Файл: азастан Республикасыны ылым жне білім министрлігі Атбе облысы,аралы ауданы Баыты физика Секция физика Таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Ақтөбе облысы,Қарғалы ауданы
Бағыты: физика
Секция: физика
Тақырыбы: Электромагниттік толқындардың ағзаға әсері
Авторы: Көшкенбаев Нұрсұлтан
Қарғалы ауданы, №2 Бадамша орта мектебі 7 сынып
Жетекшісі: Курбанбаева Венера Нурлановна
Қарғалы ауданы, №2 Бадамша орта мектебі
Физика пәні мұғалімі
Бадамша ауылы
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
I Кіріспе
-
Күн радиациясы. Электрлік техникалық құралдардағы электромагниттік толқындардың желісі ______________________ 3-5
II Негізгі бөлім
2.1. Ұялы телефонның әсері және оның әсерінен
туындайтын аурулар__________________________________________6-9
2.2. Микротолқынды пештің әсері________________________________10-13
2.3 Электромагниттік толқынның ағзаға тигізер әсері______________15-16
III Қорытынды ______________________________________________
Ұсыныстар ________________________________________________17
Пайдаланған әдебиеттер_________________________________________18
Қосымшалар___________________________________________________19
1
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Осы тақырып арқылы электромагниттік толқындардың адам
ағзасына қаншалықты зияны бар екенін анықтау.
Әрбір адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыт беру
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Тақырып бойынша терең білім алу;
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру;
Зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеру;
Дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Зерттеу әдістері:
Ғылыми деректермен жұмыс
Ғаламтордан мәліметтер жинақтап, сараптап, аудару.
Зерттеу жұмысының болжамдары:
Электромагниттік толқынның адам ағзасына зияны қарастырылады.
Жасалған жұмысқа байланысты мағлұматтар жинақталды.
Электромагниттік толқынның зиянды жақтары қарастырылып, алдын алу шаралары жасалады.
2
I Кіріспе
1.1. Күн радиациясы. Электрлік техникалық құралдардағы электромагниттік толқындардың желісі
ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. Әрбір әрекет, әрбір жұмыс бір ғана батырманы басу арқылы іске асатын заманға да жақындап келе жатырмыз.
XXI ғасыр-ғылым мен техниканың дамыған кезеңі.Өкінішке орай кез келген өркениеттің екі жағы болатыны бар.Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжыуы болса,екінші жағынан, рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді.Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу-сызуды білмесе де,компьютердің,ұялы телефонның не екенін жақсы біледі.Демек бала заманына қарай өседі.Технология тілін жатық біле бермейтін әке-шешелері«Қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатыр.Енді осы тақырыпты ашып айтып өтейін. Біз күнделікті өмірде қолданатын электр құралдардың өз денсаулығымызға қаншалықты зиян келтіретінін кейде білмей де қаламыз. Мен осы өзімнің таңдаған тақырыбым арқылы жұртқа ұялы телефонның, микротолқынды пештің, компьютердің электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін ашып айтқым келеді.
Электромагниттік толқындар — байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын. Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы. Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар.Электромагниттік толқындарды тұрғын үйдің теледидарында, өтегінде, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғыштарда, компьютерде, ұялы телефондарда болады. Электромагниттік толқындардың 1000 мГц таралу керек болса, электро техникалық құрылғыларда кейде одан көп асып кетеді.
3
Мысалы: өтекті қосқан кезде 25см қашықтықта одан 0,2мкТл электромагниттік толқындар бөлінеді. «Tefal» шәйнегінде 20см-0,6мкТл.
Кір жуғыш машина 50Гц, ал теледидардың пульті 1 метрде 1мкТл болады. Микротолқынды пеште 30см қашықтықта 50Гц магниттік өрісі 10,3-8мкТл болады. Ал ер адамдар электр қыздырғыш қолданған кезде өздерін әдемілей отырып, беттерінен ток жүргізеді себебі: Электр қырынғыш 100мкТл (микро Тесла) есептеледі екен. Компьютерде 60Гц болады.Бірінші күн радиациясы жайлы айтып өтейін. Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді.Радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.«Күн өтіпті »деген халық диагностикасы мен «сәулелік ауру» деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар.Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенмен,өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде,қырғыз бен түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін,дала қазағының түйежүн шекпенін тастамауында,халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірібесі жатыр.Күні шуақты елдердегі әйелдердің бетін,денесін бүркеп жүруінің де бір сыры осында жатыр.Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды.
4
Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді. Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Сондай-ақ Күн радиациясының, ғарыштан келетін басқа дабөлшектердің зиянды әсерін де білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар болған денелердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын нақты білу қажет. Қандай доза шегінде жұмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне қауіпті деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек. Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек. Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті. Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады. Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.
5
2.1. Ұялы телефонның әсері және оның әсерінен туындайтын аурулар
Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес. Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз...
Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.
-
"Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді. -
Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. -
Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.
Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді.
6
Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз. Көп ғалымдар ұялы телефонның электромагниттік толқындарының шынында да адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін зерттеп қараған. Көп елдерде осыған байланысты арнайы программалар құрылып, үш жылдың көлемінде зерттеулер жүргізілген. Оған 12 елден келген 15 мың дәрігер мамандар қатысқан. Дәрігерлер зерттеу нәтижесінде құлақтың маңайында орналасқан (ми, сілекей безі, құлақ түйсіктері, көз)-дерге ұялы телефоннан
шығатын электромагниттік энергияға көп көңіл бөлген. Осы сұрақ бойынша мен біздің Шиелі ауданындағы емханаға барып, лор дәрігерімен сауалнама өткіздім. дәрігер шынында да электромагниттік толқындардың адам ағзасына соның ішінде құлақтың маңайында орналасқан мүшелерге көп әсерін тигізетіні туралы айтты.Шынында да ұялы телефонды тым жақын қолданғанда одан электромагниттік энергия шығады, тура сондай энергия микротолқынды пеште тауық етін пісіргенде шығады. Бұл энергия адамның миына және басқада мүшелеріне әсер етеді. Ұялы телефонды балаларға ұстап, онымен ойнауға болмайды. Шведтық ғалымдар «2мин. артық сөйлескен кезде адамның басында шу пайда болады» -деген тұжырымдама жасады. Ал Россияның ғалымдарының зерттеу барысында NMT-450, AMPS-800 ұялы телефондарымен сөйлескен кезде адамның миының биоэлектрлік жылдамдығына әсер ететіні байқалған. Адамның миы электромагниттік толқындардың сәулелерін әртүрлі қабылдайды. Электромагниттік сәулелер адам ағзасына өте қатты зиян тіпті кейде өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін.
7
Ұялы телефонмен мешітте, жол жүріп кележатқанда, шаңғы сырғанап кележатқанда, 16 жасқа толмаған балаларға, әйел адамның жүктілік кезінді және де психикалық ауруға шалдыққандарға, эпилепсия ауруымен ауратындарға сөйлесуге болмайды. Дені сау адамдарға 20минуттан артық сөйлесуге болмайды. Себебі: бас ауруына және ойлау қабілетінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.
Базалық станцияларда электромагниттік толқындардың қуаты 5Вт тан 20Вт дейін барады, ал үлкен қалаларда тіптен көп болуы мүмкін. Осыдан барлық жерде сәуле шашуы болуы мүмкін деген ой туындайды. Ұялы телефонның зияны жоқ деп шешкен канадалықтар осындай базалық станциялардағы антеналардан бөлінген электромагниттік толқындардың сәулелері адамға өте қатты зиян екенін анықтаған. Осының әсерінен рак ауруы пайда болады.
Ал ұялы телефонды алатын болсақ оның маркасына қарай олардың электромагниттік толқындарының қуаты да әртүрлі болады. Көп елдерде электромагниттік толқындардың қуаты 1,6 Вт/кг. болатындай көлем алынған. Ұялы телефонның электромагниттік толқынының қуаты аз болғаны жақсы. Қазіргі кезде SAR ұялы телефонының қуаты 2ВТ/кг- нан аспайды. Осыдан 7-8 жылдан бұрын шығарылған AMPS-800, DAMPS-800, NMT-450 ұялы телефондардың қуаты бұл көрсеткіштен анағұрлым көп болған, ал қазір олардың қуаттары 1,5Вт/кг, және 0,5Вт/кг аспайды. Ең аз қуат көрсеткіші CDMA құралында, оның қуаты 0,1Вт/кг.- нан аспайды. Барлық ұялы телефондарда аз қуатты қондырғылар орнатылған. Автокөліктердің ішіндегі ұялы телефонның қондырғы қуаты 3 ватт, ал қарапайым ұялы телефондарда барлығы 0,75 — 1ваттқа тең. Қондырғылар ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан. Радиоқондырғылар антеналардың функциясы ғарышқа радиотолқындарды жіберіп тұру үшін арналған.
8
Электромагниттік радиация магниттік энергиядан және электромагниттік толқындар арқылы пайда болады. Барлық электромагниттік энергия электромагниттік спектрге түседі, олар өте төменгі радиацияның жиілігінен ренгендік және гамма-сәулелеріне дейін өзгереді. Көп адамдар ұялы телефонмен сөйлескенде оны тым қатты бастарына тақалтады, осыдан адамның миына көп радиация әсер етеді.
Егер сіз ұялы телефон өміріме қауіпті деп қорқатын болсаңыз, сізге келесі ережелерді сақтаған жөн:
-
- ұялы телефонмен наушник арқылы сөйлескен жөн, себебі сіз ұялы телефонды қолыңызбен ұстамай, басыңызға тақалтпайсыз сөйтіп өзіңізді телефонның электромагниттік толқынның сәулесінен қорғайсыз. -
- антенасы құлақтың маңайынан алшақ орналасқан ұялы телефонды қолдануға тырысыңыз -
- Зәулім үйлерде, мекемелерде ұялы телефонды қолданбауға тырысыңыз -
- ұялы телефонды көбінесе таза ауада қолданылған жөн -
- сәбилерге телефонды ойнауға бермеуге тырысыңыз -
Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз. -
Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз. -
Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады. -
Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды берер алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.