ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мұзы қатқан көл, өзендер бетінде сырғанақ заттар көмегімен жүгіруді адамдар ежелден-ақ білген. Конькимен мұз үстінде жүгірдің тарихы өте ежелде жатыр. XXІ ғасырда алғаш рет голландықтар мұз үстінде сырғанауды ойлап тапқан. ХVI ғасырда конькимен жүгіру скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасты. 1676 жылы ең алғашқы конькимен жүгіру жарысы өткізілді. Спорттың бір түрі ретінде конькимен жүгіру спорты XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданып, дами бастады. «Христиания скейте-клуб» ұйымдастыруымен Норвегияда алғаш рет 1867 жылы конькимен жүгіруден ресми жарыс өткізілді. Бұл спорт түрі Еуропаның бір талай елдерінде кең өріс жайды және ХІХ ғасырдың 70 жылдарында халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. 1889 жылы Амстердам мен Нидерландияда тұңғыш рет дүниежүзілік конькимен жүгірушілердің чемпионаты өтті. 1892 жылы Дүниежүзілік конькимен жүгірушілер ұйымы-ИСУ құрылды. Сол кездің чемпионаттарынан бастап төрт түрлі дистанцияда 500, 1500, 5000 және 10 000 метрге жүгіру дистанциялары болды.
'Мұздадағы ойын күлкі' 17ші ғасыр голландтық суретші Генрик Аверкамп туындысы.
Нью Йорктегі Орталық саябақ: Мұз айдыны, 1862.
XX ғасырдың бірінші-екінші мың жылдығында осы спорт түрінен ең мықты дегені норвеждік Оскар Матисен болды. Ол әлем чемпионатын бес рет жеңіп алды, 1908,1909, 1912, 1913, 1914 жылдар аралығында жеңіске жетті. Ресейлік конькимен жүгіруші Николай Струнников екі рет: 1910 және 1911 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1922 жылы конькимен жүгіруден норвегиялық Харальд Стрем әлем чемпионы болды. 1923 жылы әлем чемпионы финдік конькимен жүгіруші Клас Тунберг болды, 1924 жылы норвегиялық Руальд Ларсен әлем чемпионы болды. 1926 жылға дейін Еуропада және Әлем чемпионатында жеңімпаздар әртүрлі арақашықтықтар бойынша алынған орын санымен анықталды. Ал 1926 жылдан кейін чемпиондарды және басқа да орын алушыларды төрт арақашықтықты орындауы бойынша бағалау жүйесі қабылданды.
1936 жылы конькимен жүгіру жарысы ерлердің арасында ғана емес әйелдердің де арасында өткізіле бастады. Әйелдер арасындағы конькимен жүгіру жарысынын алғашқы чемпионы АҚШ-тық Китти Клейн болды, содан кейін әлем чемпионы норвегиялық Лайла Шоу-Нильсен болды. 1937 мен 1938 жылдары финдік спортшы Верне Леше әлем чемпионы атанды. Әлем чемпиондарының арасында Кеңес Одағының да спортшылары бар. Олар: Мария Искакова 1948-1950 жылдар аралығында. Лидия Селихова 1952-1954 жылдар аралығында және Халида Шеголеева 1953 жылы , Рима Жукова 1955 жылы, Софья Кондакова 1956 жылы, Инга Артомова 1957,1958, 1962, 1965 жылдары, Тамара Рылова 1959 жылы әлем чемпиондары атанды. Халықаралық конькимен жүгірушілер ұйымының шешімімен конькимен жүгіру жарысынан басқа әйелдер мен ерлер арасында спринтерлік жарыс өткізілетін болды. Ерлерге де, әйелдерге де төрт дистанциядан: 500, 1000 метр бірінші күні, ал содан кейін тағы да 500, 1000 метр екінші күні жарыс өтетін болды.
Коньки спортына дене тәрбиесінің амалы ретінде сипаттама.
Коньки тебу спорты – бұрыннан келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Археологтардың зерттеуі бойынша ең көне конькилер бұдан 3200 жыл бұрын Солтүстік Қара теңіз жағалауында өмір сүрген көшпенді тайпа – кимерийлерге тән. Ең бірінші ресми тіркелген жарыстар Ұлыбританияда, 1763 жылы қаңтар айында өткізілді. Спорт түрі ретінде конькимен жылдамдыққа жүгіру ХІХ ғасырдың екінші жартысында дами түсті.
Коньки тебушілердің халықаралық одағы ISU – ИСУ, 1892 жылы құрылған және 60-тан астам ұлттық федерацияларды біріктіреді.
