Файл: 1 жргізуші айырлы кн, ардаты азаматтар, аяулы стаздар, білімге мар шкірттер! Кілдеріізге кктем шуаындай сезім мен нр йып, 7 мамыр Отан ораушылар мерекесі, 9 мамыр Жеіс кні мерекесі келіп жетті..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 - жүргізуші:Қайырлы күн, ардақты азаматтар, аяулы ұстаздар, білімге құмар шәкірттер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі, 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болса абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.2 - жүргізуші:Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,Ғажайып келешектің төккен үнін.Ардақты ағаларға шын көңілденЖолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін - құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар! Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын! Қайратты, мақсатты болыңыздар! Еңбекте табыс тілейміз,- дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ерлан Кенжебекұлына сөз кезегін береміз.1-жүргізушіЖете бер аңсап күткен тілегіңе,Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,Алды бол қатарыңның бұл өмірде , — деп Ерлан Кенжебекұлы, Қанат Маратұлы, Жақсылық Сырымбетұлы сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Еркетай вокал тобы «Ел қорғауға әзірміз» атты әнімен ортаға шақырамыз2-жүргізушіКүндеріңіз толсын гүлге, желекке,Отбасында болсын ырыс-берекеҚұттықтаймыз шын жүректен СіздердіӨмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп 1 сынып оқушылары өздерінің Смуглянка биін тарту етеді!1-жүргізушіЖеңіс! Ия, оны сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Отан үшін от кешкен жауынгерлер үшін 1минут еске алайық!2 -жүргізуші: Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады дей келе ортаға 6 мен 7 ші сынып оқушыларын қарсы алыныздар!1- жүргізуші:
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.Соғыстан соңғы сәби күлкісіменҚара күндер қайғысын ұмыттырды.Мың бұралған қыздарымызды «Катюша» биімен ортаға шақырамыз2- жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер ағаларымыз бен апаларымыз, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз. 4 сынып оқушысы Тыныштық Томиристің орындауында Жеңіс күні 9 мамырда1- жүргізуші: Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.Ризамыз пейіліңе дархан аға,Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, Байпатша, Риза, Шамиль сынды ұстаздарымызды айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!4 сынып оқушысы Тыныштық Томиристің орындауында Жеңіс туы желбіреп әні2- жүргізуші: Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,Қолыңда шәкіртіңнің болашағыӨмірді алға қарай өрлететінСендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз Оңалбай Балаусаның «Соғыс,соғыс болмасыншы» әнін жолдайды.1 - 2 жүргізуші: Болмасын соғыс!Болмасын соғыс!Болмасын!1-жүргізуші: Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен концертіміз аяқталды.Сау-саламатта болыңыздар!