Файл: азастан Республикасыны ылым жне білім министрлігі Атбе облысы,аралы ауданы Баыты физика Секция физика Таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9
2.2. Микротолқынды пештің әсері.
1945 жылы америкалық инженер Перси Лебарон Спенсер алғашқы радарларға қажетті микротолқынды радиодабылдарды тудыратын қондырғы -магентронды шығару жолында еңбек етті. Әрине соғыс уақыты болғандықтан радар сөз жоқ, аса құнды жаңалық еді, бірақ Перси Лебарон Спенсер микротолқынның көмегімен тамақ пісіруге болатынын кездейсоқ білді. Бірде ол магнетронның қасында тұрып, қалтасындағы шоколадтың еріп кеткенін аңғарады. Ол тәттінің микротолқынның әсерінен ерігенін ұғып, бірнеше сынақ жасап көреді. Нәтижесінде көпшілігіміз тұрмыста жиі пайдаланатын микротолқынды пеш өмірге келді. Оның ең алғашқысының салмағы 340 келі болған екен.
Ғалымдар қысқатолқынды пеш ішінде болған тағамдар қан тамыр, жүрек, ішек ауруларын шақырып, сондай-ақ мидың жұмысын нашарлатып және зат алмасу процесін баяулатады деген қорытынды жасап отыр. Әр қысқатолқынды пештің ішінде аса қуатты магнетрон атты сәуле шашқыш болады. Ол іске қосылған кезде интенсивті электромагнитті өріс арқасында тағам құрамындағы молекулалар қозғалысқа түсіп, қызып және жарылады. Зерттеушілер тағам дайындаудағы бұл тәсілдің зияндылығына байланысты оны "ас ішіндегі атомды соғыс" деп атап отыр. Олардың сөзінше, қызу мен жарылыс процесі, сондай-ақ қысқатолқынды пештегі агрессивті электромагниттік сәуленің кесірінен тағам өз құнарлығының 98%-ын жоғалтады екен.
Өздеріңіз ойланыңыздаршы, егер күнделікті өмірде істейтін тағамды су қайнағаннан да тез пісірсе, онда ол тағам қандай болып піскені? Егер біз тағамды жәй жылытатын болсақ, онда ол тағамның дәмі азайып, микрофлорасы да азаяды. Біз тағамды сусыз немесе аз көлемді суда пісірсек, онда тағамның ауыр металлдары мен нитраттары, нитриттері қайда кетеді?Американдықтардың зерттеулері бойынша микротолқынды пештің арқасында «асқазан қатерлі ісігін » болдыртпауға болады.
10
Себебі онда май мүлдем қолданылмайды. Ондай тағамды асқазанға пайдалы деп есептейді екен. Ал испандық зерттеушілер керісінше микротолқынды пеште пісірілген брокколи қырыққабатының 98% пайызының витамині және микроэлементі жойылғанын байқаған.
Ең алғашқы микротолқынды пештің ішінде пісірілген тағамға швейцарлық биолог Хортеля және профессор Бернарда Блонка 1989 ж зерттеу жасаған екен, осы зерттеу барысында бір адамға пеште істелінген тағам жегізген, ал кейін микротолқынды пеште істелінген тағамды жегізген, сонда микротолқынды пеште істелінген тағамды жеген соң адамның қанының құрамында лейкоцит тым көп болып көбейіп, рак ауруына шалдыға бастағанын байқаған. Осы ауруды микротолқынды пеште істелген тағам тудырған, бірақ бұған ешкім мән бермеген екен.
Микротолқынды пеште істелген тамақтың электромагниттік толқындары микротолқынды пеште істелген етке судың молекуласының құрамымен енеді. Осыдан молекулалар қызып, бір-бірімен қақтығысады. Осыдан температура жоғарлайды, микротолқынды энергия 2,5см ден 5см ге дейін өтеді, сондықтан қалың етті ортасынан бөліп салған жөн.
Францияның, Россияның, Украинаның және Швецияның ғалымдарының зерттеуі бойынша электромагнитті ақпаратты толқын ақпаратты кеңістік болып табылады. Осы ақпаратты кеңістіктің адам денсаулығына тигізетін зияны өте көп екен. Адамның бас ауруы, ұйқының бұзылуы, мазасыздануы осының әсерінен болады.
