Файл: Якорды толынды орамалары. Траты ток машиналарыны рылысы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Якордың толқынды орамалары.
Тұрақты ток машиналарының құрылысы. Тұрақты ток генераторы мен қозғалтқышы құрылымдық тұрғыдан бірдей машиналар болғандықтан құрылыстарын бірге, жұмыс жасау принциптерін жеке-жеке қарауға болады. Тұрақты ток машинасы статор жармасынан (статина), якорьден (ротор), негізгі және қосалқы полюстерден, коллектордан, щетка құрылғысынан, полюс ұштамаларынан, якорь орамасынан қоздыру орамасынан және т.б. құрылымдық көмекші арналымды бөлшектерінен тұрады. Машина құрылысының негізгі элементтері 1.1. және 1.2-суреттерінде көрсетілген.
Статор жармасы. Статор жармасы (статина) тұрақты ток машинасының
қозғалмайтын бөлігі, ол полюстерді орналастыруға және машинаның өзін іргетасқа бекітуге қызмет етеді.
1.2 – сурет. Тұрақты ток машинасының негізгі бөлімдерінің сызбалық көрінісі. | 1.3 – сурет. Тұрақты ток машиналары якорінің ойықтары |
Статинаның полюстер бекітілетін бөлігі жарма деп аталады. Ол магнит өткізгіштің бөлігі болып табылады, сондықтан ол арқылы ток өтетін магнит ағынына қолайлы жағдай жасау үшін, оны жоғары магнит өткізгіштігі бар болаттан болмаса арнайы шойыннан жасайды. Жарманы жасау технологиясы құйма болаттан немесе тұтас тартылған болат құбырдан даярлайды (4.2-сурет). Негізгі полюстердің магнит өрісі тұрақты болғандықтан, мұнда гистерезис құбылысы мен құйынды токтар болмайды.
Якорь (ротор). Якорь машинаның айналатын бөлігі, ол қалыңдығы 0,5 мм қалыпталған, тисті дөңгелек электротехникалық болат қаңылтырдан жиналған цилиндр (1.8б-сурет). Қаңылтырларды жинаған соң, арнайы тетікпен қысады, якордың сыртқы бетін бойлай ойықтар мен тістер қалыптасады. Якорьдің ойықтары, әдетте ашық болады, ал шағын машиналары үшін асинхронды машиналар роторының ойықтары сияқты жабық болады (1.3-сурет). Жинағаннан кейін пайда болған бойлық ойықтарға якорьдың орамаларын төсейді (1.4-сурет).
1.4 – сурет. Ішіне орама өткізгіштері салынған, тұрақты ток машина якорінің жартылай жабық (а) және ашық (б) ойықтары. | 1.5 – сурет. Тұрақты ток машинасының негізгі (бас) полюсті: 1-өзекше; 2-полюс ұштамалары; 3-қоздырғыш орама; 4-катушканың қаңқасы; 5-станина; 6-бекіткіш болт. |
Якорьдың қаңылтырлары арнайы электротехникалық болаттан істеледі, оның магнит өткізгіштігі, кәдімгі конструкциялық болаттыкінен айтарлықтай жоғары. Бұл магнит ағынының магнит өткізгіш темірінен өтуіне қолайлы жағдай тұғызады және магнит өткізгіште гистерезис құбылысы арттық магниттелу шығындарын азайтады. Якорьдегі құйынды токтарға (фукотоғына) электр кедергісін көбейту үшін тұтас емес, қаңылтыр жиынтығынан жасайды. Электр кедергіні көбейту үшін қаңылтырдың қалыңдығын, оның механикалық бекемдігін сақтау шегіне дейін жұқартады. Якорьді жинағаннан кейін электр тұрғысынан қаңылтырлар параллель жалғасқан болмау үшін, оны оқшаулағыш лакпен жасады ол қаңылтырдың саны қанша болмаса сонша есе электр кедергіні азайтқан болар еді. Осының бәрі ФУКО тогының әсерінен болатын электр шығынын айтарлықтай азайтады. Сонымен, магнит кедергісін азайту үшін арнайы электр болатынан, электр кедергісін көбейту үшін болатты қаңылтыр етіп тіліп, жинап, лакпен жауып жасайды. Осының бәрі гистерезис құбылысы мен құйынды тоқтардан болатын магнит және электр шығындарын азайтады.
Якорь орамасы. Якорь орамасы тұрақты ток машинасының маңызды құрамдық бөлім, ол электр энергиясын магнит энергиясына (қозғалтқыш) немесе магнит энергиясын электр энергиясына айналдырады (генератор). Якорь орамасының орамдарының өткізгіштері якордың бойлық ойықтарына орналасады, ал олардың ұштары коллектордың қаңылтырларына жалғанады.
1.10 – сурет. Тұрақты ток машинасы якорінің шамалы (а) және толқынды (в) орамаларының екі орамды бөлімдері. | 1.11 – сурет. Тұрақты ток машинасы якорінің бір орамды (а) және үшорамды (в) бөлімдері. |
Электр сұлбаларында якорь орамасын "ОЯ", ал олардың ұштарын Я1 және Я2 арқылы белгілейді. Тұрақты ток машиналардың якорының орамасы, айнымалы ток машиналарынікі сияқты тұзақтық және толқындық болып бөлінеді (1.10-сурет), олардың ұштары коллектор қаңылтырларына жалғанады. Орамалар өздеріне тұйықталған өткізгіштер жүйесіне байланысты, қарапайым немесе күрделі болып келеді. Якорь орамасының негізгі элемент (бөлім) секция болады. Секцияның якорь орамасының, бірінен- бірі ілесетін екі коллектор қаңылтырларына ұштарымен жалғасқан бөлім.
Секция бір немесе бірнеше орамдардан туруы мүмкін (1.11-сурет) Секцияның ені мүмкіндігінше, якорь полюсінің бөліктермен бірдей етіп таңдап алынады:
(1.1)
мұндағы -көршілес полюстер өсінің арасындағы якорь шеңбері бойынша, қашықтыққа тең, полюстік бөліну; 2р-тұрақты ток машинасының полюстер саны; Dя -якорьдің сыртқы диаметрі. Секцияның бүйір жақтары якорь ойықтарына, әдетте екі қабат болып, оның бір жағы ойықтың жоғарғы қабатында, ал екінші жағы төменгі қабатта орналасады, ол 1.12-суретте төрт бұрыш болып, әртүрлі түспен белгіленген.