Файл: лы нертапыштыа алашы адам инновациялы идеяларды облысты ашыты байауын ткізу ережелері Жалпы ережелер лы нертапыштыа алашы адам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

инновациялық идеялардың облыстық қашықтық байқауын өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

3. Байқаудың міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, интеллектуалды бастамаларын белсендіру;

2) білім алушылардың ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту;

3) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облысында оқитын дарынды оқушылардың таланттыларын анықтау;

4) инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында, шығармашылық жұмыстарды командамен орындаудың жаңа тәсілдері құзыреттілігін қалыптастыру;

5) іс-шаралар арқылы қосымша білім алуға балалардың санын көбейтуге көмектесу.

4. Байқауды облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы облыстық білім басқармасының тапсырмасы бойынша қашықтық форматында өткізеді.

5. Байқауды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
6. Байқау 2021 жылғы 5-6 қазан күндері Zoom онлайн-платформасында қашықтық форматында өткізіледі.

7. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан байқауға қатысу туралы өтінім ( 1- қосымша) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің (облыстық мектептердің) атынан 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Орал қаласы, Қадыр Мырза Әлі ш/а 18 «Оқушылар сарайы», 111 каб. эл. пошта obtsho.bko@gmail.com. Тел. 8-(7112)-30-60-58.

8. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

2) электронды нұсқадағы байқау жұмыстары, жобамен жұмыс кезеңдерінен 4 фотосурет, жобаның сипаттамасы, презентация.

9. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
3. Байқауға
қатысушылар
10. Байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Қатысушылардың жас санаты: 13-17 жас.

11.Қатысушылар және жетекші.

12. Топ жетекшісінің міндеттері:

- команда жетекшісі жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерінен іріктеледі;

- командаға номинацияны таңдауды және оны іске асыру үшін пайдаланылатын техникалық құралдарды анықтауға көмектеседі;

- жұмыстардың күнтізбелік кестесін жоспарлауға жәрдемдеседі, қажетті әдебиеттерді ұсынады, кеңес береді, келісілген жоспар бойынша жұмыс барысын бақылайды;

- команданы ұйымдастырушылардың алдында оның мүддесін білдіретін, сондай-ақ команда қатысушыларының тәртібі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты және бақылайтын әкімшілік басқару;

- қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұйымдастырушыларға жіберу және өтінімді тапсыруды жүзеге асырады.
4. Байқауды өткізу тәртібі және шарты
13. Балаларды бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Байқау екі кезеңде өткізіледі:

мектепішілік Байқау;

аудандық Байқау;

облыстық

екінші кезең (қорытынды) – республикалық Байқау.

14. Байқаудың Бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің, облыстық білім басқармасының бұйрықтарымен анықталады.

Карантин кезінде Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.

15. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);

2) өндіріс саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);

3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік модельдер және т.б.);



4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру (танк модельдері, зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);

5) су көлік саласындағы техникалық құрастыру (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.);

6) құрылыс облысындағы жобалар (тұрғын үй макеттері, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);

7) жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.);

8) авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);

9) космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника).

16. Жобаларды қорғау қашықтық форматында Zoom онлайн-платформасында 2021 жылғы 5-6 қазан күндері өткізіледі.

Сөз сөйлеу кестесі туралы жобаларды қорғау өткізілгенге дейін 4 қазан күні қосымша хабарланады.

17. Бейне презентацияны қорғау уақытының ұзақтығы демонстрациялық материалдарды қолдана отырып 5-7 минут. Барлық номинациялар бойынша әр қатысушы үшін өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарының макеттерінің, модельдерінің орындалуы және болуы міндетті шарт болып табылады. Бір қатысушы бір жобаны ұсынады.

18. Легороботтарды пайдалануға тыйым салынады. Радиомен басқарылатын жүйелерді қолдануға рұқсат етіледі: ардуино, дистанциялық пульттер, модельдерді мүмкіндігінше механикаландыру, электрлендіру (42 ВТ жоғары ток кернеуі тыйым салынады).


19. Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.

Бағалау өлшемдері:

зерттеу мәселесінің өзектілігі;

жүргізілген зерттеулердің көлемі, зерттеу әдістерінің тиімділігі;

зерттеудің жаңашылдығы;

зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы;

ораторлық шеберлі;

демонстрациялық материалдардың сапасы;

жұмыстың ресімделуі.
5. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
Кәсіби әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.

Қазылар алқасы белгіленген критерилерге сәйкес жеңімпаздарды анықтайды, және қайта қаралмайды

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының құрамы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады.

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауына қатысуға өтінім
Ауданы/қала _____________________________________________________

Білім беру ұйымы _________________________________________________

_________________________________________________________________

Жетекшінің Т.А.Ә._________________________________________________

Жұмыс орны,лауазымы_____________________________________________

Жетекшінің байланыс телефоны______________________________________

Номинация

Жұмыстың аталуы

Қатысушының

Т.А.Ә.


Туған жылы, сыныбы

Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Білім беру ұйымы

Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны