Файл: Бекітемін Мектеп директоры Жанкаринова Г. А.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

Мектеп директоры

_________________

Жанкаринова Г.А


«Павлодар ауданы Заря орта жалпы білім беру мектебі» КММ

9 «А» сынып оқушыларының еңбекті қорғаудан инструктажды тіркеу

ЖУРНАЛЫ

Басталды: «___» қыркүйек 2022ж.

Аяқталды: «___» мамыр 2023ж.
Нұсқаулық № ___
Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
Көше ережелері туралы тыңдау.

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына

кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын

жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.

Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.

3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы

кездескен үлкен кісіге жол бер.

4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Ауылда

    Біз ауылда тұрамыз. Орталық жерден өтетін ерсілі-қарсылы машиналар саны көп. Сондықтан әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде жүру тәртібін жақсы білуі керек.

1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.

2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.

4. Жер тайғақ болса, жолда абайла.

5. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.

Қалада

Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі лек-лек халық пен ерсілі-қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбкс,

трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі

ережелерін жатқа білуің керек.

Ол мына ережелер:

1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ

жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана

көшені кесіп өтуге болады.

2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса
, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.

5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады.

Нұсқаулық № ___

Судағы, су қоймаларындағы қауіпсіздік ережесі
Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.

Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

- шомыла білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

- жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;

- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер!

Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұсқат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.
Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы жазғы демалыс қайғылы болмайды.



Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.

Нұсқаулық № ___

Мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері

Мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.

Өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу қажет. Өрт болып жатқаны туралы дабыл қағыңыз. Барлығы белгіленген жерге жиналып, адамдарды түгелденіп отырыңыздар. Дабылдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет.

Өрт сөндірушілер келгенде мынаны білу керек: Қай жерде, қай бөлмеде өрт болып жатқандығын бәрі құтқарылғандығын білу керек.

Мектептегі өрттен құтқару тәртібі:

1.Дабыл қағу

2.101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру

3.Құтқару

4.Жинақталу

5.Түгендеу

Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.

Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.

Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.

Өрт кезіндегі тәртіп

ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің  есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз.

Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.
Нұсқаулық № ___

Сабақ уақытындағы және мектептегі қауіпсіздік ережесі мен тәртібі
Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.

ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.

1. Оқушылардың сыртқы келбеті.

• Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге:


Оқушылар: көк түсті шалбар, пиджак, бір түсті көйлек, көк түсті юбка, ақ түсті блузка (қыздар)

• Косметиканы жағып және сәндік бұйымдарын шамадан тыс тақпауға ұсыныс жасалады.

• Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, таза аяқ киім киіп жүруі керек.

• Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

• Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

• Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

• Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.
2. Жалпы тәртіп ережелері.

• Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 15 минут қалғанда кешікпей келулері керек.

• Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.

• Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол Ережелерді сақтауға міндетті.

• Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.

• Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.

• Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.

• Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберулеріп және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.

• Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

• Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.

• Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;


3. Сабақ кезінде.

Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.

Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.

Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.

Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.

Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.

Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.

4. Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.

Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.

Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.

Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.

5. Мектеп маңайындағы тәртіп.

Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).

Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.

Нұсқаулық № ___