Файл: Іvтосан. Программаларды зірлеуді кіріктірілген ортасында есептерді шешу блімі бойынша жиынты баалау тапсырмалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІV-ТОҚСАН . «Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ТАПСЫРМАЛАР:
-
Алгоритм құрылымына қарай бөлінуі (бірнеше жауап дұрыс):
-
Сызықтық -
Тармақталу -
Графикалық -
Циклдік -
Жалпылық
-
__________ дегеніміз – алгоритм қадамының нақты программалау тілі. Операторларын қолданбай қарапайым тілмен сипатталуы.
-
Сәйкестендіріңдер.
Алгоритм дегеніміз | Бұл қасиет алгоритм әр командасы орындаушы үшін түсінікті болуын және мәнсіз орындалмауы керектігін көрсетеді |
Алгоритмнің дискреттілігі | Бұл қасиет алгоритмнің міндетті түрде белгілі бір қадамдардан кейін аяқталып, нәтижеге жететінін көрсетеді |
Алгоритмнің анықтылығы | Берілген есепті шешуге арналған қатаң анықталған тізбегі |
Алгоритмнің нәтижелігі | Бұл қасиет алгоритм түрінде жазылған есеп шешімі жеке қарапайым командаларға бөлініп орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді |
Алгоритмнің жалпылығы | Бұл қасиет есепті шешуге арналған алгоритмнің осы типтес есептердің барлық мүмкін мәндері үшін орындалатынын көрсетеді |
-
Программаны тестілеу дегеніміз не?
-
бұл программада деректерді теруде анықталған қателерді табу мақсатында оны орындау процесі. -
Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін тесттердің эталондық нәтижелері алдын ала даярлануы тиіс. -
Бастапқы қойылған шарт орындалғанша қайталанатын командалар тізбегін көрсететін алгоритмдік құрылым
-
Сәйкестендіріңдер.
Сызықтық алгоритмдер | Бастапқы қойылған шарт орындалғанша қайталанатын командалар тізбегін көрсететін алгоритмдік құрылым |
Тармақталған алгоритмдер | Тармақталу және қайталау әрекеттері жоқ, барлық әрекет тізбекпен, бірінен соң бірі табиғи реттілікпен бір реттен орындалатын алгоритмдік құрылым |
Циклдік алгоритмдер | Бастапқы қойылған шарттың орындалуына қарай есептеулер жүргізудің бірінші немесе екінші жолымен жүруін көрсететін алгоритмдік құрылым |
-
__________ дегеніміз – алғашқы деректердің кейбір жиыны және осы деректерге сәйкес келетін программа жұмысы кезінде пайда болатын барлық нәтижелердің дәл сипаттамасы.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құра алады; алгоритм трассировкасын біледі; | 1 | Алгоритм құрылымын біледі | 3 |
2 | алгоритм қадамының нақты программалау тілін көрсетеді | 1 | |
3 | Сәйкестендіре алады | 5 | |
таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдана алады; программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін біледі және қолдана алады. | 4 | Программаны тестілеу біледі | 1 |
5 | Сәйкестендіре алады | 3 | |
6 | Алғашқы деректердің кейбір жиыны және осы деректерге сәйкес келетін программа жұмысы кезінде пайда болатын барлық нәтижелердің дәл сипаттамасын біледі | 1 | |
Барлығы | 14 |