ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан. Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Д.А.Қонаев атындағы колледжі
Химия пәнінен
Химия арқылы сұлулық,Тұрмыстық химия
Орындаған : Байсын Т.
Қабылдаған:Тлегенова Р.Н
Астана 2023
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
Пластикалық ота. Зияны қандай? | 4 |
Тұрмыстық химиялық заттардың зияны қандай? | 5 |
Қорытынды | 8 |
Кіріспе
Жастар арасында мұндай жасанды сұлулыққа талпыну күн сайын өршіп тұр. Қалтаңызда жетерлік ақшаңыз болса болғаны, сұлулықты сатып ала аласыз. Оның үстіне ота деңгейіне қарай бағасы да қолжетімді. Бұл қазір әлемнің жер-жерінен «ауруларды» өзіне баурауда.
Көптеген қыз-жігіттердің арманына айналған кореялық әртістердің 95 пайызы осы пластикалық отаға жүгінеді екен. Ал қазір әртістер ғана емес, Корея елінде жастар арасында бұған әуестік күн сайын көбеюде. Бұл табиғи сұлулыққа деген қиянат қана болып қалмастан, әртүрлі ауруларға душар ететіні айтпаса да түсінікті.
Тұрмыстық химияның адам өміріне пайдасынан гөрі зияны көп екені ешкімге құпия емес. Алайда, үйді тазалау барасында – таптырмас құрал. Соған қарамастан, эко-өмірге көшекісі келетін адамдар үшін мынадай кеңестер береміз.
Тұрмыстық химияның көбісінің құрамында формальдегид бар. Формальдегид канцероген болғандықтан, ағзаға жиналған кезде қатерлі ісік ауруын туғызуы мүмкін. Одан басқа тұрмыстық химияның барлық дерлік түрі біз тұрып жатқан үйдің ауасын зиян және улы қоспалармен ластайды. Ал қолдың терісі тұрмыстық химиядан ең көп зардап шегетіндіктен, тырнақтын нашарлауы, терінің құрғақтауы, аллергияның пайда болуына әкеп соғады. Әрине, тұрмыстық химиядан мүлдем бас тарту оңай емес. Алайда, оларды пайдалануды азайтса болады.
Зерттеудің мақсаты:Білімнің жаратылыстану бағытындағы қорын молайту, өмірде, тұрмыста қосымша мәліметтер қоржынын жинақтау арқылы бір жүйеге түсіріп зерттеу. Қарапайым тұрмыстық өзінде химияның өнімдерін қолдану, алған теориялық мәселелерді практикамен ұштастыра білу, тұрмыста қолданылатын заттармен қатар адам ағзасына қажет биогенді микроэлементтердің әсерін және адам баласы дені сау, салауатты өмір сүру үшін қандай сапалы азықтармен тамақтану қажеттігін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Адам ағзасына қажет элементтерді ажырата білу,
Химялық өнімдердерді алудын соңғы жетістіктерін зерттеу, химиялық өнімдерді бақылау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:Тіршілік барысында және күнделікті тұрмыста адамзат баласы айналадағы жиі қолданылатын табиғи заттар мен химиялық жолмен алынған заттарды танып-білудің тигізер пайдасы мол болмақ.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі:Зертеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде химия ғылымына қатысы бар заттарға, ғылымның соңғы жетістіктерін зерттеу, жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі : Тұрмыстағы заттарды ғалымдардың еңбегіне сүйеніп, зерттеу барысында заттар туралы жинақтап, бір жүйеге түсіріп, көмекші анықтамалық құрал ретінде жарыққа шығару. Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарының жалпы қасиеттерін, олардан жасалатын заттардың түрілерін насихатау.
1. Пластикалық ота. Зияны қандай?
