ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

директор жанындағы отырыс хаттамасы

Мерзімі:10.04.2023ж
Қатысты : 13
Күн тәртібінде:

Пән мұғалімдерін Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары мен өткізу тәртібін таныстыру

Тыңдалды:

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 жылда бір рет өткізіледі.Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.

4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:

Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының форматы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.

Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл – 30.

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі. 9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:

Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы. Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут). Максималды балл – 75 екендігі айтылды.

ББЖМ-ға дайындық кестесі құрылып, таныстырылды.

ББЖМ кезінде кезекші мұғалімнің жауаптылығы, кабинеттердің талапқа сай болу керектігі, ББЖМ өтетін кабинеттерге сілтемелер болу қажеттігі, әрбір тест тапсырмасын алғаннан кейін міндетті түрде сараптама жасау, компьтерлердің, интернет желісінің талапқа сай болуы керектігі, денсаулығына байланысты қатыса алмайтын оқушылардың анықтамасының болуы керектігі ескертілді.


Шешім:

1.4 және 9 сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындау кестеге сай өткізілсін.

2.Дайындық жұмысының уақытымен өткізілуін қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Дюсенова С.С мен Канимаганбетова Г.У жүктелсін.

Мектеп директоры: Э.М.Халелова

Хатшы: Г.М.Садыкова