Ал 1889 жылы Амстердам, Нидерландыда коньки тебушілер арасында бірінші әлем чемпионаты болды. Коньки тебушілердің халықаралық одағы бұл жарыстарды кәсіби деп жариялап, 1893 жылы Амстердамда еркектер арасында бірінші ресми әлем чемпионатын өткізді. Ал әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары 1936 жылдан бастап өткізіледі. 500-1000 м қысқа қашықтықтағы көп сатылы жарыстардың әлем чемпионаттары 1972 жылдан бастап жүргізіледі.
Қысқы Олипиадалық ойындар бағдарламасына еркектер арасында конькимен жылдамдыққа жүгіру спорты 1924 жылдан бастап енгізілді, ал әйелдер арасындағы жарыстар 1960 жылдан бастап өткізіледі.
Қазақстандағы коньки тебу спортының даму тарихы 1931 жылдан, сол уақытта Қарағанды, Көкшетау және Ақмола облыстарын біріктірген облыс орталығы –Петропавлда спорт құрылыс кешені бар «Динамо» стадионы салынған кезде басталды.
Коньки тебу спортының дамуы Алматы қаласында, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан «Медеу» спорт кешенінің құрылысымен жаңа деңгейге көтерілді.
Медеу қысқы спорт түрлері үшін әлемдегі кешендердің ішіндегі ең биікшыңдысы болып қала береді. Биік шыңының және мұзға құюға арналған мөлдір таза суының арқасында бұнда еркектер мен әйелдер арсында барлық қашықтықта 200-ден астам әлем рекордтары бекітілді. Алматылық айдын ұзақ уақыт бойы «рекордтар фабрикасы» статусына ие болды.
Бүгінгі күні бұл статусқа Астанада орналасқан «Алау» мұзайдыны сарайы үміткер болып табылады. Жаңа коньки тебу стадионы барлық халықаралық стандарттарға жауап береді және ресми жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін өте қолайлы. Тек бірінші халықаралық жарыстар - 7-ші қысқы Азия ойындарының барысында мұнда 9 континенттік рекорд қойылды.
2011 жылдан бастап «Алау» МС коньки тебу спорты бойынша Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарының ішкі жарыстары өткізіледі. Бүгінгі күні мұзайдыны сарайында коньки тебу спорты бойынша ұлттық құрама жиындары өткізіледі және жас жеткіншектер мен ардагерлер жаттығады.
Жас спортшы жеткіншектерді дайындауды Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК жүргізеді.
Мектеп 1963 жылы құрылған. Директор: Радик Хамитұлы Бикчантаев, коньки тебу спорты бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Қазақстандағы коньки спорты, XIX ғасырдың аяғынан бастап пайда болды. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Г. Колпаковский Кіші Алматы өзенінің бойымен жоғары өрлеп барып Көкқабақ төбесінің бауырынан Көкжазық деп аталатын шағын тегіс алаңқайды іздеп табады. Бұл осы жылдары конькимен сырғанау модаға айналған жылдар екен. Санкт-Петербург қаласында оқитын губернатордың ұлы мен қызы да конькимен айналысқан көрінеді. Әрине, олар Верныйда көп тұрақтамай астанаға тезірек қайтқылары келеді. Студент балаларын жанында ұзағырақ ұстағысы келген Герасим Алексеевич әлгі Көкжазықтан мұз айдынын қатырғызады. Сөйтіп қазіргі биік таудағы Медеу мұз айдыны тұрған орын бұрынғы Көкжазықта губернатордың отбасы мен айналасындағы әскерлер, қорғанның ауқатты адамдары бой жазып, таза ауада демалатын сырғанақ пайда болды.
Бірақ Қазақстандағы коньки спорты XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қалыптаса бастайды. Осы жылдары алғашқы үйірме Петропавл қаласында пайда болады, содан кейін Семейде, Өскеменде, Оралда, Ақтөбеде, Қазалыда үйірмелер ашылады. Бірақ 1949 ж. көне Көкжазықта мұз қатырылып ол Медеу мұз айдыны деп аталғаннан кейін коньки спортын дамыту шындап қолға алына бастайды. Медеу спорт кешенін салу үшін алдымен селден қорғайтын бөгет салу қажет болды. ҚР-ның спорт шебері атағын барлық төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша межелі ұпай санын орындаған чемпион атағы төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған спортшыға беріледі. Қысқы Азия және Олимпиялық ойында чемпион атағы жеке қашықтықтарда сарапқа салынады.
Принциптері мен дайындық[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Конькимен жүгіру спорты-бұл физикалық қозғалыстын бір түрі, яғни адам мұздың үстіңде арнайы аяқ киәімге бекітілген конькимен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенді тынығу болып табылады. Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жұгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге, хоккей ойнауға болады. Конькимен жүгіру жарыстары мен жаттығулары қатырылған мұздың үстінде ұзындығы 400 және 333,33 метр жолдарда өткізіледі. Конькимен жүгірушілерді дайындау үш этаптан тұрады. Олар:
Бірінші этап – отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жалпы физикалық тәрбие беру. Бұл этаптын мақсаты балалардың денсаулығын мықты ету және олардың дұрыс жетілуіне ықпал ету. Бірінші этапта балалар дене мәдениетімен танысады, спорттың әртүрлерін біліп, оларды үйренуге деген ынтасы оянады. Балалар алғаш рет конькиді киіп, онымен қалай жүруді үйренеді. Бұл кезде балаларға мұғалімдер мен ата-аналар көмектеседі. Екінші этап – балаларды жалпы білім беретің мектептерде дене тәрбиесіне тәрбиелеу. Бұл уақытта балалардың дене қуатыда, психологиясыда, қозғалыс сапасыда дамып, жетіледі. Жалпы білім беретін мектептерде балалар коньки спортымен белсене айналысады. Қабілетті де, дарындылары әртүрлі ДСО-лар мен ДЮСШ-ларға үйірмелерге жазылады. ДЮСШ-лардың жаттықтырушылары екі тапсырманы шешуі керек: олар конькимен жүгіру спортынан әртүрлі тапсырмалар беру және осы арқылы барлық оқушыларды осы спорт түріне тарту; ынтасы, ықыласы бар оқушыларды іріктеп алу. ДЮСШ-ларда жастар мен жасөспірімдер екі фазалық спорттық жаттығулар түрлерінен өтеді
: бастапқы жалпы жаттығулар және базалық мамандандырлыған жаттығулар.
Бірінші фаза - балалар ДЮСШ-ға келмей тұрып яғни 7-8 жас аралығында басталады және 4-5 жыл жалғасады. Жаттығулар бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіледі.Бұл уақытта оқушылардың жалпы физикалық қимылы, денсаулығы тексеріледі, мұзда сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл этапта жас конькишілер жасөспірімдер разрядың алуға сынақтар тапсырады, соларға дайындалады. Екінші фаза – базалық мамандандырылған жаттығулар ДЮСШ-да оқу-жаттығуы біткенше пайдаланылады. Оның мақсаты- жас конькишіге арнайы физикалық, моралдық, техникалық дайындығының арқасында спорт шебері етіп дайындау.
Үшінші этап – мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, аудан-ауылдарда жалпы дене тәрбиесін қалыптастыру және конькимен жүгіру жаттығуларын ұйымдастыру. Осы арқылы жас конькишілер ауылдық, аудандық, қалалық құрама командалардың мүшесі болады. Осы командалар болашақта біздің еліміздің намысын қорғайтын, ел үшін жанын беретін ер-жүрек азаматтар болып шығады.
Коньки спортына жаттықтыруды өткізу негіздері.
Коньки спорты сабақтарын өткізу ерекшеліктері
Мұз бетінде еркін сырғанауды үйрену үшін алдымен жақсы коньки таңдай білу керек. Коньки теуіп үйрену жас талғамайды. Бұл үлкенге де, кішіге де ортақ, ыңғайлы спорт түрі. Біз бүгін коньки таңдаудың басты талаптарына тоқталатын боламыз.
Қыс мезгілінде уақытыңызды тиімді пайдаланып, спортпен айналысып, қызықты уақыт өткізіп, денсаулыққа пайдалы іс жасағыңыз келсе, мұзда сырғанау спорты сізге арналған. Ең алдымен, мұзда сырғанауды жетік меңгеру үшін аяғыңызға киген коньки сапалы әрі ыңғайлы болуы керек.
Ең біріншіден, коньки аяғыңызға дәл болуы керек. Егер коньки тар болып, аяғыңызды қысатын болса, аяғыңыз тоңып, тартылып қалуы мүмкін. Коньки қатты болатындықтан, аяқты қысқаннан немесе қажағаннан түсетін жара ұзаққа дейін жазылмайды. Сондықтан, өзіңізге дәл коньки таңдап алған абзал.
Ал егер коньки аяғыңызға үлкен болса, тобықтың тайып кету ықтималдылығы артады. Коньки кигенде аяғыңыз ішке және сыртқа бүгіле бермеуі керек. Бұған да баса мән берген жөн.
Сәтті сырғанау үшін конькидің табаны дұрыс қайралған болуы керек. Жөнді қайралмаған конькимен орныңыздан қозғалу, сырғанау және дер кезінде тоқтау қиынға соғады. Дұрыс қайралмаған коньки тек өзіңізге ғана емес, мұз айдынына да зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан,