Файл: Бір гіз кні бойы тартып сабан, айтты елге сабанымен кешке таман.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Екі шыбын

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,

Қайтты елге сабанымен кешке таман.

Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,

Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан,

Астында Өгізі бар сабан тартқан.

«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,

Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»

Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,

Адамсып, маңызданып, жөтеледі:

«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,

Мазалап, сұрап саған не керегі?»
* * *

Адамды кейбір түрлі алып еске,

Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.

Біреудің я қайратын, я дәулетін

Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

Кейбіреу көтереді мұрнын көке,

Өз әлдін өзі білген адам көп пе?

Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,

Біреудің шылауында жүріп текке.

А.Байтұрсынұлы


Тапсырма. Мысал өлеңдегі кейіпкерлердің мінез-құлқын іс-әрекеттері арқылы ашып, мінездеме беріңдер.

Кейіпкерлер

Қандай?

Не істеді?

Қандай ой түйдің?

Өгіз









Қара шыбын











Еменнің түбіндегі шошқа

Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп,

Жемісін жерге түскен жеді теріп.

Тойған соң келістіріп ұйықтап алып,

Еменнің түбін қазды тұра келіп.

Шошқаға сол уақытта сөз айтады

Ағаштың басындағы құзғын көріп:

«Тамырын қазып, аршып тастаған соң,

Қалмай ма Емен қурап, кеуіп, сынып?»

«Қураса, қурайды деп, қиналман көп,

Қурамай тұрғанменен, неме ол сеп?

Қурасын, маған салса, күйіп кетсін,

Қайғырман оның үшін уайым жеп.

Құдайым жемісінен айырмасын,

Қылатын мені семіз солар ғой тек!».

Сол шақта күңіреніп сөйледі Емен

Шошқаға айтып тұрған осылай деп:

«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!


Білсең сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!

Жоғары қарай алсаң, білер едің,

Шыққанын жеміс қайдан сен жейтұғын!»
* * *

Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,

Жақсы мен арасында жамандар бар.

Ғылымды пайдаланып отырса да,

Сезбейтін сол пайдасын надандар бар.А.Байтұрсынұлы

Тапсырма. Мысал өлеңдегі кейіпкерлердің мінез-құлқын іс-әрекеттері арқылы ашып, мінездеме беріңдер.

Кейіпкерлер

Қандай?

Не істеді?

Қандай ой түйдің?

Шошқа










Құзғын









Емен