ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
су-батпақты аймағы).
5. Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы).
6. Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай).
7. Үстірт корығы (Маңғыстау).
8. Батыс Алтай корығы (Шы-ғыс Қазакстан).
9. Алакөл қорығы (Алматы облысы, Талдықорған).
Бұлардан баска өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 62 қорыкша, 5 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы) және табиғат ескерткіштері ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас кор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның камқорлығының арқасында жүзеге асады.
Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі. Жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде экологиялық-өлкетану сабақтары маңызды роль атқарады. Биылғы жылғы Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауында 2050 жылға дейінгі жарқын болашаққа жету жолдары көрсетілген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының мыңдаған жылдар тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жария етті. Ендігі жерде барша халық бір мүдде – Тәуелсіздігімізді нығайтып, еліміздің өркендеуіне атсалысуымыз керек. «Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы ел дамуының арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Осы жолда қазақстандық педагогтердің қосар үлестері орасан болмақ. Балалар экологиясы мен туризмі – болашаққа мамандар даярлау, олардың өз өлкесін сүйетін дұрыс қалыптасқан жеке тұлға болуына үлес қосатын тәрбие құралы.
Бағдарламаның мақсаты:
Мектеп оқушыларының өзіндік дамуын, ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық және интеллектуальдық мүмкіншілігі арқылы өзін-өзі тәрбиелеу қасиетін ашу. Азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, туған өлкенің табиғатын аялауға, мәдени, рухани мұраларды танып білуге, сақтауға тарту, туған жеріміздегі танымал тұлғаларды дәріптеп, оларды үлгі тұту. Бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануды көздейді.
Міндеттері:
- әлеуметтік-педагогикалық: жеке тұлға қалыптастыру, «Кіші Отанына» деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, өзінің туған өлкесі тарихына деген мақтаныш түйсігін, патриотизмді көтеру, мамандық таңдауға баулу (эколог, өлкетанушы, зерттеуші, жазушы, журналист т.б);
- білімділік: өңірдің табиғат байлықтарын қорғау, қала мен жеке адамдар, тарихи тұлғалар туралы білімдерін кеңейту, іздестіру-зерттеу жұмысының негіздерін үйрету, өзіндік қорытынды, түйін жасауға баулу;
- танымдық: биогеографиялық ақпараттарды молынан қамту, тарихи дерек көздерімен, мемуарлық, ғылыми-ақпаратық әдебиеттер мен баспа беттерімен жұмыс жасауды меңгерту;
- дамытушылық: туған ӛлкенің экологиясын, тарихын өз бетімен оқуға деген құлшынысын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін кӛтеру, экологиялық жорықтар мен жарыстарға қатысу арқылы шеберліктерін шыңдау.
Бағдарлама ерекшелігі
Бағдарлама экология - туған өлке арқылы оқушыларға еліміздегі табиғи, рухани байлықтарымызды танып-білуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, қоршаған ортаны кең көлемде тануға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламада экология-экономикалық дәрістер, туристік-өлкетану, экологиялық жорықтар, саяхаттар оқушыларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде , адамды рухани дамытуда ең пәрменді бағыт екендігі ескерілген. Сондай-ақ үйірме мүшелерін жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне қарай екі топқа бөліп (экологиялық және өлкетану топтары), ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу да көзделген.
Күтілетін нәтиже:
- туған өлкеміздің табиғатын, тарихын толық сезініп, танып барып өз бетінше оқып, зерттеудің қажеттілігін біліп, зерттеуді өз бетінше жалғастырып, танымдық белсенділігі жоғары деңгейге көтеріледі.
- патриоттық, азаматтық және интернациональдық біліктілігі толеранттық мәдени қарым-қатынасқа көтеріледі. .
Пәнаралық байланыс: биология, химия, география, экология, тарих, әдебиет.
Оқушы дайындығына қойылатын талаптар
Білім және білік. Оқушыларға экологияны тереңірек оқыту барысында, тарихына тереңірек үңіле отырып, болашағына болжам жасауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білім,білік дағдыларына қойылатын талаптар
Білуге тиіс:
-
пәннің негізгі оқытылу жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін және оқу бағдарламасы мен керекті әдебиеттер, көрнекі құрал- жабдықтардың мазмұны мен мәтінін; -
курстың оқу кешен бағдарламалары мен керекті әдебиеттер тізімдерінмен және басқа қандай пәндермен тығыз байлансты екендігін; -
пән бойынша оқылған лекциялардың,сарамандық жұмыстардың тапсырмаларының, ОӨЖ, т.б мазмұндары мен мәтіндеріне баға бере отырып орындалуына талдау жасай білулері қажет.
Үйренуге тиіс:
-
Шығыс Қазақстан облысына жалпы баға беруді; -
Серебрянск қаласының халықтарын демографиялық-географиялық тұрғыдан зерттеуді; -
салааралық, аймақаралық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарға талдауды; -
дүниежүзі мен аймақтарға, елдер мен аумақтарға экологиялық сипаттама беруді; -
бір елдің мысалында немесе кейбір аймақтардың экологиялық факторлардың арақатынасына талдау жасауды; -
қосымша анықтамалықтар және әдебиеттермен жұмыс істей білуді;
Қолданылған әдебиеттер: