Файл: 1. ылыми педагогикалы зерттеу жаа педагогикалы білімді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 112

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдіҒылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдық іс — әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн. Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе – нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.Дескриптвтік әдіснама – ғылыми білімдердің  құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт – бағдар береді. Ал прескриптвтік әдіснама – зерттеу іс — әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс — әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.Білім сапасы деген не?"Сіздің оқыту барысындағы басты мақсатыңыз не?” деген сұраққа кез келген ұстаз "сапалы білім беру” деп ойланбастан жауап береді. Бірақ артынша қойылған "Білімнің сапасы деген не және оны қалай анықтайды?” деген сұраққа ойланып қалады. Демек, оқушыларға сапалы білім беру үшін, ұстаздар алдымен, білім мазмұнына нелер кіретінімен қатар, оның қандай сапалық қасиеттері болатыын және оны қалай айқындайтынын нақты білуі тиіс. Сонан соң, сол білімнің қай сапасы қандай жолмен тиімді тексерілетінін түсіну керек. Онсыз мұғалімнің жалпы педагогикалық қызметі "түйсіксіз тәуіптің, тамыр ұстамай-ақ, сенгіш сырқатқа сапасыз ішірткі ішкізгеніне” ұқсап кетеді.Табиғаттағы бар тіршіліктің тірегі болып саналатын судың ауыр-жеңіл сияқты түрлері, мөлдір-лай сияқты түстері, ал дәмі, иісі, т.б., қасиеттері болатыны секілді білім де, академик И. Лернер айтқандай, сапалық қасиеттеріне қарай алтыға бөлінеді екен. Әрине, білім сапасының басқа да маңызды, бірақ күрделі қасиеттері бар екені белгілі. Дегенмен бұл жерде біз, білім сапсының дұрыстығы, толықтығы, әрекеттігі, түсініктілігі, беріктігі, жүйелігі сияқты қасиеттерін қарастырғалы отырмыз.
Жалпы алғанда, білімнің мазмұны (көп жағдайда) құрамы бойынша анықталса, білім сапасы көбіне деңгейі бойынша анықталады. Орыс академигі В. Беспалько білім игерудің төрт деңгейін бөліп көрсетеді: оқушылық (қайта жаңғырту), алгоритмдік (жүйелеу, реттеу), эвристикалық (танымдық ізденіс) және шығармашылық (ойлап табу, құрастыру). Осы аталғандардың ішінде алғашқы үшеуі иектепте қолданылатын үш бағаға салыстырмалы түрде сай келеді деп есептеледі және білім сапсының да үш деңгейін анықтайды: оқушылық-дұрыстығы мен толықтығы; алгоритмдік-түсініктілігі мен әрекеттілігі; эвристикалық-жүйелілігі мен беріктігі.Білім сапасының дұрыстығы мен толықтығы сияқты қасиеттері білім игерудің оқушылық деңгейінде, әрекеттігі мен түсініктілігі алгоритмдік деңгейінде, беріктігі мен жүйелілігі білім игерудің эвристикалық деңгейінде айқын көрінетіндігін жоғарыдағы кестеден байқауға болады.Осы жағдайға сәйкес мұғалім бала біліміне "қанағаттанарлық” баға қою үшін оның дұрыстығы мен толықтығына назар аударса, "жақсы”деп айту үшін түсініктілігі мен практикалық тұрғыда қолдана алуынакөңіл бөледі, ал "үздік” деп есептеу үшін жүйелілігі мен ұзақ уақыт есте сақталуын есепке алуы тиіс. Бұл әрине оңай шаруа емес екені белгілі.Білім сапасы білім игеру деңгейі мен оқу мақсаттарына тәуелді болатынын жоғарыдағы кестеден байқадық, ал ол, өз кезегінде, оқыту мақсаттары мен оқыту деңгейіне байланысты болмақ. Себебі, оқушының сапалы білімі оның танымдық және шығармашылық қабілеттеріне, сол арқылы белсенділігі мен дербестігіне тікелей тәуелді. Бұл – оқытудың жоғары деңгейдегі әдісі пайдаланылып, сабақ неғұрлым жоғары дәрежеде өтілген сайын, оқушылар білімінің де сапасы жоғары болады дегенді білдіреді. Басқаша айтсақ, бұл «не ексең, соны орасың» деген сөз.Екінші жағынан, білімнің ең қажетті сапаларының бірі оның беріктігі (ұзақ уақыт есте сақталуы) десек, ол өз кезегінде оқытудың белсенділігіне тікелей қатысты. Себебі, тек өз тәжірибесімен байланыстырып, өзара талқылау нәтижесінде ой елегінен өткізіп барып алынған білім ғана ұзақ уақыт есте қалатынын ғалымдардың зерттеу жұмыстары көрсетіп беріп отыр.Білімнің келесі бір маңызды қасиеті білімнің әрекеттігі оқушы іс-әрекеттің орындалу барысын түсініп, алынған білім-білікті өзгеге үйрету, күнделікті практикада үнемі қолдану Білімнің тағы бір құнды қасиеті білімнің жүйелілігі оқушылардың дербестігіне байланысты. Өйткені, себеп-салдарлық, уақыт-кеңістіктік байланысын анықтап, тәжірибе жасап, зерттеу жүргізу арқылы өздігінен игерілген білім ғана жүйелі болатыны белгілі.

