Файл: ысамерзімді жоспар 31саба Сабаты таырыбы Онды блшекті натурал сана блу. Онды блшекті онды блшекке блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

31-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Бөлім:

Мәтінді есептер

Педагогтің аты-жөні:

Сәттіғұл А.Н.

Күні:

20.02.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айта білуге үйренеді және оны есептеуге пайдалана білуге дағдыланады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.

Кейбір оқушылар үшін:

Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Ондық бөлшектер дегеніміз?
2. Дұрыс бөлшекті ондық бөлшекпен жазуды білесіңбе?Мысал келтір.
3. Бұрыс бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Ондық бөлшектерді сипаттап көрсетеді.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.




1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

1. Сәйкестендір тесті.

Дұрыс бөлшек   

Бұрыс бөлшек   

Аралас сан   



Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1. Сәйкестендір тестін орындайды.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.




2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

1. Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

27 : 10_________

81 : 100________

319 : 100_______

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жазады.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау