Файл: Б. Гафуров жомб Информатика пні малімі Турсунбаев С.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Б.Гафуров жомб

Информатика пәні мұғалімі: Турсунбаев С.

Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді әзірлеу 10.04.2023

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1- өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Алгоритм құрастырып, есептердің моделін жасай алады.

Бағалау критерийі

Барлық оқушылар: Алгоритм құрастыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Алгоритм құру арқылы блок- сызбаның шығу жолдарын көрсетеді.

Кейбір оқушылар: Алгоритмді жазу тәсілдерін қолданып, программалау тілде есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Оқушылардың жеке, жұптық,топтық жұмыс жасау барысында информатикалық тілде сөйлеу дағдылары қалыптасады, сипаттама бере алады.

- трассировка, трассировка орындаушылар ұғымын түсіндіреді;

- блок- сызба көмегімен есептің псевдокодын шығарудың жолдарын айтып береді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • алгоритм-алгоритм-algorithm

  • трассировка- трассировка- tracing

  • псевдокод- псевдокод- pseudocode

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Алгоритмді орындаушылар ....

Псевдокод- .........

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.



Пәнаралық байланыс

Математика, орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріп осы сабақпен байланыстыру.

-алгоритм деген не?

-базалық алгоритм құрылымдарын атаңдар?

-алгоритмдердің жазу тәсілдерін атаңдар?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин

Ұйымдастыру:

а) Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық ахуал жасау. Шаттық шеңбер «Жылы лебіз» жүрекшелер арқылы бір -біріне сәттілік тілейді.

Мақсаты: оқушыларды ынталандыру, жағымды орта қалыптастыру.

б) Сыныпты топтастыру.

«Сандар арқылы» әдісі бойынша ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады. оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтастыру. Әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды

в)Үй тапсырмасын сұрау.

« Не және неге? әдісі

Топ құрылғаннан кейін топ басшысы сайланады. Өтілген тақырып бойынша топ мүшелері бір біріне сұрақ қойып жауап береді. Топтағы барлық оқушы қатысу керек.

Сұрақтар: .........................

Дескриптор

  • алгоритмді байланыстырып айтады.

  • базалық алгоритм құрылымдарын атай алады.

  • алгоритмдердің жазу тәсілдерін орындайды.

Үй тапсырмасын пысықтау «Бас бармақ» әдісмен жүзеге асырамыз.


Қағаздан жасалған

сандар






Сабақтың ортасы

30 мин

Тақырыпты ашу әрекеті.

1-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі

«Жасырылған сөздер» бірнеше сөздер беріледі сол сөздердің ішінен оқушылар жасырылып қалған сөзді тауып тақырыпты ашады. Сабақтың мақсатын интерактивті тақтада көрсетемін.

2-тапсырма. «Бруннердің бейнелік білім беру әдісі» бойынша электронды оқулықтан түсіндірме bilimland.kz сайтынан

«Алгоритмді құрастыру» тақырыбының «түсіндіру» бөлімінен электронды оқулықты мұқият қараймыз. Мәтінмен және сөздікті жұмысты дәптерімізге жазамыз.

Дескриптор

Алгоритмнің блок- сызбасы не екенін түсінеді.

Псевдокод не екенін анықтайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.

3-тапсырма

(Ж) «Жоба жасау» әдісі арқылы компьютерде орындайды.

Оқушыларға алған білік пен дағдыларын пайдалана отырып, «Алгоритм құрастыру» тақырыбына презентация құруды ұсынамын.

Дескриптор

Алгоритм құрастыру тақырыбына презентация жасайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.

4-тапсырма

«Күту уақыты» әдісін пайдалана отырып белгілі уақыт беріледі, сол уақытта оқушылар тапсырманы орындайды. (компьютермен жұмыс)

  1. Берілген псевдокод бойынша есептің шартын құрастырыңдар.

  2. N натурал сан берілген n. Көбейтіндіні есептеңдер.

Дескриптор

  • Берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданады.

  • Берілген псевдокод бойынша есепті құрастырады.

  • N натурал сан берілген n көбейтіндіні есептеп шығара алды

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.





bilimland.kz сайтынан


Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Менің ойым». Оқушылардың осы сабақ бойынша түсінгендерін анықтау немесе қателіктерін түзету мақсатында «Менің ойым» әдісін қолданамын.

1.Бүгін сабақта нені үйрендім?

2.Сабақтағы ұтымды іс-әрекетің?

3.Өз уақытымды дұрыс пайдалана алдым ба?
Үйге тапсырма: §§ Алгоритм құрастыру.

Бағалау парағы

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып, саралау тапсырмаларын құрастырдым.

Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды деп күтемін. Мысалы, 4-тапсырма «Күту уақыты» әдісімен оқушылар тапсырманы орындайды. компьютермен жұмыс істеп орындайды. Барлық оқушылар: берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолдана алады, сол есептің шартын құрастырады.

Көпшілік оқушылар: берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданып есептер шығарады. Кейбір оқушылар:

Берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданып, N натурал сан берілген n көбейтіндіні есептеп шығара алады. Қосымша оқушыларға көмектесе алады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.

Рефлексия: «Менің ойым»

Қауіпсіздік техникасы ережелері