Ал оқытудың белсенділігі мен оқушылардың белсенділігі сияқты мәселелер репродуктивтік әдіс емес, өз бетінше ізденуге бағытталған проблемалық әдістерге тәуелді екені белгілі. Ендеше, оқыту деңгейінің жоғарылығы – білім сапасына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.Білім сапасы қазір қалай бағалануда?Оның үстіне, жан-жақты немесе тақырыптық тексерулер барысында, мектеп дирекциясы тарапынан да, білім бөлімі тарапынан да, оқыту нәтижесін – оқушылар біліміндегі өзгерістерді көрсететін негізгі білім сапалары емес, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, оқушылардың белсенділігі сияқты қосымша көрсеткіштер текеріліп келеді. Сонымен қатар мектептердің көпшілігі арнайы гимназия, лицей болмаса да дарынды баламен жұмысқа баса назар аударуға тырысуда. Ал бұл жоғары деңгейде диагностикалық-прогностикалық жұмыстар жүргізбейінше, өз нәтижесін бермейтін күрделі жұмыстар болып табылады. Бұл мектептердің көпшілігі өзінің негізгі міндеті – әр баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуын орынға қалдырып, аз ғана қабілетті оқушының шығармашылық қабілетін дамытумен айналысып жатқандығын білдіреді.Білім сапасын білім бөлімінің инспекторлары, әсіресе әдіскерлер емес, ең алдымен мұғалім мен оқушының өзі бағалауы керек. Сонан соң мектепке сапалы білім беру жөнінде тапсырыс беретін ата-аналар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік ұйымдар мен жұмыс орындары тарапынан құрылған тәуелсіз топ арнайы сарапшылармен бірге қоғамдық білім байқауы түрінде бағалау жүргізуі керек. Сонда ғана бар баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына қол жеткізуге болады.Білім сапасын тек тест арқылы бағалау тіл және қоғамдық пәндер бойынша оның дұрыстығы мен толықтығына, басқаша айтсақ есте сақтап, қайта айтып беру шектелуге, ал математика-жаратылыстану пәндерінде әрекеттігі мен түсініктілігіне, яғни алған білімді дағдылы жағдайда қолданумен шектелуге апарып соқтыруда. Білімнің ең негізгі сапалары оның жүйелілігі мен беріктігі назардан тыс қалып отырған жағдайда сапалы білім беріп жатырмыз деп айту қиын нәрсе. Сондықтан басты назарды білім мазмұнының тереңдігі мен оның сапасына бұратын кез келді. Тек осылай жасаған жағдайда ғана бүгінгі оқушылар ертеңгі күні елдің ардақты азаматтарына айналып, нарықтық бәсекелестік жағдайында қиналмай өмір сүре алатын болады.
2. Өз іс-тәжірибеде жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлінді. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын көптеген авторлар өз түсінігі мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған:Педагогикалық технологияның тиімділігі:

  1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;

  2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

  3. Іштей бір бірінен қалмауға тырысып, талпынады;

  4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.

  5. Өзін өзі тексеруге дағдыланады.

  6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.

  7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанғанмақсаты білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда оқу үрдісін дамыту.Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40-тан астам түрлері бар.Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып