Файл: Бірік жалпы орта білім беретін мектебі Трбие сааты т аырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бірік жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Т ақырыбы:
Муфтуллина А.К
2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: Ұранды елдің – ұланы қайсар
Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, слайд, видеоролик т.б.
Түрі: сайыс сабақ
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1.Психологиялық дайындық
Жарқын болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйер ер жетер
Біз болашақ гүліміз
2. Қызығушылықты ояту
-Балалар, өздерің білетіндей мамыр айы мерекеге толы, сондай бір қуанышты айлардың бірі деп айтуға болады. Мамыр айындағы қандай мейрамдарды білесіңдер?
-Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар! Осындай керемет мерекелердің бірі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні болып табылады. Сыныбымыздың келешекте Отан қорғар ұлдарын мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім: 7-мамыр Отан қорғаушылар күні туралы не білеміз? Осы туралы тоқталып өтсек. (презентация көрсету)
Отан қорғаушы күні — Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке.
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Бұдан кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшу үшін қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.
Келесі жылы, яғни, 1992 жылдың 7 мамырында Н.Ә.Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлық негізінде, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне байланысты, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды. Осы күні әскери саладағы үздіктерді марапаттап, әскери атақтар тағайындайды. Елімізде әскери реформаның концепциясы жасалып, қорғаныс саласының түрлі сұрақтарын қамтыған әскери құрылымның мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Заңға сәйкес, 7 мамыр демалыс күні болып бекітілді.
Отан қорғаушыларды мерейлі мерекемен құттықтаймыз! Отанымыздың тірегі болар азаматтарға мықты денсаулық тілейміз!
Мұғалім: Ал, енді, балалар, бүгінгі мерекемізде ұлдарымыздың сайысын тамашалайық. Сайысымыз бірнеше кезеңдерден тұрады. Ендеше, бірінші кезеңімізді бастайық.
1-кезең: «Жалғасын айт»
-Құрметті, сыныбымыздың ұландары, сіздерге қазір, Отан туралы мақал-мәтелдер беріледі. Сендер солардың жалғасын табуларың керек.
1) Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2) Отанды сүю — от басынан басталады.
3) Отан оттан да ыстық.
4) Ел іші — алтын бесік.
5) Отан ұшін күрес —
Ерге тиген үлес.
6) Отансыз адам —
Ормансыз бұлбұл.
7) Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
8) Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.
Мұғалім: Жарайсыңдар, азаматтар! Отан туралы мақал-мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар, -дей келе келесі кезеңімізге өтейік.
2-кезең: «Алып күштің иесі»
-Балалар, бұл кезеңде сендер қарсылас жұптармен білектесіп, күштеріңді ортаға салатын боласыңдар. Кім барлық кезеңде білектесіп ұтса, сол жеңіске жеткен болып есептеледі.
3-кезең: «Кім жылдам?»
-Құрметті, ұлдар қауымы, келесі кезеңіміз «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл кезеңде де сендердің физикалық күштеріңді сынайтын боламыз. Осы кезеңде кеудені жерден көтеруді (отжимание) жасап жарысатын боламыз. Кәнекей, кімнің төзімді, кімнің жылдам, кімнің күштірек екенін бірге көрейік!
Мұғалім: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!- демекші, келесі «Тура жүр» деген кезеңімізде азаматтарымыздың ептілігін сынайтын боламыз.
4-кезең: «Тура жүр»
-Балалар, сендерге бұл кезеңде, кітап пен алма беріледі. Бастарыңа алдымен кітапты, оның үстіне алманы қойып, белгілеген жерге дейін жүріп өтулерің керек. Кім алманы және кітапты құлатып алмай, мәреге жетсе сол жеңіске жетеді.
Мұғалім: Мінекей, балалар, осымен бүгінгі біздің мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті. Барлық кезеңге қатысып, белсенділік көрсеткен ұлдарымызға үлкен алғысымызды білдіре отырып, мерекелерімен тағы да құттықтаймыз.
Қорытынды: Халқымызда «Ер-елдің қорғаны» деген сөз бар. Еліне, жеріне адал қызмет қылып, қорғайтын, отбасына қамқор бола білуі керек жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер! Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін.
Балаларды мадақтау.
Хормен ән: «Ел қорғауға әзірміз»