяқты жуу (0,5 - 1%);
• құралдарды дезинфекциялау (0,5%);
• жуғыш ерітінділер (сұйылтулар 1: 2000 - 1: 3000).
Медициналық формалинді жарықтан қорғалған, нөлден жоғары 10-20 градус температуралық режимде жақсы жабылған колбаларда сақтайды. Формалин белсенді ингредиент ретінде бірқатар дәрілік заттардың құрамына кіреді. Олардың ең танымалдары: формидрон, формалин жақпа, лизоформ, Теймуров пастасы.
-
Бейорганикалық заттар өндірісін сипаттаңыз. Күкірт қышқылы өндірісі, технологиялық параметрлері. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинадағы маңызы жайлы жалпы мәліметтер.
Бейорганикалық заттар— химиялық элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Бейорг заттар көміртектен басқа химиялық элементтері бар молекулалар. Күрделі заттар: негіздер, қышқылдар және тұздар болып 3 класқа бөлінеді. Қышқылдар мен негіздер табиғаты қарама-қарсы заттар ретінде өзара оңай әрекеттесіп, тұздар түзуге бейім келеді. Б. з.-дың көпшілігі хим. өнеркәсібінің маңызды өнімдері болып табылады. Қазақстанда олардың көптеген түрлері, мыс., фосфор, хлор, оттек, сутек, көміртек, кремний т.б., түсті металдар (алтын, күміс, мыс, темір, мырыш, қорғасын, титан, ванадий, қалайы т.б.), бинарлы қосылыстар (кальций карбиді т.б.), металдық негіздер (сілтілер), аммоний гидроксиді (мүсәтір спирті), түрлі қышқылдар, тұздар, азот, фосфор, калий тыңайтқыштары, тотияйын, ашудастар т.б. заттар өндіріледі. Бейорганикалық заттар негізінен жер қыртысында пайда болады.
Бейорганикалық дәрілік заттар - бұл бейорганикалық қосылыстарға жататын және әртүрлі этиологияның ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілер тобы.
• жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетуге көмектеседі, аурулар кезінде жүйке жүйесі жағдайын жақсартады ;
• аллергияға қарсы және анафилактикалық әсері бар;
• нейроэндокрингтік процесске біраз әсер етеді, көмірсуларға және липидтік алмасуға қатысады. Иммунитетті жоғарылатады;
• сәулелену мен тұздардың әсерін бейтараптандырады.
Дәрілік заттардың құрамына кіретін және бейорганикалық табиғаты бар барлық элементтер екі топқа бөлінеді:
макроэлементтер; - кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор
-микроэлементтер. – темір, мырыш, йод, фтор, марганец, мыс
Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесіне сәйкес бейорганикалық дәрілік заттарды жіктеу келесідей қарастырылады:
• VIII топ: темір қосылыстары;
• VII топ: йодтың спиртті ерітінділері, хлоридті және бромидті қосылыстар;
• VI топ: оттек, сутек тотығы, натрий тиосульфаты, тазартылған су;
• V топ: висмут қосылыстары және натрий нитраты;
• IV топ: әр түрлі карбонаттар;
• III топ: бор және алюминий қосылыстары;
• II топ: магний, кальций, барий, мырыш қосылыстары;
• I топ: мыс және күміс қосылыстары.
Күкірт қышқылын өндіру әдістері
Таза күкірт қышқылы (100%) түссіз, май тәрізді сұйық зат. 10,4°С температурада кристалдық зат болып қатады. 296,2°С температурада қайнайды. Күкірт қышқылы суда ерігенде (1моль) - 36 кДж жылу бөліп шығарады, өйткені ол сумен гидрат түзеді. Кейбір гидраттар ерітіндіден қатты күйде бөлініп шығарылған: Н2SО4 . 2Н2О, H2SО4 . 4Н2О.
Құрамындағы қоспаларға және концентрациясына байланысты күкірт қышқылы үш түрге бөлінеді:
• Техникалық H2SО4 (купорос майы) - 92,5 %,
• Олеум-18,5 % SО3 моногидрат құрамында бос қалпында болады,
• Мұнара қышқылы 75% H2SО4 (нитроза әдісімен өндірілген).
Күкірт қышқылын өндірудің 25%-ға дейінгі шамасы түсті металлургия зауыттарынан шыққан газдардан алынады. Бұл өндірісте SO₂ газын SO₃-ке айналдыру үшін контактілік әдіс қолданылады. Күкірт қышқылының контакт әдісімен алу жолы мынадай сатылардан тұрады:
l) Газды зиянды қоспалардан тазалау. Күйдірген газдан тозаңдарды бөліп алғаннан кейін оны катализаторға зиян келтіретін мышьяк, селен, фтор т.б. заттардан тазартады. Осымен қатар газдан өте қымбат қоспалар селен, теллур жəне т.б. бөліп алады
2) Күкірт диоксидін тотықтыру (қатты катализатормен контакт жасау). Катализатор ретінде: Pt, темір оксиді, ванадий (V) оксиді қолданылады. Ең активті катализатор – Pt, бірақ құны өте жоғары жəне тез уланады. Күкірт қышқыл зауыттарында промоторланған 7% V2O5-ді, промотр ретінде сілтілік металдар оксиді (К2О) қолданылады. Ванадийді катализатор ретінде қолданғанда бастапқы температура 580-6000 С-тан соңында 450-4000 С температураға дейін төмендейді.
Нитрозалық әдіс
Күкірт қышқылының нитрозалық әдісінде катализатор ретінде азот тотықтары (нитроза N₂O₃) қолданылады. SO₂ газының тотығуы негізінен сұйық фазада өтеді де, ол ұңғышақты мұнараларда жүреді. Сондықтан бұл әдіс аппараттық қолдану жағынан мұнаралық әдіс деп те аталады.
Жағу пешінен шыққан газ арнайы сүзу процестерінен өтіп (колчедан күйінділерінен тазаланғаннан кейін)
350°С температурада мұнаралар жүйесіне келіп түседі. Алғашқы екі-үш мұнарада ұңғышақтар нитрозамен себеленіп тұрады. Нитроза ерітіндіде еріген күйде болады, мұнда азот тотықтары күкірт қышқылымен нитрозил күкірт қышқылы NOHSO₄ түрінде байланысқан. Бұл қышқыл жоғары температурада гидролизге түседі.
Формалин өндірсін сипаттаңыз. Технологиялық параметрлері және медицинада қолданылуы.
Бейорганикалық заттар өндірісін сипаттаңыз. Күкірт қышқылы өндірісі, технологиялық параметрлері. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинадағы маңызы жайлы жалпы мәліметтер.
-
Азот қышқылы өндірісін сипаттаңыз, технологиялық параметрлерін көрсетіңіз. Сұйытылған азот қышқылын концентрлеу.
Азот қышқылы маңызды минералды қышқылдардың бірі. Сусыз азот қышқылы түссіз сұйық, ауада буланады. Өте күшті тотықтырғыш. Өнеркәсіпте азот қышқылы 2 түрде шығарылады: 50-60%-тік сұйытылған азот қышқылы(құрамында азот бар минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін қолданылады); 96-98%-тік концентрленген азот қышқылы(жарылғыш заттарды, бояғыштарды, пластмассаларды, нитроланттарды өндіруде қолданылады).
Азот қышқылын алу әдістері:
Селитрадан алу ( Глаубер əдісі). XVII ғасырдың ортасынан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін осы əдісті қолданды.
Бұл əдіс селитраның қоры көп жерде қолданылды.
Ауадан алу. Азот пен оттек 1200 С реакцияласа бастап (электр ұшқынында) 3000 С-та тепе-теңдік оңға қарай ығысады. Доға əдісі плазма үдерістерін қолдану нəтижесінде қайта жаңаруда.
Осылай түзілген азот оксиді өздігінен оттекті оңай қосып алып, азоттың диоксидіне айналады:
Азот диоксиді сумен реакцияласып азот қышқылын түзеді:
Бұл əдіс электр энергиясы арзан жерде болмаса, өте қымбат əдіс болғандықтан, қолданудан қалып келеді.
Азот қышқылын аммиактан алудың негізін қалаған инженер И. И. Андреев 1914 жылы Донбаста көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып, азот қышқылын алуға болатындығын дəлелдеп, 1917 жылы Донбаста бірінші зауыт салды. Синтетикалық жолмен алынатын аммиактың 35%-ы азот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен сұйытылған азот қышқылы алынады.