Биологиялық зерттеу бойынша, адамның ағзасына микротолқынды пештен бөлінетін жоғарғы жиілікті диапазонның сантиметрлік сәуле шашуы әсер етеді. Электромагниттік сәуле шашуды көріп, естуге болмайды. Бұндай сәуле шашу тез байқалмайды. Сәуле шашу микротолқынды пеште істелген тағамға да әсер етеді.
11
Осының салдарынан электромагниттік сәуле шашудан тағамның құрамындағы молекула ионизацияланып, атом электронын жоғалтады немесе керісінше қосып алады. Бұндай жағдай тағамның
құрылымын өзгертеді. Сәуле шашу тағамдағы молекуланың бұзылуын тудырады.
Роберт Беккер Өзінің «Электричество тела» атты еңбегінде Ресейлік ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, микротолқынды пештің әсерінен туындайтын ауруларды қарастырған:
-
Қысқа мерзімді зерттеу барысында микротолқынды пеште істелген тағамды ішкен адамдардың кәдімгі пеште істелген тағамды ішкен адамдардың арасында айырмашылық байқалған. Микротолқынды пештің тағамын ішкен адамның қанының құрамында өзгеріс байқалған, адамның қаны азайып, холестерині өскені байқалған екен. -
Шетелдік емхананың бірінде бір әйелдің тізесіне аса ауыр емес операция жасалған екен. Оған қан құю үшін медбике қанды білмей микротолқынды пеште қыздырып, қанды әйелге құйған кезде әйел шетінеп кеткен екен. -
Вендік университетінің ғалымдарының зерттеуі бойынша микротолқынды пеште жылытылған тағамның аминоқышқыл атомның реті өзгергенін байқаған екен.
Микротолқынды пешті қолданғанда келесі ережелерді сақтаған жөн:
-
микротолқынды пеште майға шыжғырып тағам әзірлеуге болмайды, себебі майдың температурасы жоғарлайды. -
Жұмыртқаны қабығымен микротолқынды пешке салып қайнатуға болмайды, оның атылып кетуі мүмкін. -
Бауыр, сәбіз, бұршақ, жүгеріні де пісіруге болмайды, олардың да атылып кетуі мүмкін.
12
-
Микротолқынды пештің үстіне металлдан жасалған ауыр заттар қоюға болмайды.
Осы ережелерді сақтаған кезде өз өміріңізді микротолқынды пештің зияндарынан азда болсын қорғайтыныңызды ұмытпағаныңыз жөн.
13
2.3Электромагниттік өрістің адам ағзасына әсері олардан қорғану жолдары.
Электромагнитік өрістің әсері – электр заряды не магниттік моменті бар бөлшектер арасындағы электромагнитік өріс арқылы берілетін белгілі . Адам өмірге келгеннен бастап, электромагнит сәулесінің әсерінде болады. Адамға әсер ететін жердің магниттік өрісі – табиғи электромагниттік өріс, планетарлық сарқылмайтын ресурс. Магниттік өрістің күші әржерде әртүрлі. Радиожиіліктік өрістер адам организіміне қолайсыз әсерін тигізеді. Адамға, жануарларға, өсімдіктерге, микроорганизмдерге жер қыртысынан бөлінетін гамма сәулелер және ғарыш сәулелері сырттан,организмде болатын радиоактивті элементтер сәуелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе, клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру жабысады. Радиожиілікті қондырғылар шығаратын электромагниттік сәулелерді мөлшерден көп қабылдаған жағдайда ол адамда мамандық ауруға әкеліп соғады. Нәтижесінде нерф жүйесі журек қан тамырлары эндокриналды жүйе және де басқа да ағзаларға әсер етуі мумкін. Электромагниттік өріс әсерінде ұзақ уакыт болған жағдайда адамдар тез шаршайды. Ұйқышылдық пайда болады,ұйқысы бұзылады,жиі- жиі басы ауырады,нерв жүйесі бұзылады т.с.с. системетикалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру қан қысымы өзгеру жүрек соғысының баяулауы шашының түсуі байқалады. Қорғану әдістері: сәуле шығару көзіндегі сәулеленуді азайту. Өте жоғары жиілікті және ультра жиілікті қондырғыларды дұрыс орнату. Экрандалған бөлмелердегі қондырғыны алыстан бақылау. Жұмыс істеу орнын және сәуленің шығу көзін экрандау немесе мыстан жасалтын жогары өткізгіштік қасиеті бар тор металдар шағылдырғыш жерлету экран ретінде пайдалану шаралар «электормагниттік сәулеленуді дозиметр көмегімен кемінде айына бір рет тексеру,жылына медициналық тексеруден бір рет өткізу. Қосымша демалыс қысқартылған жұмыс күнін жасау жасы он сегізге толмаған және орталық нерв жүйесі
14
жүрегі, көзі ауыратын тұлғаларды жұмысқа қабылдамау». Жеке қорғанысты қолдану.
Электромагниттік толқындардың әсерінен әртүрлі аурулар туындайды екен:
-
онкологиялық аурулар -
Альцгеймер ауруы -
Паркинсон ауруы
Электромагниттік толқынның радиациясының екі түрі бар.
Олар: Гамма-сәулелері және рентгендік сәулелер. Осы екі сәуле де адам денсаулығына зияны көп. Федералдық комиссия «Жоғарғы радио жиілігінің сәулелері адамның терісіне әсер етеді» — деп қарастырған екен. Радио жиіліктері адамның терісін микротолқынды пеште тамақ қыздырғандай етіп қыздыруы мүмкін, терінің зақымдануы жоғарғы жиілікті радиацияның әсерінен туындайды, себебі: адамның терісі көп мөлшердегі жылулықты тез тарата алмайды. Әсіресе көп зиян адамның көзіне тиеді, көзде қан айналымы баяу болады. Қазіргі кезде ұялы телефондардың қаншама түрлісі бар, ғалымдар электромагниттік толқындардың адам ағзасына қандай зияны бар екенінің нақты шешімін тауып адамдарды алдын — ала қауіпсіздендіру жолын іздеуде.
15
3.2. Қорытынды:
Электромагниттік толқынның адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін мен осы тақырыбым арқылы зерттеп, таныдым.Ұялы телефонның электромагниттік толқыны ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан қондырғы арқылы зиянды екенін білдім. Өзімде бір тәжірибе жасап көрдім:
— ұялы телефонды бір апта жастығымның астына қойып ұйықтадым, сонда мен ұйықтап тұрғанда шаршағанымды сезіндім, басым ауырып, жүйкем тозғандай болып сезінді. Ал қазір мен ұялы телефонмен көп қолданбауға тырысамын. Дәл осы сияқты микротолқынды пештіде қаншалықты адам ағзасына зияны бар екенін білдім. Микротолқынды пешке де өзім бір тәжірибе жасап көрдім:
— Суып қалған тағамды алып жартысын пешке, ал жартысын микротолқынды пешке жылыттым. Сонда байқағаным пеште жылытылған тағамның дәмі сақталыпты, ал микротолқынды пеште жылытылған тағамның дәмі аса қалмаған екен. Себебі микротолқынды пеште жылытылған тағамның витаминдары 60% пайыздан 90% пайызға дейін азаяды екен. Тек тағамның дәмінің өзгеріп, құрамындағы витаминінің азғайғанын ғана емес, микротолқынды пеш қосылған кезде туындайтын электромагниттік толқынның әсері бар екеніне де көз жеткіздім.
16
Ұсыныстар
Мен өз денсаулығым және де барлық адамның денсаулығы жақсы болғанын қалаймын.Осы тақырыбым арқылы келешек ұрпаққа электромагниттік толқынның зиянын айта отырып, өз ағзаларын электромагниттік толқынынан дұрыс қорғай білуді айтып жеткізгім келеді.
Мен айтып өткен мәселелерден кейін келешек ұрпақтар, менің достарым өз денсаулықтарын осы электрлік құрылғылардың электромагниттік толқындарынан өз ағзаларын дұрыс қорғай білуді үйренеді деген үміттемін.
17
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Физика және астрономия оқулығы 9 сынып. Р.Башарұлы
2.Физика в школе журналы 2012ж ,№ 1
3. Интернет материалдары
4. Любимов В.В. Искусственные и естественные электромагнитные поля в окружающей человека среде и приборы для их обнаружения и фиксации // Препринт. 1999. - №11 (1127). –
5.. Холодов Ю.А. Реакция нервной системы человека на электромагнитные поля. –М.: Наука, 1992.
18
Қосымшалар
19