Файл: 1. ылыми педагогикалы зерттеу жаа педагогикалы білімді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 113

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

, жаңашыл педагогтардың іс тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар: баланы оқи білуге үйрету; баланы ойлауға үйрету; баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы:


  • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.

  • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің (стратегияларының) көптігімен.

  • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан ерекшеліктері:

  • Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы (қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс).

  • Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.

  • Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, ісәрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс тәсілдерін қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру (ой қозғау, «инсерт» кестесі);

  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс (эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б. стратегиялар);

  • әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға (Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы);

  • Қиялдау арқылы сурет салғызу (сурет салу стратегиясы);

  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу (авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы);

  • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау (қарама-қайшы элементтер стратегиясы);

  • Өлең мұшақтарын құрастыру (5 жолды өлең).

«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.

  5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

  • Сабаққа қызығушылығы артады;

  • Нақты өз деңгейінде бағаланады;

  • Жеке қабілеті айқындалады;

  • Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

  • Даму мониторингі айқын көрінеді;
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

  • Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

  • Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

  • Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

  • Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

  • Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

  • Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Өз іс-тәжірибемде жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңілкүйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Қорыта келгенде, қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар ойлауды дамыту, қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.