Файл: Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны йымдастыруа жне жргізуге ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 234
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескертпе: Бақылау тесттері стерилизатор қабырғаларынан кемінде бес сантиметр қашықтықта орналастырылады.
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 9-қосымша |
Эндоскоптар мен олардың құралдарын өңдеу циклына қойылатын талаптар
Эндоскоптар пайдалану процесінде сілемейлі қабықтармен жанасады және стерильді ағзаларға, тіндер мен организм қуыстарына енеді. Мақсаты бойынша олар стерильді және стерильді емес эндоскопиялық араласулар жүргізуге арналған эндоскоптар болып бөлінеді.
Стерильді емес эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптар (өзіндік микробтық көрінісі бар организм қуысына табиғи жолдар арқылы эндоскоптарды енгізу) және олардың керек-жарақтары (клапандар, бітеуіштер, қалпақшалар) тікелей пайдаланылғаннан кейін бірізді:
алдын ала тазартуға;
қорытынды тазартуға (дезинфекциялаумен біріккен қорытынды тазартуға);
жоғары деңгейдегі дезинфекциялауға;
микроорганизмдермен қайта ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Эндоскопиялық жабдықтар және стерильді эндоскопиялық араласуларға арналған эндоскоптар, стерильді және стерильді емес араласуларға арналған олардың құралдарының барлық түрлері тікелей пайдаланылғаннан кейін бірізді:
алдын ала тазартуға;
дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазартуға;
стерильдеуге;
микроорганизмдермен қайта ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Эндоскопты әр пайдаланудан кейін оны өңдеудің барлық кезеңдері толық көлемде жүргізіледі. Эндоскопиялық араласуға қолданылғанына немесе қолданылмағанына қарамастан, эндоскоптың барлық арналары өңделеді.
Герметикалығы бұзылуы, өндірістік ақаулар, дұрыс тазартпау және (немесе) жоғары деңгейде тиімсіз дезинфекциялау, арналарын жеткіліксіз кептіру кезінде эндоскоп инфекция қоздырғышын беру факторы болып табылады. Эндоскоптарда биопленканың түзілуімен микроорганизмдердің көбеюіне және жинақталуына қалдық органикалық ластанулар (сапасыз тазарту кезінде) және ылғалды күйде сақтау ықпал етеді. Биопленканың ішіндегі микроорганизмдер дезинфекциялау құралдарының әсерінен қорғалған.
Барлық пациенттер инфекция қоздырғыштарының әлеуетті көздері ретінде қарастырылады, осыған байланысты барлық эндоскоптар мен олардың керек-жарақтары пайдаланылғаннан кейін бірыңғай стандарт бойынша өңделеді.
Әрбір эндоскопқа жеке код беріледі, ол оның моделі мен сериялық нөмірі туралы мәліметтерден тұрады. Код бөлімде, бөлімшеде, эндоскопия кабинетінде орындалатын зерттеулерді тіркеу журналының ерекше белгілер бағанында және эндоскопиялық зерттеулер хаттамасында көрсетіледі.
Эндоскоптар мен олардың құралдарын өңдеуді орындайтын медицина қызметкері химиялық төзімді материалдан жасалған бір рет қолданылатын қолғапты, қорғаныш көзілдірігін, масканы немесе бетке арналған қорғаныш экранын; халатты немесе жамылғыны (ұзын жеңді, ылғал өтпейтін) немесе бір рет қолданылатын су өткізбейтін жеңі (жеңқап) бар алжапқышты қамтитын жеке қорғаныш құралдарын киеді.
Эндоскоптарды және оның арналық құралдарын өңдеу кезінде микробтық аэрозольдің түзілуі мен тозаңдануының алдын алу үшін қолмен тазалау рәсімдері бұйымдар ерітіндіге толық батырылғанда, оның ішінде сұйықтық қысымы ең аз жеткілікті деңгейде белгіленетін жуу пистолеттерді қолданғанда жүргізіледі. Стерильді емес араласулар үшін эндоскоптардың арналарын кептіру қорытынды тазарту жүргізуден кейін ауаны аспирациялау немесе арналардың шығу орны сулықпен жабылғаннан кейін ауамен үрлеу тәсілімен жүргізіледі.
Персоналға жұқтыру тәуекелін азайту және стерильді емес араласулар үшін иілгіш эндоскоптарды өңдеу сенімділігін қамтамасыз ету үшін жуу-дезинфекциялау машиналарын пайдалана отырып, механикаландырылған тәсіл қолданылады. Эндоскоптардың үлкен айналымында (бір мезгілде үш және одан да көп бір түрдегі эндоскоптарды өңдеуден өткізу) механикаландырылған тәсілмен өңдеу міндетті болып табылады.
Шаншып-кесетін беттері бар эндоскоптардың құралдарымен жарақаттанудың алдын алу үшін перфорацияланған төсемдері бар контейнерлерді, жуу-дезинфекциялау машиналарын және ультрадыбыстық тазартқыштарды пайдалана отырып, персоналдың өңделмеген құралдармен жанасуы азайтылады.
Браншейбиопсиялық қысқыштан патологиялық материалды алу үшін инъекциялық инелерді пайдалануға жол берілмейді
Стерильді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізу үшін көп рет қолданылатын бұйымдар болып табылатын эндоскоптар, бір және (немесе) бірнеше рет пайдаланылатын құралдар, қосымша эндоскопиялық жабдықтар (жарықтандырғыш, инсуфлятор, эндобейне жүйесі, монитор, аспиратор-ирригатор) пайдаланылады.
Стерильді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізуге арналған эндоскоптар әрбір пайдаланылғаннан кейін мынадай бірізді өңдеу процестері жүргізіледі: алдын ала тазарту (ААТ), дербес (бұдан әрі - ҚТ) немесе дезинфекциялаумен біріккен (бұдан әрі - ҚТ+Д) қорытынды тазарту, жоғары деңгейдегі дезинфекциялау (бұдан әрі - ЖДД).
Эндоскоптың сыртқы беттерін алдын ала тазарту жуу құралының ерітінділеріне батырылған сулықтармен немесе бір рет пайдаланылатын ысқышпен сүрту тәсілімен жүргізіледі. Арналар жуу құралының ерітіндісімен және (немесе) сумен жуылады.
Қорытынды тазарту кейінгі ЖДД-ның тиімділігі байланысты болатын эндоскопты өңдеудің маңызды кезеңі болып табылады. Ол дербес процесс ретінде немесе дезинфекциялаумен бірге жүргізіледі, бұл осы мақсаттарда қолданылатын құралдармен (жуу немесе жуу-дезинфекциялау) айқындалады.
Ферменттер және (немесе) беттік-белсенді заттар (бұдан әрі - ББЗ) негізіндегі жуу құралдарында микробқа қарсы компоненттер болмайды, сондықтан олардың ерітінділері эндоскоптарды қорытынды тазарту мақсатына тек бір рет қолданылады.
Пайдаланылатын шоғырлануда бекітетін қасиеттері жоқ, аздаған көбік түзетін дезинфекциялау құралдары ластанудың бірінші көзге көрінетін белгілері пайда болғанға дейін дезинфекциялаумен біріккен тазартуға, бірақ бір жұмыс ауысымынан артық емес қолданылады, бұл ретте айқаспалы контаминацияны болдырмау үшін асқазан-ішек жолдарының (бұдан әрі - АІЖ) жоғарғы, төменгі бөлімдерін және тыныс алу жолдарын зерттеуге арналған эндоскоптар жеке өңделеді.
Жуу (жуу-дезинфекциялау) ерітіндісін төккеннен кейін жуу ваннасы вирустарға, микобактерияларға және Кандида түрінің грибоктарына қатысты тиімді режим бойынша дезинфекциялау құралымен сүрту тәсілімен тазартылады және дезинфекцияланады және кез келген үлгідегі эндоскоптарды (гастроскоп, колоноскоп, бронхоскоп және басқалары) өңдеу үшін қайта пайдаланылады.
Жоғары деңгейдегі дезинфекциялау қолмен (ерітіндіге толық батырылған кезде) немесе механикаландырылған тәсілдермен орындалады. Эндоскоптарды жоғары деңгейдегі дезинфекциялауды сүрту тәсілімен жүргізуге жол берілмейді.
Өңдеудің қорытынды кезеңінде қатты және иілгіш бронхоскоптарды зарарсыздандырудың жол берілетін деңгейі жоғары деңгейдегі дезинфекция болып табылады, сонымен қатар медициналық ұйымда қажетті жағдайлар мен жабдықтар болған жағдайда стерильдеу өткізіледі. АІЖ (ректоскоптар), ЛОР-органдарын (риноскоптар, ларингоскоптар, отоскоптар) зерттеуге арналған қатты эндоскоптар өңдеудің қорытынды кезеңінде сондай-ақ ЖДД-ға немесе стерильдеуге (әдетте, өндірушілердің ұсынымдарына сәйкес қысымдағы қаныққан бумен) жатады.
Эндоскоптардың құралдары эндоскопиялық араласу (стерильді, стерильді емес) түріне қарамастан стерильді болады. Олар пайдаланылғаннан кейін бірізді алдын ала тазартуға, дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге жатады.
Алдын ала тазарту эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде бекітетін қасиеттері жоқ жуу (жуу-дезинфекциялау) құралының ерітіндісіне құралдарды толық батыру тәсілімен жүргізіледі. Осы сулау кезеңі аяқталғаннан кейін ерітінді төгіледі, құралдар перфорацияланған табандықта сумен жуылады (эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде құралдарға арналған жуу ванналары болған жағдайда). Ерітіндіні төгу және құралдарды шаю үшін жағдай болмаған кезде оларды жабық контейнердегі ерітіндіде жуу-дезинфекциялау үй-жайына немесе орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесіне (бұдан әрі - ОСБ) тасымалдауға жол беріледі.
Дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдында тазарту қолданылатын шоғырлануда бекітетін қасиеттері жоқ дезинфекциялау құралының ерітіндісінде жүргізіледі.
Бұйымдар дезинфекцияланған, стерильдеу алдында тазартылған және жақсы кептірілген жағдайда, эндоскоптардың құралдарына стерильдеу жүргізуді келесі ауысымға дейін кейінге қалдыруға жол беріледі.
Стерильдеу құралдарын, әдісін және режимін таңдау құралдарды өндірушінің ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады. Эндоскоптар құралдарын механикаландырылған тәсілмен стерильдеген дұрыс, егер басқа әдістер қолжетімді болмаса, химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеуге жол беріледі.
1. Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды өңдеу стандарты
Өткізу орны | Эндоскоптарды қолмен және механикаландырылған (жуу-дезинфекциялау машинасында (бұдан әрі -ЖДМ) тәсілдермен өңдеуді жүргізу реті | ||
Эндоскопиялық манипуляциялық | Алдын ала тазарту Беттерді сүрту, арналарды жуу, бүтіндігін сырттай бақылау | ||
Жуу-дезинфекциялау үй-жайы | Герметикалыққа тест | ||
Қолжетімді арналар, клапандар, клапандар ұялары, элеватор және оның айналасы (бар болған жағдайда) үшін щеткаларды қолдана отырып, қорытынды тазарту немесе қол тәсілімен дезинфекциялаумен біріккен қорытынды тазарту | |||
ЖДМ -да өңдеудің толық циклі | ЖДМ -да ЖДД жүргізу | ЖДД қол тәсілімен жүргізу | |
Жуу құралының ерітіндісімен жуу арқылы ҚТ Шаю ЖДД Шаю Кептіру 70% этил немесе изопропил спиртімен жуу Ауамен үрлеу | ЖДД Шаю Кептіру 70% этил немесе изопропил спиртімен жуу Ауамен үрлеу | ЖДД Шаю Кептіру 70% этил немесе изопропил спиртімен жуу Ауамен үрлеу |
2. Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды қол тәсілімен өңдеу процестерін тиімді жүргізудің мазмұны мен шарттары
ААТ, ҚТ/ҚТ+Д, ЖДД процестері үшін кезеңдердің бірізділігі мен мазмұны | Өңдеу процестерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету | Өңдеу процесін немесе белгілі бір кезеңін тиімді орындау шарттары | |||||||||||||||
1 | 2 | 3 | |||||||||||||||
1.Алдын ала тазарту эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде эндоскопты аспирациялық сорғыдан және жарық көзінен ажыратқанға дейін жүргізіледі. Кеуіп кетуін болдырмау үшін эндоскоп бетінің және оның арналарының жаппай, оның ішінде көзге көрінетін ластануын кетіруге арналған | |||||||||||||||||
Биопсиялық арнадан биологиялық сұйықтықтардың ағуын болдырмау үшін 10 сек ішінде биопсия-аспирация (бұдан әрі - БА) арналарының жүйесі арқылы ауаға аспирация жүргізу. | Персоналдың жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ). Жабдық (жарық көзі және аспирациялық сорғы). Қосымша арналардың жуу түтіктері болған кезде. Кейбір өндірушілердің бейнеэндоскоптары үшін су өткізбейтін қалпақша. Кейбір өндірушілердің эндоскоптарында ауа, су беру арнасын тазалауға арналған адаптер. Жуу ерітіндісі мен су үшін сыйымдылығы 200 мл кем емес бір рет пайдаланылатын немесе өңделетін ыдыстар. Жуу құралының дайындалған ерітіндісі. Бір рет пайдаланылатынтаза сулықтар немесе ысқыштар. Дезинфекциялауға арналған немесе Б сыныбының медициналық қалдықтарын жинауға арналған контейнер. | | |||||||||||||||
Эндоскоптың жұмыс бөлігін басқару блогынан дистальды ұшына дейін жуу құралдарының ерітінділерінде суланған таза бір реттік сулықпен (ысқышпен), иілетін бөлігін - айналмалы қозғалыспен сүрту. | Пайдаланылған сулықты дезқұралдың ерітіндісіне немесе Б сыныбының қалдықтарына арналған контейнерге тастау. Ысқыш ҚТ/ҚТ+Д өткізу үшін пайдаланылады, содан кейін дезқұралдың ерітіндісіне немесе Б сыныбының қалдықтарына арналған контейнерге тастау. | ||||||||||||||||
БА арналар жүйесін жуу ерітіндісімен жуу. Эндоскоптың дистальды ұшын 150-200 мл жуу құралдарының ерітіндісіне салады. Ерітіндіні және ауаны кезек-кезек аспирациялау. Ауаны аспирациялау процесін аяқтау. | Аспирациялық банкалардың толып кетуіне жол бермеу. | ||||||||||||||||
Дистальды ұшын 10 сек. ыдыстағы суға батырып, БА арналар жүйесін сумен жуу. Ауаны аспирациялау рәсімін аяқтау. | Кезең егер алдын ала және қорытынды тазарту барысында олардың үйлесімділігі проблемасын болдырмау үшін әр түрлі құралдар пайдаланылатын болса, орындалады. | ||||||||||||||||
Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес арналар және ауа мен су беру бүріккіштерін сумен жуу. | | Ауа-су (бұдан әрі - АС) клапанын АС беретін арнаны тазалауға арналған адаптерге алдын ала ауыстыру (егер өндірушінің нұсқаулығында белгіленген болса). | |||||||||||||||
Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес (олар болған жағдайда) қосымша арналарды сумен немесе жуу құралдарымен жуу. | | Барлық арналар, тіпті егер олар алдыңғы зерттеуде пайдаланылмаса да өңделеді | |||||||||||||||
Эндоскопты жарықтандырғыштан, бейнепроцессордан, аспирациялық сорғыдан ажырату, клапандарын алу. | | ||||||||||||||||
Эндоскоп коннекторына су өткізбейтін қалпақшаны (тығынды) қосу. | Рәсім бейнеэндоскопты өңдеу кезінде орындалады. | ||||||||||||||||
Эндоскопты жуу үй-жайына көшіру. | Бөлімшенің дәліздері (медициналық ұйымның) арқылы жабық түрде науамен тасымалдау. | ||||||||||||||||
Герметикалыққа тест 1) Химиялық құралдармен байланыста болғанда олардың күрделі зақымдануын болдырмау үшін оның ерітіндісіне батыруға дейін эндоскоптың су өткізбеуін (герметикалығын) растауға мүмкіндік береді.
| |||||||||||||||||
2. Қорытынды тазалау немесе дезинфекциямен біріккен қорытынды тазалау Барынша мүмкін болғанынша барлық ластану түрлерін, соның ішінде эндоскоп бетінен және арналарынан дәрілік препараттарды және микроорганизмдерді жою мақсатында жүргізіледі. | |||||||||||||||||
1- кезең. Эндоскоптың сыртқы беттері мен арналарын ҚТ/ҚТ+ Д | |||||||||||||||||
Эндоскоп пен алмалы-салмалы бөлшектерін жуу ерітіндісіне немесе жуу-дезинфекциялау құралдарына толық батыру, барлық арналарын қосалқы құралдар арқылы шприц немесе помпаның көмегімен мәжбүрлеп толтыру. Қосалқы құралдарды ажыратып, оларды ерітіндіде қалдыру. | Сыйымдылығы кемінде 10 л қақпағы бар жуу ваннасы. ҚТ немесе ҚТ + Д режимінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дайындалған жуу немесе жуу-дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісі. | Эндоскоптың шығыс саңылауларынан ауа көпіршіктерінің бөлінуінің тоқтауы арналардың толық толуын көрсетеді. | |||||||||||||||
Пайдаланылатын құралды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген уақыт ішінде ерітіндіде ұстау | Ауыз су сапасындағы құбыр суы. Бір рет пайдаланылатын таза түксіз сулықтар немесе ысқыштар. Эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құралдар. Сыйымдылығы 20-30 см3 (20-30 мл) шприц немесе помпа. Таймер. Термометр. Бір рет немесе көп рет пайдаланылатын стерильді щеткалар. Көп рет пайдаланылатын щеткаларды дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдында тазарту (бұдан әрі - САТ+Д) үшін биологиялық ластануды тіркеу қасиеттері жоқ дезинфекциялау құралының ерітіндісі бар контейнер. Дезинфекциялауға немесе Б сыныбының медициналық қалдықтарын дезинфекциялауға немесе жинауға арналған контейнер. | Құралдардың қолдану режимін: ерітіндінің шоғырлануын, ұстау уақытын, ерітіндінің температурасын қатаң сақтау. | |||||||||||||||
Ерітіндіде ұстау аяқталғаннан кейін эндоскоптың сыртқы бетін таза бір реттік сулықтармен немесе ысқышпен ластанудан тазарту. | Пайдаланылған сулықтарды дезқұралдары бар ыдысқа немесе Б сыныбындағы медициналық қалдықтарды жинауға арналған контейнерге тастау | ||||||||||||||||
Өндірушінің ұсынымдарына сәйкес клапанды және ауа, су беру адаптерін, аспирациялық клапанды, биопсиялық клапанды, енгізілетін түтіктердің бүйір бөлігін, элеватор тетігін (дуоденоскопқа арналған) клапандар ұяларын, сондай-ақ барлық қолжетімді арналарды арнайы щеткамен тазарту. Арналарды өңдеуді щеткада көзге көрінетін ластануды анықтау тоқтағанға дейін (кемінде 3 рет өту) жалғастыру. | Контаминацияланған сұйықтықтың шашырауын болдырмау үшін барлық тазалау рәсімін эндоскопты және алмалы-салмалы құралдарын ерітіндіге толық батырып жүргізу. Жарамды щеткалар өңделетін арналардың диаметріне сәйкес келеді. Щетканың арнадан әрбір шығуынан кейін көзге көрінетін ластануды кетіріп, оны ерітіндіде тазартады. | ||||||||||||||||
Арналарды өңдеу үшін қосалқы құралдарды қосу, олар арқылы барлық арналарды құрал ерітіндісімен шприцтің, помпаның көмегімен ластану қалдықтарын кетіру үшін жуу. Өндіруші нұсқаулығын қатаң сақтау. | Осы рәсімді эндоскопты ерітіндіге толық батырып жүргізу. | ||||||||||||||||
Арналардан ауаны қосалқы құралдар арқылы құрал ерітіндісін қысып шығару. | Осы рәсімді эндоскопты ерітіндіге толық батырып жүргізу. | ||||||||||||||||
2-кезең. Эндоскопты жуу, жуу-дезинфекциялау құралдарының қалдықтарынан шаю Эндоскоптың бетінен және арналарынан ҚТ немесе ҚТ+Д үшін пайдаланылған құралдардың қалдығын кетіру мақсатында жүргізіледі | |||||||||||||||||
Эндоскопты ауыз су сапасындағы суға батыру. Себезгі саптамасы көмегімен эндоскоптың және керек-жарақтарының сыртқы бетін мұқият шаю. | Сыйымдылығы кемінде 10 литр жуу ваннасы, (бір рет қолданылатын жуу құралдарының ерітінділерін пайдаланған кезде қорытынды тазартудың барлық кезеңдерін бір ваннада жүргізуге жол беріледі). Ауыз су сапасындағы құбыр суы. Эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құралдар. Сыйымдылығы 20-30 см3 шприц немесе помпа. | Әр эндоскопты шаю үшін ауыз су сапасындағы құбыр суының жаңа порциясын пайдалану. | |||||||||||||||
Шприц немесе помпаның көмегімен қосалқы құралдар арқылы арналарды сумен шаю. | Әрбір арнаны кемінде 90 мл сумен шприц көмегімен шаю немесе суды помпаның көмегімен кемінде 1 мин айдау. | ||||||||||||||||
3-кезең. Эндоскопты шайғаннан кейін кептіру ЖДД-ға арналған құралдың сумен араласуын болдырмау үшін жүргізіледі. | |||||||||||||||||
Эндоскоптың сыртқы бетін таза сулықтармен кептіру. Арналардан суды үрлеу немесе қосалқы құралдар арқылы шприц немесе помпаның көмегімен ауаны аспирациялау арқылы кетіру. | Үстел, жұмыс беті немесе шаю жүргізілген жуу ваннасы. Таза жайма (жаялық). Таза сулықтар. Қосалқы құралдар. Шприц/помпа | Микробтық аэрозольдардың түзілуін болдырмау үшін арналардың шығу жолдарын үрлеу кезде сулықпен жабу. Пайдаланылған сулықтарды дезинфекциялауға арналған контейнерге немесе Б сыныбындағы медициналық қалдықтарды жинауға арналған контейнерге тастау | |||||||||||||||
Мыналарды қою жолымен тазалау сапасын бағалау: - азопирам немесе осы мақсатта регламенттелген балама сынамалар - фенолфталеин сынамасы | Химиялық құралдар ерітінділерін (азопирам, фенолфталеин) пайдаланғаннан кейін биопсия арнасын 20-30 мл ауыз су сапасындағы құбыр суымен шаю және ауамен үрлеу, ал сыртқы бетін су құбыры суымен және құрғақ сулықпен бірізді сүрту. | ||||||||||||||||
3. Жоғарғы деңгейдегі дезинфекция ЖДД аймағында жуу-дезинфекциялау үй-жайларында орындалады. Эндоскоп үстіндегі немесе ішіндегі бактериялардың вегетативті түрлерін (оның ішінде микобактерияларды), саңырауқұлақтарды, вирустарды жою және микроорганизмдердің споралық түрлерінің мөлшерін азайту мақсатында жүргізіледі. | |||||||||||||||||
1-кезең. Дезинфекциялық ұстау | |||||||||||||||||
Эндоскопты дезинфекциялау құралының ерітіндісіне толық батыру, қосалқы құралдар арқылы шприц немесе помпаның көмегімен арналарды толтыру. | Көлемі кемінде 10 литр қақпағы бар дезинфекцияланған сыйымдылық. Стерильдеу (спороцидтік) шоғырлануындағы химиялық заттар топтарының көп рет қолданылатын ЖДД құралының жұмыс ерітіндісі. Арналарды өңдеуге арналған қосалқы құралдар. Шприц немесе помпа7). Таймер. Су термометрі. Химиялыққ индикаторлар8) | Эндоскоптың шығыс саңылауларынан ауа көпіршіктерінің бөлінуінің тоқтауы арналардың толық толғанын көрсетеді. | |||||||||||||||
Қосалқы құралдарды ажырату, шприцпен ЖДД құралының ерітіндісімен толтыру және эндоскоппен бірге ерітіндіде қалдыру, шприцті алу және Б сыныбындағы қалдықтарға арналған контейнерге тастау. Эндоскоптың сыртқы беттерінен ауа көпіршіктерін және қосалқы құралдарды сулықпен кетіру. | Эндоскоптың барлық элементтерінің және қосалқы құралдарының ЖДД құралының ерітіндісімен толық жанасуы қамтамасыз етіледі. | ||||||||||||||||
Ерітіндіде дезинфекциялық ұстау. Помпаны пайдалану кезінде дезинфекциялық ұстау уақыты ішінде ерітінді арналар бойынша мәжбүрлеп айналдырылады. | Ерітіндіні қолдану режимін немесе қолдануға дайын ЖДД құралдарын: химиялық индикаторлармен дезинфекциялық заттың (бұдан әрі - ДЗ) шоғырлануын (ауысымда бір реттен жиі емес), температураны - термометрмен, дезинфекциялық ұстау уақытын - таймермен бақылау. | ||||||||||||||||
Дезинфекциялық ұстау аяқталғаннан кейін жаңадан қосылған қосалқы құралдар және стерильді шприцтің көмегімен немесе помпаның көмегімен қолмен арналардан ерітіндіні ауамен үрлеу. | Қосалқы құралдар. Стерильді шприц немесе помпа. Құрамында спирт бар тері антисептигі. Стерильді қолғап | Кезең асептика қағидаларын сақтай отырып орындалады. Персонал тазалау аймағында халатын немесе алжапқышын, жеңқаптарын, қолғабын шешеді, ЖДД аймағына ауысады, қолына гигиеналық өңдеу жүргізеді және дезинфекцияланған зндоскоппен манипуляциялар алдында стерильді қолғап киеді | |||||||||||||||
2-кезең. ЖДД-дан кейін шаю | |||||||||||||||||
Қосылған қосалқы құралдары бар эндоскопты микробиологиялық сапасы регламенттелген суы бар жуу ваннасына немесе адысына салу. Эндоскоп арналарын қосалқы құралдар арқылы стерильді шприцтің немесе помпаның көмегімен шаю, суды ауамен шығару. Эндоскоптан қосалқы құралдарды ажырату. Стерильді сулықты немесе себезгі саптамасын қолдана отырып эндоскоптың сыртқы бетін шаю. Қосалқы құралдарды сумен мұқият шаю | Гастроинтестиналды эндоскоптарды шаюға арналған көлемі кемінде 10 литр жуу ваннасы немесе толық батырылған кезде бронхоскоптарды шаюға арналған жеткілікті көлемдегі ыдыс. Гастроинтестиналды эндоскоптарды шаюға арналған ауыз су сапасындағы құбыр суы. Бронхоскоптарды шаюға арналған стерильді, қайнатылған немесе микробқа қарсы сүзгілерде (өлшемі 0,2 мкм артық бөлшектерді ұстауды қамтамасыз ететін) тазартылған су. Қосалқы құылғылар. Стерильді шприц немесе помпа. | Кезең асептика қағидаларын сақтай отырып орындалады. Шаю тәртібі (шаюдың жиілігі мен ұзақтығы) қолданылатын құралдың нұсқаулығында жазылған. Әрбір арнаны шаю үшін пайдаланылатын судың көлемі 90 мл кем болмауы тиіс. Шаюға арналған су қатаң бір рет пайдаланылады. | |||||||||||||||
3-кезең. Эндоскопты кептіру. | |||||||||||||||||
Эндоскопты және қосалқы құралдарын судан алу және стерильді жаймаға қою (алдын ала оның ішіндегі суды төгу). Стерильді сулықпен эндоскоптың сыртқы бетін, клапандарын кептіру. Қосалқы құралдарын қосу және ауаны үрлеу немесе стерильді силикон түтік арқылы аспирациялау арқылы арналарды кептіру. | Стерильді сулықтар. Стерильді жайма. Қосалқы құралдар. Стерильді силикон түтік және вакуумды аспиратор немесе стерильді шприц немесе помпа | Кезең асептика қағидаларын сақтай отырып орындалады. | |||||||||||||||
Эндоскоп арнасын және элеватор аймағын (дуоденоскоп үшін) спиртпен жуу және оларды ауамен үрлеу. | 70%-дық этил немесе изопропил спирті. Қосалқы құралдар. Стерильді шприц | Пайдаланылатын спирттің мөлшері белгілі моделдегі эндоскоптың жуылатын арналарының көлеміне сәйкес келеді. | |||||||||||||||
1) Герметикалықты тестілеу тәсілін, оны жүргізуге арналған жабдықты және тестілеу тәртібін эндоскопты өндіруші белгілеген. 2) Ағын іздеушіні зарарсыздандыру тәсілі оны қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген. 3) Эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құралдар (арналарды жууға және жуу ерітіндісімен, сумен, ЖДД үшін құралдар ерітіндісімен, спиртпен және ауамен толтыруға арналған құралдар: аспирациялық арнаның және АС арналарының ирригаторы, биопсиялық арнаны аспирациялық тазалауға арналған адаптер, қосымша арналарды жуу түтіктері) қол тәсілі кезінде эндоскоппен өңдеудің барлық циклінен өтеді, одан кейін бірден қайта пайдаланылады. 4) Көп рет қолданылатын щеткалар пайдаланылғаннан кейін САТ+Д және эндоскоп құралдары ретінде стерильденеді. Бір рет қолданылатын щеткаларды пайдалану кезінде арналар диаметрлерінің және тазартуды жүргізу сәйкестігіне өндірушінің нұсқаулары басшылыққа алынады. 5) Әрбір оныншы, бірақ бір ауысымда кемінде бір өңделген эндоскоп тазарту сапасына тестіленеді. 6) Фенолфталеин сынамасы рН 8,5 және одан жоғары ерітінділерді тазалауға пайдалану кезінде қойылады. 7) ЖДД процесін жүргізу кезінде (дезинфекциялық ұстау, шаю, кептіру) ЖДД аймағында орнатылатын помпа пайдаланылады. 8) ДҚ жұмыс ерітіндісінде ДЗ-ның шоғырлануын бағалауға арналған химиялық индикаторлар дезқұралдардың және химиялық индикаторлардың өндірушісінің нұсқаулығына сәйкес пайдаланылады. |