Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 829

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қайта құру барысында қазақ халкы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемелекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

3. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық деңгейден 12 пайыз кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мәселен, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек - 69, Одақта әрбір он мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы республикада мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53 пайыз ғана болды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен Өскемен, Шымкент, Алматы, Теміртау, Лениногорск сияқты өнеркәсіп орталықтарында ауаның ластануы өте жоғары денгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында өңеш, қылтамақ, асқазан, бауыр аурулары едәуір көбейді. Мұнда басқа жерлермен салыстырғанда балалар өлімі екі есе өсті. Осыған орай республикада қоғамдық қозғалыс күшейіп, Арал, Балхаш мәселелері жөнінде қоғамдық Комитет құрылды. "Невада-Семей" ядролық қаруға қарсы күрес күшейіп, Семей полигонының жабылуына қол жетті. Бұл қозғалыстар тек ядролық полигондарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында, "Халық денсаулығы" деген атпен жүргізілді. Қоғамдық негізде сондай-ақ мәдени-ұлттық орталықтар құру, діни ұйымдар, шығармашылық өнер одақтарын ұйымдастыру жөніндегі қозғалыс кеңінен өрістеді.

Халықтың қалын бұқарасы арасында әлеуметтік жағдайын қорғауды талап ететін топтар көбейді. Олар -жалақысы төмен жұмысшылар мен қызметкерлер, зейнет-керлер, студенттер еді. 1991 жылғы желтоқсанда оларды материалдық жағынан қолдау мақсатында жарық көрген "Қазақстан республикасы халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Президенттің Жарлығына байланысты республика үкіметі бірнеше шешім қабылдады. Зейнетақы, жәрдем ақша, стипендия, т.б. әлеуметтік төлемдердің ең аз мөлшері көбейтілді. Қазақстанда 1991 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері және балаларға мемлекет тарапынан қосымша төлем төлеу екі есе өсті, көтерілген бағаның орнын толтыру үшін қосымша 3 миллиард сом ақша бөлінді. Әрине, бұл қаржы күн санап қымбаттап бара жатқан халықтың тұрмыс қажеттілігін қанағаттандыра алмады.

Қоғамды қайта құру, қоғамдық-саяси ахуалды жандандыру барысында бұрыңғы КСРО-ның көптеген аймақтарында ұлттар мен әр түрлі халықтар арасындағы қайшылықтар күшейе түсті, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен қойыла бастады. Өйткені көптеген ұлттар мен халықтардың өздеріне тән мәдени мұралары мен әдет-ғұрыптары әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайыііда жойылып кетті. Мемлекеттік іс жүргізу тек орыс тілінде жүрді. Ұлттық тіл еленбеді. Ұлт тілінде сабақ жүргізу нашарлап, орыс тілі айырықша дәріптеле бастады. Соның салдарынан қаладағы қазақтардың 40 пайызы өздерінің ана тілін білмейтін мәңгүртке айналды. Мұндай жөнсіздіктерді


түзету мақсатында республикадағы 7999 балалар бақшасының жанынан 814 қазақ топтары құрылды. Республикадағы жұмыс істейтін 8654 мектептің 2500-інде оқу қазақ тілінде жүргізілді.

Қазіргі кезеңгі өмір талаптарына сай кейбір пәндерді терең талдап оқытатын мектептердің, гимназия, лицейлердің саны көбейе бастады. Олардың жалпы саны 1400-ге жетті. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жарты миллионға жуық студент білім алды. Бұл жылдары Түркістан мемлекеттік университеті, Шынкент дене шынықтыру, Көкшетау ауыл шаруашылық, Шымкент фармацевт институттары ашылды.

1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-інде тіл туралы заң қабылданып, республикада қазақ тілін және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000-жылға дейінгі кезеңге арналған Бағдарламасы бекітілді. Оның негізгі мақсаты ұлттық тілдерді қорғап дамыту. Заң бойынша мемлекеттік тіл болып қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып белгіленді. Бірақ бұл заңның орыңдалуында көптеген кемшілік орын алды. Өйткені іс жүргізуде, еңбек ұжымдарында әзірге қазақ тілінен гөрі орыс тілі басым еді. Бұл мәселеде жергілікті Кеңестерге елеулі міндеттер жүктелді. Алайда, оны іске асыруда едәуір қиыншылықтар мен қайшылықтар кездесті. Бірқатар жерлерде іс жүргізу, ұлтаралық қатынас қазақ тілінде жүргізілу қажет делінсе, Орал, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Казақстан сияқты облыстарда онан бас тартуға дейін барды.

Қоғамды жаңартып, қайтадан құруда ұлттық, демократиялық қозғалыстар күшейіп, олар бұқаралық демократиялық қозғалысқа айналды. Бұрыңғыдай өз ұлтына қалай болса солай қарайтын адамдардың қатары азайып, олар өз ұлтының экономикалық және рухани мәдениетінің дамуына жанашырлық көрсете бастады. Мәселен, 1989 жылы Алматы қаласындағы үш өнеркәсіп орындарында жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижесінде 18 бен 25 жас арасындағы қазақ жастарының 71 пайызы өздерінің ұлтын мақтан тұтатындығын айтқан.

Қазақстанда тұратын адамдардың басым көпшілігі өз елінің, болашақ дамуын ұлттық тәуелсіздікпен тікелей байланысты деп қарайды. Осы орайда бір айтатын жәйт республикадан басқа жаққа кетушілердің саны көбейді. Мәселен, 1986 жылы 75,7 мың адам, 1987 жылы 71,4 мың, 1988 жылы 70 мың адам басқа жаққа қоныс аударған. Олардың саны, әсіресе, ауылдық жерлерде өсті. Ол жерлерден, соның ішінде тың және тыңайған жерлерді игерген облыстардан орыс, украин, неміс, беларусь тағы басқа да ұлт өкілдерінің кетуі күшейді. Мұның өзі республикадағы барлық саяси күштердіц ынтымақтасып, жалпы ұлттық мүддені барынша қорғау үшін күресуін талап етеді. Әсіресе, қазіргі мейілінше күрделі ауыр кезеңде, оның маңызы өте зор, өйткені таяу арада саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайдың түзеліп кетуіне ол кезде жұрттың сенімі азайды.



Тақырыбы: КСРО-ның ыдырауы. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы.
1. Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері

2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
1. Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрыңғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялык бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ- тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж./ арасындағы әскери-стратегиялық тепе- тендікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.

Бұрыңғы кеңестік экономикалық кешеннің құрылымы тым күйкі тартып, негізінен шикізат өндірушілік пен әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір белігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанымен, шын мәнінде, халық шаруашылығы мойнына асылған масылдык еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы, Африка елдеріндегі майдан далаларында әлденше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.


КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ-пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 проценттен астам адам қол еңбегімен айналысты.

Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1985 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта - 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта - 28 пайыз, оныншы бесжылдықта - 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта -17 пайыз болып кеміді. Ал еңбек өнімділігінің артуы сегізінші бесжылдықта - 37 пайыз, тоғызыншы бесжылдықта - 25 пайызға, оныншы бесжылдықта - 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмағанды.

КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан Одақ құрамындағы ірі индустриялық аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтьш келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна қой еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.

Бірақ, бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып койды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1 пайызын ғана қамтыды, ал Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27,4 паиыз еді. Қазақстанда қазіргі кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ өнер-кәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.


Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда өнделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайтадан өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың әмірімен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы өнімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.

Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса, сырттан алынған тауар - 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді. .

Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштін өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.

Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежедетін. 1987 жылы республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шарушылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.

Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, даңғазалық орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді.