Файл: Отстік азастан мемелекеттік педагогигалы университеті Шетел тілі екі шетел тілі мамандыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогигалық университеті
Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы:Жүзу
Орындаған: Суранова Назерке
Қабылдаған:Катешов М.
Кіріспе
1 Жүзу түсінігі
ІІ тарау
Негізгі бөлім
2 Жүзу техникасы
2.1 Суда жүзудің пайдасы
Қоытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жүзу дегеніміз адам өзін судың бетінде ұстай білуі және ешқандай басқа заттың көмегінсіз су бетінде қозғала білуі. Жүзу тәсілдерін жақсарту мақсатында және жүзу үйрету методикасын жақсарту мақсатында соңғы жылдары обьективті тәсілдердің зерттеулердің көмегімен экспериментальді жұмыстар жүргізуде.
Жүзу үйрету жүйесі алдымен суды меңгеру жаттығуларды қарастырады, содан кейін ғана спорттың жүзу тәсілдерін үйретеді. Яғни, жүзу сабағының өзін 2 – этапқа бөлеміз. 1-ші этап көптеген зерттеулер нәтижесінен сәл қиындау екені дәлелденген, себебі үйренушінің су бетінде жүзу, яғни өз салмағын су бетінде дұрыс күш пайдаланып ұстау қиындау тәсіл, екіншіден үйренуші қиындау қимыл іс-әрекеттерді орындағанда тыныс алу жүйесін дұрыс іске қоспауы. Сондықтан бірінші этаппен екінші этап арасындағы жаттығуларды бір-біріне тығыз байланыста болуы қажет.
Көптеген олимпиада ойындарында жүлделі орын алуға көбіне мектеп оқытушылары септігін тигізеді. Мысалы айта кететін болсақ 1980 жылы ХХІІ олимпиада ойындарында 22 медаль алған жүзушілердің басым бөлігі мектеп қабырғасындағы оқушылар. Жүзу спортының маңызы да артуда: егер 1952 жылғы ХV олимпиада ойынында (Хельсинк қаласында өткен) жүзуден 11 ара қашықтық ендірілген болса, ал 1980 жылы Москвада өткен Олимпиада да ол 26-ға артты.
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді. Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқаруды да біледі.
Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет.
Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді.
Қазіргі таңда жүзуге көбіне жастар қауымы қатысады. Жас ерекшеліктеріне қарай олар әр түрлі жарыстарға қатысады. Жүзуге үйретуге 10 жасынан бастап қабылданса, әр түрлі тәсілдерді пайдаланып жарыстарға қатысуы оның қабілетіне қарай қатыса алады. Яғни мұндайда жас мөлшері белгіленбейді.
Жүзу жаттығуларының өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі ол жүзушінің суда өз денесін қатты затқа сүйемей ұстай білуі. Судың бетінде өзін ұстай білудің өзі дененің қимыл мүмкіндіктерін арттырады. Бұл ерекшелік дененің көптеген мүшесінің қимылдарын арттырады. Екінші ерекшелігі дененің судағы қатысты салмақсыздығы. Адам денесінің судың көтеру күшімен теңесуі. Судағы дене салмақсыздығы жүзу жүйесін және адам денесін дұрыс дамуына ықпал етеді.Үшінші ерекшелігі судағы жаттығуларды орындағанда дененің тік ұстауы. Бұл тұрыста ішкі органдар жұмысы анағұрлым жеңілдейді.
Жүзудің сонымен қатар тәрбиелік маңызы да зор. Яғни бұл спорт түрі жылдамдықты, күшті, шыдамдылықты, ептілікті талап етеді. Моральдық дайындықта қажет. Яғни көздеген мақсатқа жете білу, ұйымшыл болу, адал болу, достық қатынасты нығайту. Денсаулыққа да пайдалы спорт түрі. Су адам дененің терісін тазалайда, терінің дем алуына әсер тигізеді және терінің өзін қатырады.
Су бетінде адам салмақсыздық қалыпта болғандықтан, яғни белге салмақ түсіп тұрмағандықтан баланың бойының өсуіне әсері мол.
Жүзу ішкі органдардың жұмыстарында арттырады ең алдымен жүрекке және тыныс алуға әсер тигізеді. Жүзумен айналыспайтын балдардың жүрек қағысының соғуы минутына 75-80 болатын болса, жүзу техникасын дұрыс пайдаланған 11-12 жасар балдардың жүрек қағысы минутына 50-60 соғады.
Жүзу барысында спортсмен тыныс алу ырғағымен қимыл ырғағын байланыстырады:әр қимыл циклына ол дем алып, демін су астында шығарады. Жүзу сонымен қатар орталық нерв жүйелеріне де әсерін тигізеді: тітіркену сезімдерді жояды, өз-өзіне сенімділікті арттырады. Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады.
Суда жүзудің пайдасы:
1. Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.
2. Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады». Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді.
3. Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге «алғыс» білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді.
4. Суда жүзуде жақсы нәтиже көрсету үшін дұрыс тыныс алуды үйрену керек. Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.
5. Дене температурасы қалыпты жағдайдан шықпай, иммунитетіңіз суық тиюге, тұмауға қарсы тұра алады.
6. Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар. Көп қозғалыс пен энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Оған қоса, жүзу кезінде омыртқаға травмотологиялық қауіп төнбейтінін ескеру керек.
7. Және де жүзу спорты жүйкені жұқартып, ойды мың бөлген күйзелістен арылтуға сеп болады. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді шайып әкетеді. Бойыңызға қуат беріп, сергітеді.
8. Осы ретте, әр іске ниетпен қадам басу керектігін естен шығармаңыз. Яғни, суға жүзуден ләззат, күш ала біліңіз. Себебі, бұл спорт түрінен ажырамас үшін келесі жолы суға жүзуге асығып тұруыңыз керек.
9. Егер сіз мүлдем жүзе алмасаңыз, хауыздан бастағаныңыз жөн болар. Өйткені, хауызда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндігіңіз жоғары болады.
10. Суда жүзу адамды еш жалықтырмайды. Және арнайы ережені де қажет етпейді..
Қорытынды
Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.
Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады. Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі. Жүзу сабақтары кез-келген адамды қызықтырады.
Жүзу нәтижесінен үлкен жетістіктерге жету үшін барлық дайындық түрінен көп жылдық қажырлы еңбек қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде "Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1. -
Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994. -
Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001. -
Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж. -
Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264. -
Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31. -
Спорттық қызметтің мәні мен ерекшелігі. «Қазақстан жоғарғы мектебі» 2008. №1, -Б.-71-76. -
Ахмедов К.Б. Плавание. Учебное пособие. “Санат”, Алматы, 1997 -
Платонов В.Н. Плавание. Учебник. Киев. 2000. -
Штеллер И.П. Водное поло. Учебник. М., ФиС. 1981г