Файл: Сабаты таырыбы Дулат Бабатайлы (18021871) Масаты аынны шыармашылыымен таныстыру Міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы:Дулат Бабатайұлы (1802-1871)

Мақсаты: ақынның шығармашылығымен таныстыру

Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, шығармаларындағы халықтың зардаптарының көріністерін талдау; зейін қойып тындауға тәрбиелеу.

Құралдар: ақынның суреті, өлеңдері

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдісі: ой толғау, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыс, өлең құрылысына талдау, мәнерлеп оқу

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:

Психологиялық кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру: қалаған ақын туралы хабарлама жасау, 12 б сұрақтарды талдау, жаңа сөздерді жаттау

Жаңа сабақ:Дулат Бабатайұлы (1802-1871)

Хронологиялық кесте

Туған

Кім болған?

Шығармашылығы

Қайтыс болған

1802 ж. Шығыс Қаз.обл. Аягөз ауд. Сандықтас - Ақжайлау өңірінде туған



Шыншыл, ойшыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.

Поэмасы: «Еспенбет»,

Өлеңдері: «Аягөз», «Ақтанға», «Кешегі бір заманда», «Ақжайлау мен Сандықтас»,

«О, Сарыарқа, Сарыарқа!» т.б.

Ақынның алғашқы жинағы «Өсиет - нама» деген атпен 1880 ж. Қазанда басылды. 1991ж. ақынның бір топ шығармаларын құрастырып, «Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.

1871 жылы қайтыс болған. Аягөз ауд. Ақшатау кеңшары Сандықтас – Ақжайлау деген жерде жерленіп, кесене саланған.



Қазақ әдебиетінің көрнекті ақынының бірі, шығармалары қоғамдағы өзгерістерді шындықпен бейнелеген, халықтың зардаптарының күйзеле суреттеген, ел мен жердің тағдырын ұмытып,өз басының қамын ойлайтын атқамінерлердің опасыздығын әшкерлейді. 
«Айтқызбасымды айтқыздың» өлеңінде автопортретін суреттейді, «Тегімді менің сұрасаң» өлеңінде зар заманды жырлайды, «Бараққа», «Кеңесбайға», өлеңінде әкімдердің мінін бетке айтады. «Ақтанға» деген өлеңі халқын қорғайтын батыр осы Ақтандай жігіттен болса, оған қойылатын талаптар туралы әңгімелейді.

«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен үзінді

Жетімдіктен өтерсің, Жаңа сөздер: жетім-сирота

Шаң бермей әлі кетерсің, өту- пройти (прожить)

Қажыма, Ақтан, қажыма, жету- достичь

жетерсің, әлі, жетерсің,- қажыма – не сдавайся

Тапсырма: кестені толықтыру

Сөздер

Синонимдер

Антонимдер

Мысалдар, аудармалар

Елеулі







значительный

Дүниеге келу







родиться

Зерек







смышленый; способный

Көне







древний

Қасиетті







святой; священный

Бай







богатый

Жомарт







щедрый

Бекіту:

  • Дулат Бабатайұлының шығармашылығы туралы не айта аласыңдар?

  • Өзі туралы қандай өлеңінде айтады?

  • Жастар қандай болсын дейді?

  • «Аягөз»шығармасында не туралы айтады?

Үйде: бір үзінді жаттау, баяндама жазу.

Қорытынды:

 бағалау, қоштасу