Сұйытылған азот қышқылын алғанда аммиакты атмосфера қысымында, азот оксидін жоғары қысымда тотықтырады да, түзілген азот диоксидін сол қысымда сумен абсорбциялайды. Аммиактан азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы негізгі алты операциядан тұрады.
Азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы: 1 – ауа мен аммиакты тазарту, 2 – катализаторда аммиакты тотықтыру, 3, 4 – нитрозды газдарды суыту, 5 – азот оксидін тотықтыру жəне азот қышқылының түзілуі, 6 – газдарды тазарту.
Яғни, Бірінші операцияда аммиак пен ауа араластырылып сүзгіленеді. Екіншіде аммиактың катализаторда тотығу раекциясы жүреді: 4NH3 + 5O2 = 4NO+6H2O+Q Катализатор ретінде көбінесе радий бар платина қорытпасын қолданады және қорытпа жіп секілді тоқылған тор болуы керек (0,09мм). Және де катализатормен жанасу уақыты оте қысқа болуы керек. Бұл реакция негізінен экхотермиялық, бірақ бөлінген жылу есебінен қажетті температура сақталады.
Осыдан бөлінетін жылудан газ қоспасы қызады, сондықтан (3) жəне (4)-ке салқындатуға жібереді, бұл жерде кәдімгі температурада 10-50С та жартылай азот оксиді диоксидке дейін тотығады:
Азот оксидінің аяғына дейін тотығуы азот қышқылын алумен, яғни диоксидтің суға абсорбциялануымен бірге жүреді. Осы жерде таза азот қышқылы бөлініп алынады. Шыққан газдар (6)-да тазаланып, атмосфераға жіберіледі.
Сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін буландыру арқылы 68,4%-дық азот қышқыл ерітіндісін алуға болады.
Ал концентрлі азот қышқылын Қазіргі кезде тура синтездеу жолы арқылы жүзеге асырылады: Əр тонна азот қышқылын концентрлеуге 3-4 т күкірт қышқылы шығындалады. Бұл операция автоклавта 900 С температурада жəне 5МПа қысымда жүреді, 97-99% HNO3 алынады. Бұл реакцияның ең қиыны азоттың сұйық оксидін алу (димерді) болып табылады.
Медицинада қолданылуы
фармакологиялық (тері түзілімдерін кетіруге арналған препараттарға кіреді);
дәрі-дәрмек (сүйелдерді және басқа тері түзілімдерін күйдіруге арналған).
1. сүйелдерді және кейбір басқа да тері зақымдануларын күйдіру үшін құрамында 32-33% HNO3 бар таза қышқыл түрінде;
2.висмут тұзы түрінде (висмут гидроксонитрат) және тағы басқа түрінде асқазан-ішек ауруларына тұтқыр және антисептик ретінде: ойық жара және т.б.
- 1 2 3 4 5 6
Аммиак өндірісіне сипатамма беріңіз, технологиялық параметрлерін көрсетіңіз. Медицинада қолданылуы.
Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ. Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл. Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0 °C кезінде) немесе 700 көлем (20 °C кезінде) NH3 ериді.
Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді.
Өндірістік жағдайда аммиак азот пен сутектен каталитикалық синтездеу арқылы өндіріледі:
N 2 + 3H 2 → 2NH3 + Q.
Ле-Шателье принципі бойынша қысымды көтергенде аммиактың шығымы арту керек, бұл тəжірибе жүзінде дəлелденген. Екінші жағынан, азот пен сутек қосылғанда 112 кДж жылу бөлініп шығады. Демек температура жоғары болса аммиак аз өндіріледі. Сондықтан реакцияны төменгі температурада жүргізу керек. Бірақ төменгі температурада реакцияның жүру жылдамдығы өте баяу. Сондықтан үдерісті тездету үшін катализатор қолдану керек. Бұл үдеріске ыңғайлы катализаторлар ретінде уран жəне т.б.
Затты алу процесі 500 ° C температурада және 350 атм қысымда жүзеге асырылады. Катализатор қолданылады.Алдынан шыққан аммиак салқындату арқылы алынады. Реакцияға түспеген азот пен сутек синтезге оралады.
Зертханалық жағдайда аммиак негізінен аммоний хлориді мен сөндірілген әктен тұратын қоспаны әлсіз қыздыру арқылы алынады:
2NH 4 Cl + Ca (OH) 2 → CaCl 2 + 2NH 3 + 2H 2 O.
Кептіру үшін дайын қоспаны әк пен каустикалық сода қоспасы арқылы өткізеді. Құрғақ аммиакты ондағы металды натрийді ерітіп, кейіннен айдау арқылы алуға болады.
Бұл токсикант. Тұншықтырғыш және нейротропты әсер етуі мүмкін, ингаляциямен улану өкпе ісінуіне және жүйке жүйесінің зақымдалуына әкелуі мүмкін зат ретінде жіктеледі.
(Аммоний нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний гидро- фосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді: дәнекерлеуге, гальвани элементін даярлауға, ал аммоний гидрокарбонаты: кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аммоний нитраты NH4NO3 мен алюминий және көмірдің коспасынан аммонал деп аталатын копарылғыш зат жасалынады.)
Медицинада жиі аммиак деп аталатын 10% аммиак ерітіндісі естен танған кезде, тыныс алуды ынталандыру үшін, құсуды ынталандыру үшін, сонымен қатар сырттан - невралгияда, миозитте, жәндіктердің шағуында, хирургтың қолын емдеу үшін қолданылады. Қате қолданылған жағдайда өңеш пен асқазанның күйіп қалуы (ерітіндіні сұйылтпаған жағдайда), тыныс алудың рефлекторлық тоқтауы (жоғары концентрацияда ингаляция кезінде) тудыруы мүмкін.
Жергілікті, ингаляцияға және ішке жағуға қолданады. Тыныс алуды қоздыру және науқасты естен танудан шығару үшін науқастың мұрнына дәкенің немесе аммиакпен суланған мақтаның кішкене бөлігін абайлап әкеліңіз (0,5-1 с). Жәндіктердің шағуымен - лосьондар түрінде; невралгиямен және миозитпен – аммиакты линиментпен сүрту. Хирургиялық тәжірибеде оларды қайнаған жылы суға салып, қолдарын жуады.
-
Метанол синтезінің физика-химиялық негіздері. Процестің технологиялық параметрлері. Метанолдың техникада және медицинада қолданылуы.
Метил спирті, метанол, ағаш спирті, СН3ОН дегеніміз сумен әрі кейбір органикалық еріткіштермен де барлық қатынаста араласатын түссіз сұйықтық . Метил спирті у боп саналады, оның жалынының түсі түтемей солғын көгілдір боп келеді.. Иісі және дәмі бойынша метил спирті этил спиртінен еш айырмашылық жасамайды.
Физика-химиялық қасиеттері.
Метанол, метил спирті, ол пиролизде ағаш кезінде көп мөлшерде қалыптасады, сондықтан ол кейде ағаш спирті деп аталады, СН3ОН – иісі бар, түссіз сұйықтық;
• Тығыздығы 20С-та 0,7924 г/см3ге тең;
• балқу температурасы t – 97,9С қа тең
• ал қайнау температурасы t- 64,5С тең
Метанол сумен (кез келген өлшем мен концентрацияда), бензолмен, спиртпен, ацетонмен,және басқа да органикалық еріткіштермен оңай араласып реакцияға түседі. Метил спирті улы екенін ұмытпау қажет, Бірнеше грамынан адам сокыр болады, одан көбірек болса, уланып өледі.
Метанол синтезінің технологиялық көзқарасы бойынша және оны шикізаттың басқа да қатты түрлерінен алуға болатынына қарамастан, ең тиімді шикізаты – табиғи газ және мұнай өндірісінің газдары болып табылады.
Технологиялық бастапқы шикізат болатын газ - көмірсутектік газдың : табиғи газдың, ацителен өндірісінің синтез газының, кокс газының, сұйық көмірсутектердің (мұнай, мазут, жеңіл каталитикалық крекингтің) және қатты отындардың (көмір,сланец) конверсиясы (айналуы) нәтижесінде алынады.
• Метанол синтезі үшін бастапқы газды сутегі алу өндірісіндегі барлық шикізат қорынан алуға болады, мысалы аммиак синтезі және майларды гидрлеу процесстері.
СО+2Н2→СН3ОН
• Қысым. Техникалық есептеулерде көбіне тепе-теңдік константасы компоненттердің парциалды қысымдары арқылы беріледі.