ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 157
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дарынды оқушымен жүргізілген жұмыс есебі
“... Бізге керегі шын дарындар.
Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын,
мемлекет өзінің талантты ұлдары мен
қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын
тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”
Н.Ә.Назарбаев.
Мақсаты: Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру.
Жүргізілген жұмыс түрі:
Оқытуда түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас өткізіп, алған әсерлері туралы шығарма жаздыртамын. Күрделі тапсырмалар орындатамын. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастырамын. Мектепішілік, Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, қатыстырамын.
Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыларды анықтау және жас ақындармен жұмыс жоспарланған болатын. Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, өзінің дарындылығын көрсетіп жүр. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беріледі. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсынып тұрамын. Әр сабақта оқушының ой-өрісінің өсуіне жағдай жасалады. Оқуға деген белсенділігін дамытып, арттыру. Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойына сіңіріп өсуіне ықпал жасау. Оқушылар пәндік олимпиадалар мен аудандық және облыстық шараларға үнемі қатысып отырады. 2022 жылдың қараша айында 9 а сынып оқушысы Аралбаева Назерке аудандық ғылыми жобалар сайысына қатысып, оқ бойы озып шықты. «Ғұмар Қараш өлеңдерінің тілдік ерекшеліктері » тақырыбындағы ғылыми жобамен облысқа жолдама алып, облыстан «Алғыс хатпен » оралды. Дарынды оқушылар қатарында 6 сыныптан Ульченков Данила да бар. Ол сабаққа тыңғылықты дайындалып, қазақ тіліне деген қызығушылығы өте жақсы. Алдағы уақытта түрлі сайыстарға қатысамыз деген жоспарымыз бар. Мектепішілік олимпиадада үздіктер қатарынан табылды.
2021-2022 оқу жылы бойынша дарынды оқушылармен жасаған жыл бойынғы жоспарым өз деңгейіне жетті , себебі олар өздеріне жүктелген жүктемені сезініп, жақсы атқара білді, өз жауапкершіліктерін түсінді, және өз шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ә.Б.Жасан