ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 99
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Қазақтың тыйым сөзі –ұлттық тәрбие көзі» | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | «Сыпайылыққа,имандылыққа тәрбиелеу | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. | |
Құндылықтарды дарыту | Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | «Қазақтың ырым-тыйым сөзі - тәрбие көзі» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Күнделікті өмірде тәрбие құралдары: қанатты сөздер, ойындар, мақал-мәтелдер, т.б. ауыз әдебиет үлгілерін пайдалануда. Ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа баулыған. Ұлттың рухани қорына үлес қосып, ұлттық тәрбие санасын оятуға түрткі болған.Соның бірі - халқымыздың ұлттық педагогикасы.Оның ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім-тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттен жиоендіріп, жақсылыққа жетелеп. өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. «Осылай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес», т.б сөздердің жауабы «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Ырым-тыйым сөздердің түсініктемесіне көңіл қойсақ: Балаға ми жеуге болмайды – мидай былжыр, ынжық болып өседі деп тыйым салған. Жас балаға бұғана ұстатпаған – бойы өспей қалады деп. Қойды аттама – ол киелі мал. Меккеге барған деп атауға тыйым салған. Ыдыстағы суға ауызынды салма – ол ыдыстағы су арам болады дейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма – малдың ырысы кетеді деп ырымдайды. | | презентация |
Ортасы (20 мин) | көрініс: «Ата мен бала» өсиет. Ата: Бесікті жатқа сатпайды неге? Бала: «Бабалар рухы сынады» деп. Ата: Шаңырақты отқа жақпайды неге? Бала: «Киесі оның ұрады» деп. Ата: Өспеген көкті жұлмайды неге? Бала: «Көктей соларсын» деп. Ата: Итке не дейдә? Бала: «Кет» дейді, аяқпен теппейді. Ата: Ескертіп, жоба, жөн, жайды Үйреткен бабаң сол жайлы. | «Мақал ауласпақ» ойыны. 1. Жығылып жатып.................. (сүрінгенге күлме) 2. Біреуге ор қазба................... (өзің түсерсің) 3. Жас жемісті жұлма.............. (жас баланы ұрма) 4. Жауға жаныңды берсеңде... (сырыңды берме) | презентация |
Соңы | Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқымыздың қадірлі, қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасауда міндет, парыз, ұрпақтық борыш деп білуіміз керек. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба дәстүрін ұлттық мәдениетіміз деп қарап бағалай білейік. Енді қонақ болып келіп отырған мұғалімдерге сөз берейік. | Оқушылар өздері білетін тыйым сөздері айтады | комппютер |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Тәрбиенің мекені отбасы» | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | Отбасы тәрбие | |
Сабақтың мақсаты: | Ата-ана мен оқушы арасында сыйластық қалыптастыру | |
Құндылықтарды дарыту | Сыйпайылыққа тәрбиелеу оқушыларды | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Біз дәл қазір осы жердеміз. Өз ойымызды ашық айтамыз. Тыңдай білеміз. Қорытынды жасаймыз. (Бір-біріне қарап күлімдеп, жылы жүзбен тілек айтады) " Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. " Н.Ә.Назарбаев Құрметті ата аналар,және оқушылар бүгінгі шарамыға белсене қатысады деген ойдамын. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Гул Қағаз музыка |
Сабақ басы (13 мин) | Сұрақ бізден, жауап сізден Отбасы дегенді қалай түсінесің? Отбасынан қымбат не болуы мүмкін? Өзіңізді қандай жағдайда бақытты сезінесіз? Сәбидің бақыты неде? Ата-ананың бақыты неде? | Ата-ана баласымен бірге қатысады | Бейнежазба |
Ортасы (20 мин) | "Еске түсіру" ойыны Баласының қуантқан кезін еске түсіру. Баласының ренжіткен кезін еске түсіру. - Қандай естеліктер естеріңізге тез түсті? | Сұрақтарға жауап беру | презентация |
Соңы | "Аяқталмаған сөйлем " /әдісі/ Егер баланы үнемі сынап отырсы ... Егер балаға үнемі күлсе... Егер баланы мақтап отырса ... Егер бала төзімділікте өссе... Ертегі ойлап табайық /қасқыр, орман, аңшы, мылтық/ "Мен ата-анамын" /автопортрет жазу/ | | презентация |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Ардақта... Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – атан-ана» | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | | |
Сабақтың мақсаты: | «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; | |
Құндылықтарды дарыту | отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. | Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер? Отбасы деген не? Отбасы құрамы деген кімдер? Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай? Оқушылардың ойы тыңдалады. | видеожазба |
Ортасы (20 мин) | Демек ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата - ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады. Әке - шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды. | Балалар мақалды бастайды, келесі оқушы мақалды аяқтау керек Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар). Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без). Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер). Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар). Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды). | Кеспе қағаздар маркер |
Соңы | Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы — адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған — туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады. | Сұрақ — жауап арқылы қорытындылау 1. Отбасы деген не? 2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді? 3. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан — жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. 4. Әр оқушы өзінің отбасы жайлы әңгімелейді | Презентация арқылы сұрақтар көрсетіледі |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Интернетке қаншалықты тәуелдісің?» | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | «Интернетке қаншалықты тәуелдісің» | |
Сабақтың мақсаты: | Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Санамызда жаулап алған интернет деген алып желі бала тұрмақ үлкеннің де бар ермегіне айналып кеткен. Ермегі дейміз-ау, интернет-адамның көзі, құлағы һәм тілі десек те артық айтқандық емес. Себебі, қазір қарап отырсаңыз, мүмкіндігі шексіз ғаламтор желісін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін белсенді пайданалады. | Оқушылар ғаламтордың пайдасы мен зиянын айтады | Қағаздар маркер |
Ортасы (20 мин) | Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор. Оның өзі шығу тарихы да қызық. | | Компьютер |
Соңы | Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. | Оқушылар постер қорғайды | Презентация |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Қазақтың салт дәстүрі» | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | | |
Сабақтың мақсаты: | Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушылардың ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. | |
Құндылықтарды дарыту | Ұлттық салт - дәстүр үлгісінде ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт - дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелерінің үлгілерін бүгін тамашалап көрелік. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Салт – дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық - өнеге тәжірибесін құраған. | Оқушылар өз ойларын жеткізеді | бейнежазба |
Ортасы (20 мин) | Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы. | Сөзжұмбақ шешу. 1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі. 2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі. 3Кәделі ет мүшелері. 4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш. 5. Қуанышты хабар Сөзжұмбақ шешу. 1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі. 2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі. 3Кәделі ет мүшелері. 4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш. 5. Қуанышты хабар | бейнежазба |
Соңы | Дәстүр - кең мағыналы ұғым. Мысалы қазақтың өю-өрнек, сәулет, ән –күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған. Бұл жөнінде де өткен заман ғұламалары тебірене айтқан Мысалы, Шоқан Уәлиханов «Түркі тектес халықатрдың ішінде поэзиялық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады» десе, Г. Н. Потанин: қазақта ақындық творчество аса дамыған, ақын деген сахараға сыймайды» дейді. Жастарды ұлттық рұхта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық т. б. жатады. | Салт-дәстүрді дегенді қалай түсінесің? | комппютер |