Әлемде пластикалық хирургияға деген сұраныс күн санап артып барады. Әсіресе Оңтүстік Кореядағы медициналық туризмнің осы бағыты мейлінше дамыған. Сырттан келушілерді былай қойғанда, кореялықтардың өзі де «жасарту операцияларын», бет-әлпетті өзгерту оталары жасатуға әбден әуес болып алған. Осыны пайдаланып жеңіл ақша жасағысы келетіндер де пайда болды. Пластикалық хирургияға орасан зор сұраныспайда болғандықтан, соңғы жылдарда осы саланы делдалдар қаптады. Табиғатынан берілген келбетін ұнатпай, мәселени хирургиялық үстелде шешуді жөн көрген әйелдердің саны әлемде де күн санап артып барады. Бірақ, Қазақстанның өзінде бұл ерекше құбылысқа айналды. Метрода, қоғамдық көлікте, көшеде, сауда орталықтарында «жүзіңізге жаңа өмір сыйлаңыз», «омырау коррекциясы», «бетті контурлау», «блефаропластика» (қабақтың пішінін өзгерту) мен «абдоминопластика» (сымбатты фигура) секілді қызмет түрлері тықпаланады. Тек әйелдер емес, ер азаматтардың арасында да пластикалық хирургияға жүгіну белең алып барады. Әсіресе «төртбұрышты жақтарды» кішірейту оталары кеңінен таралған. Әйткенмен, пластикалық хирургияны екінің бірі жасай бастауы түбі теріс нәтижелерге әкеп соғатыны белгілі еді. Көп ұзамай, етек алған платикалық хирургияның құрбандары да шыға бастады. Мәселен, бір пациент жаңбыр жауған сайын иегі ауыратынын байқапты. Ал осыдан біраз бұрын ол мұрнының пішінін өзгерту ниетімен пластикалық хирургтың көмегіне жүгініпті. Хирург болса мұрын мәселе – иектің қисықтығынан деп сендіріп, операция жасатуға көндірген. Нәтижесінде пациенттің иегі шынында да тартымды болып шыққанымен, екінші жағынан алғанда жиі ауыра бастаған. Сөйте тұра, хирургтен зардап шеккен әйел әлі де пластикалық операцияларды жалғастыруды жоспарлап отыр екен. Қазір ата-аналар өздерінің жасөспірім қыздарының «көздің қосарлы хирургиясы» деп аталатын операцияларын жүргізу үшін ақша беруді әдет айналдырыпты. Оның нәтижесінде көз үлкейіңкіреп, айқындау көрінеді. Былайша айтқанда, азиаттық үлгіден еуропалық келбетке жақындай түседі. Бұған медициналық орталықтардың «Көркіңізге деген сенімділік сізге бақыт сыйлайды» деген сыңайдағы жарнамалары да үлес қосады.
Пластикалық хирургияның бірнеше түрі бар. Аутопластика түрінде кемістікті түзетуге не жамауға қажетті тінді науқастың өз денесінен (тін, тері, ішек, т.б.), гомопластикада — операцияға қажетті тінді басқа адамның (кейде өліктің) организмінен алады, гетеропластикада — арнайы пластикалық материалдар үшін жануарлар тіні пайдаланылады. Пластикалық ота жайлы көп зерттедім. Өте көп. Отаны жасататындардың 90% әйелдер қауымы, ал 10% жігіттер екен. Қазақстанда да пластикалық ота жасату үшін өзінің балаларын кәмілет басқа толмай жатып ата-аналар арнайы қолдарына туған күніңе деп сертификатты береді екен. Бір журналистің поезда бір хирургпен жүргізген сұхбатын оқып едім. Көбінесе пластикаға жүгінетіндер, байдың балалары екен. Олар ата-анасына неге менің аузым қисық, неге менің мұрным қисық деп операцияны жасалып алады екен. Бұл бір жаңалық деп айта алмаймын. Пластикалық отаны әрине қалталылар жасатады. Пластикалық операцияға бір жүгінген адам, тоқтай алмай қалады деген өтірік әңгіме. Айналып келгенде, барлығы да адамның сана-сезіміне байланысты дүние.Енді операцияның жасалу барысына көз жүгіртіп көрелік.
Блефаропластика қалай жасалады? Ең алдымен дәрігер отаға асықпай дайындалады. Содан соң пациенттің көзіне дәрі егіледі. Операцияның созылу ұзақтығы 1-2 сағат. Көздің үстіндегі артық майды (грыжа) алған соң, орны ең жіңішке жіппен тігіледі. Пластикалық отаның тағы қандай түрлері бар? Олар өте көп. Мысалы: Фейслифтинг-беттің терісін жасарту.Фронтлифтинг- шеке мен қасты көтеру. Ринопластика- мұрынның пішінін өзгерту.Хейлопластика- еріннің пішінін өзгерту. Бүгінгі таңда тіпті басындағы шашты алып, кірпік етіп жасап бере алады. Көздегі немесе мұрындағы тыртық уақыт еншісінде. Бәрі де біраз уақыттан соң жазылып кете алады.
Қорыта келе, пластикалық отаны сұлулық үшін жасататындардың болашақта бәрібір күндердің күнінде салдары шығады. Ал ондай адамдардың табиғатқа өкпесі немесе өзінің түріне көңілі толмауы деп айту қате пікір. Әр адамның өзіндік түсінігі, өмірге деген көзқарасы бар.
2. Тұрмыстық химиялық заттардың зияны қандай?
Зерттеулерге сүйенсек, еден жууға арналған сұйықтықтар мен ванна жуатын шашыратқыштардың ең кішкене бөліктерінің өзі өкпеге жиналып, соңы ауыр асқынуларға, тіпті демікпеге әкелуі мүмкін.
Сонда үйді денсаулыққа зиян келтірмей қалай таза ұстауға болады:
Жинақтаушы әсер
Норвегиядағы Берген университеті ғалымдарының 22 жыл бұрын бастаған тәжірибиесіне 6,235 адам қатысты. Олардың барлығы аптасына бірнеше рет бөлме тазалады. Олар өз пәтерлері мен үйлерінде немесе тазалау компанияларында және арнайы шақырту бойынша тазалық жұмыстарымен айналысты.
Ғалымдар тіпті, тәжірибе барысында күтпеген нәтижелерге қол жеткізді. Сонда тазалық жиі жүргізілген сайын, сол тазалықты жүргізген адамдар қайталанатын тыныс алу ауруларымен ауыра берген. Сондай-ақ, зерттеушілер ұқыпты үй иелерінде демікпе дамуының ықтималдығының 40% -ға артқанын анықтады.
Сөйтсе, тұрмыстық химиялық заттардың кішкентай бөлігінің өзі мейлі ол шашатын құрал немесе тазалайтын крем болсын, өкпеге жиналады екен. Ал ол шырыштың тітіркенуіне және одан кейін болатын деформацияға әкеледі.
«Тазалағыш заттардағы химиялық қосылыстар тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына түсіп, жергілікті тітіркену мен гиперемия, ісіну басталады. Соның нәтижесінде өкпе көлемі кішірейіп, ағзаның тыныс алу жүйесі бұзылады », – дейді зерттеу авторлардың бірі Остин Свонс.
Бұл ретте, ғалымдар күнделікті тазалықтың зиянын күн сайынғы темекі шегумен теңестірді.
«Бұған дейін пәтерді тазалау темекі шегу сияқты денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін деп ешкім ойламады. Зерттеуге сәйкес, үй шаруасындағы әйелдер 10-20 жыл бойы күн сайын 20 темекі шеккен деген түсінік қалыптасады», – дейді Свонс.
Сарапшылардың пікірінше, дезинфекциялау құралдары адамның денсаулығына кері әсерін тигізгендіктен, оларды пайдаланудың негізгі қағидасы дұрыс емес.
«Егер тазалағыш құралдағы белсенді зат микробтарды және вирустарды өлтірсе, онда оның бөлшектері біздің ағзамызға біртіндеп жиналып жатыр. Ал тұрмыстық химия құралдарының бөлшектері қандай да бір конценстрацияда жиналса, денсаулықта әр түрлі бұзылулар орын алуы мүмкін», – деді Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің “Органикалық химия” кафедрасының профессоры Валерий Петросян.
Нәзік жандыларға қатты әсер етеді
Ғалымдар зерттеу нәтижелері бойынша тағы бір қызықты заңдылық тапты. Мамандардың айтуынша, жүйелі түрде тазалық жүргізу тәжірибеге қатысқан ер адамдардың ағзасына ешқандай зиян келтірмеген.
«Мүмкін, ер адамдардың өкпесі тазалайтын химиялық заттардың теріс әсеріне аз сезімтал. Сонымен қатар, бұрынғы зерттеулер көрсеткендей, еркектердің ағзасы әртүрлі тітіркендіргіштерден, соның ішінде темекі түтіні мен ағаш шаңынан да көп зардап шекпейді », – дейді Свонс.
Сонымен қатар, 20 жылдан астам уақыт тұрақты тазалық жүргізген зерттеуге қатысқан әйелдердің 13,6% -ында демікпе пайда болған.
Осындай жағдайларға байланысты норвегиялық ғалымдар өндірушілерді тазалық өнімдерінің қаптамасына аммиак пен хлор тәрізді тыныс алу органдарына зиянды заттардың бар-жоғы туралы ақпарат жазуға шақырды. Сонымен қатар, зерттеушілер ваннаны қоспағанда, үйдің барлық бөліктерін микроталшық матамен және қарапайым сумен тазалауға болатындығын еске салады.
Қортынды
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Химиялық қосылыстарды бақылаусыз қолдануды болдырмаудың алдын алу керектігін ұғындыру. Күнделікті өмірде химиялық білімнің белгілі бір мөлшерінің қажет екенін сезіну, маңызды химиялық элементтер мен химиялық өнімдердің атқаратын рөлі және қайдан алу керектігіне бағыт-бағдар алады.
Менің ұсыныстарым:
Тұрмыстағы заттар туралы жинақталған мәліметтерді көмекші анықтамалық құрал ретінде шығарылса;
Адам ағзасында кездесетін биогенді микроэлементердің әсерін және салауатты өмір сүру үшін сапалы азықтармен дұрыс тамақтану ережесін шығарылса.