Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 837

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл-село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық-түлік мәселесін шиеленістірді.

Тың игеру қарабайыр /экстенсивті/ әдіспен жүргізілді. Мұның өзі әр гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерлерде өндірілген астықтың бағасы өте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайншылары, әскери бөлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды.

50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды, оның есесіне колхоз өндірісінің шоғырлануы күшейді. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Қазақстан колхоздарының ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Еңбек күннің құны екі еседен астам өсіп және ақшалай орташа бағасы 1958 жылы 10 сом 54 тиынға жетті. Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17,2 мың жүргізуші, 13,2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олардың арасынан зор қабілетті ұйымдастырушылар шықты. Социалистік Еңбек Ерлері Алматы облысындағы "Алматы" колхозының бастығы Л. С. Манько, "Мичурин" атындағы колхоздың, бастығы Қ. Әбдіғұлов, Батыс Қазақстан облысындағы "Бірлік" колхозының бастығы М. Мейірманов, Шығыс Қазақстан облысындағы Калинин атындағы колхоздың бастығы Н. И. Лозовой, Талдықорған облысындағы "Жаңа талап" колхозының бастығы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергенов, т. б. солардың қатарына жатқызуға болады.

50-ші жылдардың екінші жартысында МТС-тар қайта құрылып, олардың қарамағында болып келген ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды, бұл процесс 1959 жылы наурызда, яғни бір жылдың ішінде аяқталды. Бұрыңғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы /МЖС/ мен оның бөлімшесі құрылды. МТС-тердің техникасының бір бөлігі совхоздар мен ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелеріне берілді, енді бір бөлігі колхоздарға сатылды.

МТС-тарды тарату колхоздар экономикасын нашарлатты. Оларды М Т С - тардан ескі техникаларды жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр етті. Бұл, әсіресе, әлсіз колхоздарды үлкен қиыңдықтарға душар етті. Сонымен қатар техниканың жөнделуін, колхоздар мен совхоздарға жаңа техниканың запас бөлшектердің сатылуын және материалдық-техникалық жабдықтау мен колхоздарға өндірістік қызмет көрсететін басқа да түрлерін қамтамасыз етуде өте бір ыңғайсыз жағдайлар қалыптасты. МТС-тардың орнына машина-жөндеу станциялары құрылып, кейін олар "Казсель-хозтехника" өндірістік-техникалық және жабдықтау бірлестіктерімен алмастырылды. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық-техникалық жағдайы құлдырай түсті.


Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).  Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.  Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.  Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.  Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.   Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.   Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.  Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.  Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.   1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.  Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.   Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы — 85%-н болса, 1962 жылы — 29%-ғана болды.  Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.  Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.   Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.  Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.  10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.



Тақырыбы: Қазақстанның 60-80-ші жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
1. "Тоқырау" жылдарындағы республиканың өнеркәсібі

2. Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар.

3. Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуындағы жағдай
1. "Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрыңғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшан нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12пайызғажетті.

Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық, ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекешеленген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық технолгиялық және еңбек тәртібін бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары мемлекетке 1981 жылы 760 млн. сом, 1982 жылы - 1,0 млрд., 1983 жылы - 1,3 млрд, 1984 жылы - 1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім
сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі замаңғы техника мен технологияны игеруде еліміздің капиталистік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті.

Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін қуалай өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты атқарудың ұзақ мерізімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осыған қармастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Енбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. IX бесжылдықта жоспарды күрт төмендетіп отырса да өнеркәсіп көлемі 12,6 пайызға орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25 пайызға, он бірінші - 3,6 пайызға орындалған жоқ. Соның салдарынан IX, X, XI бесжыл-дықтардың ішінде ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін құлдырады. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70 пайызға өсіру міндеті қойылса да, ол іс жүзінде 36 пайызға ғана орындалды. Республиканың көптеген шарушылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің "жалпы саны" болды, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да ресрустарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапонияны алсақ, өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40 пайыз кем пайдаланды. Қазақстанның бай табиғи және еңбек ресурстары басшы кадрларды дандайсытып жіберді. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе дәл осы себептен еді.

Өндірісті сан жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы бұл қарқынды тоқтатуға тырысты, бірақ көбінесе үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10 пайызы пайда-ланылды.


Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.

Өндірістіқ теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыста "сақалды" объектілер берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның негізінде жұмысшылардың өндірісте ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекакы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды.

Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестіқ жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесе комплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарысқа жұмысшылардың 90 пайызы қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқұрайлылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды.