ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Күні:

09.01.2023 ж

Мұғалім:

Рахимтаева Жанар Канаткызы

Пәні: Алгебра

Сыныбы: 9

Caбaқ тақырыбы

Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері

Oқу мақсаты ұзақ мерзім жоспардан

9.1.1.1 бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру;

9.1.2.1 градусты радианға және радианды градусқа айналдыру

Сабақ мақсаты

Барлығы: бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын анықтайды, градусты радианға және радианды градусқа айналдырады

Көпшілігі: градусты радианға және радианды градусқа айналдырады

Кейбірі: бұрыш градусын радианға және радианды градусқа айналдыру формулаларын қолданып есеп шығарады

Бағалау критерийлері

-Бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын есеп шығаруда қолданады;

-градусты радианға және радианды градусқа айналдырады;

Tілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту:

- қоршаған ортадағы кез келген фигуралардың бұрыштарын өлшеу үшін және сызба арқылы бірлік шеңбер бойында радиус векторды белгілейді;

- жеке, жұптық жұмыстарда сызба арқылы оң және теріс бағыттағы бұрыштарды шеңбер бойында табады;

- топтық жұмыста жазбаша формула көмегімен градусты радианға және радианды градусқа айналдырады

Талқылау сұрақтары:

-бірлік шеңбер бойында неше градустық бұрыштарды белгілей аламыз?

-сағаттың тілдері бірлік шеңбер бойымен айналады, сағат циферблаттары арасындағы бұр. шамасын қалай табуға болады?

Ресурстар

Оқулық Ә.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев Алматы «Атамұра», 2019 ж, үлестірме материалдар

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау тәсілдері

Саралау тәсілдері

Сабақ басы

5 минут


15 минут

2 минут

-ұйымдастыру кезеңі

- сыныпта жағымды орта құру

Ширату тапсырмасы Ұжымдық жұмыс:Білу

Сіздерді тапсырманы бірлесіп орындауға шақырамын.

-Қазір сіздерге әр түрлі шамаларды айтамын . Оларды қалай және қандай белгілері бойынша топтастыруға болатыны туралы ойланып көріңіздер. Сонымен бұл тапсырмадан қандай ой түйдіңіздер?

- Ауа температурасы күндіз +80С, ал түнде -20С;

-Дүкен бірінші айда 10% пайда көріп, екінші айда 8% зиян шекті;

-Сүңгуір спортшы 1,2 м биіктікке секіріп, одан 3 м-ге суға сүңгіді;

- Айдос бір орында тұрып 1800-қа кері бұрылды;

- Айгүл сағаттың 15 минутқа қалып қойды;

-400-қа қарама-қарсы бұрыш қандай болады?
Мағынаны тану (Жұптық жұмыс),(жаңа сабақты түсіндіру): Білу және түсіну

Әр партада шеңбер сызылған сызбалар бар

Тапсырма1: Берілген шеңберді екі перпендикуляр түзу жүргізу арқылы 4 бірдей бөлікке бөлейік. Алынған төрт бұрышты тағы да екі перпендикуляр жүргізу арқылы 4 бөлікке бөліп бір бөлігін β деп белгілейік. Енді осы β бұрышын 45 тең бірдей бөлікке бөлсек



10 бұрыш деп- шеңбердің 1/360 бөлігіне тең центрлік бұрышты айтады.




Жаңа материалды қорытындылау (Жұптық жұмыс):жаңа тақырыпты меңгертуге байланысты сұрақтар қоямын. Тапсырманы қорытындылаймын:

- бұрыштың өлшем бірліктерін білесіздер?

- бұрыштың радиандық өлшемі деген не?

- градусты радианға және радианды градусқа қалай айналдырамыз?

- берілген бұрышты шеңбер бойынын қалай тауып белгілейміз?

шамаларды мағынасына, сан мәндеріне қарай топтастыруға болатыны туралы қорытынды жасайды. Оң шамаларды: «10% пайда», «+80С», «1,2 м биіктік» және «-20С», «8% зиян шегу», «3 м тереңдік», «15 минут қалып қою» теріс шамалар ретінде қабылданатынын түсіндіреді. Ал «1800-қа кері бұрылу» қарама-қарсы бағыт деген мағынаны білдіретінін ажыратып бұрыштарда да өлшем бірліктері болатынын және оң, теріс шамаларының болатынын анықтайды
Білім алушылар жұптасады

Сызба көмегімен мұғалімнің

бағыттауындағы алгоритмдерді орындап:

-10 бұрышты анықтайды;

-бірлік шеңберде 3600; 1800; 900; 00 бұрыштарды анықтайды

- бұрыштың оң және теріс бағыттардағы өлшемдерін анықтайды;







Оң, теріс шамалы бұрыштарды бірлік шеңбер бойынан табуды анықтайды. Градусты радианға және радианды градусқа айналдыра алады

Ауызша бағалау» әдісі

мадақтау сөздер айтамын

«Қол сигналдары» әдісі арқылы әр жұп өз жұмыстары бойынша

*Мен... түсініп жатырмын(бас бармақ жоғары)

*Мен кейбір тұстарды түсінбедім(бас бармақ жанына қарайды)

*Мен түсінген жоқпын(бас бармақ төмен)

Дескриптор арқылы бағалау:

Жұптағы оқушылар бір-біріне кері байланыс жасайды.

Шамаларды бір-бірлерінен ажырата отырып оң және теріс бағыттағы бұрыштардың болатынын анықтау


Тапсырманы орындау барысында оқушыларды сыни ойлау үшін және бірқатар жауаптар алу үшін дайындалған сызбамен бірге жұмыс жасауда жаңа материалдармен танысуға мүмкіндік беру. Алгоритм қадамдарымен 1 радиан бұрышты анықтап, сол арқылы градус пен радианның негізгі тепе-теңдігі бойынша градусты радианға және радианды градусқа дұрыс айналдыруға жетелеу. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды.


Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтау. Сол бойынша келесі тапсырмада көмек көрсету

Сабақтың ортасы 13 минут

5 минут


Оқулықпен жұмыс (Жеке жұмыс): Қолдану

4.1-№4.3 есептерді шығару.

«Ойлан-жұптас-бөліс» (Жеке жұмыс):Түсіну және қолдану

Кестені толтыр:

р/с

Градустық өлшем

Радиандық өлшем

ширегі

1

-1350







2







ІІ ширек

3









Бағалау критерийі:бұрыштың белгісіз өлшемдерін табады

Дескриптор: Білім алушы

1.-градустық өлшемі бойынша радиандық өлшемді табады

-қай ширекте орналасатынын анықтайды

2.-ІІ ширекте жататындай оң немесе теріс өлшемдегі бұрышты ойлап табады

-алынған бұрыштың градустық немесе радиандық өлшемін табады

3.-радиандық өлшемі бойынша град. өлшемді табады

-қай ширекте орналасатынын анықтайды.

бұрыштың градустық өлшемін радиандық өлшемге айналдырады

Бұрыштың радиандық өлшемін градустық өлшемге айналдырады

Кестеге мұқият қарайды.

1-ші жол бойынша радиандық өлшем мен орналасу ширегін табады.

2-ші жолда ширекке қатысты оң немесе теріс өлшемдегі бұрышты жазып алып, сол арқылы екінші белгісізді анықтайды

3-ші жол бойынша градустық өлшем мен ширегін табады


 «Жапондық бағалау» әдісі: әр білім алушы өзін бағалайды:

Дұрыс

Келісемін

Толықты-

рамын



көзқара- сым бар,

сұрағым бар.
«Салыстырып көр» әдісі:

Әр білім алушыға өз жұмысын экранда көрсетілген дұрыс жауаптармен салыстыртамын


Кейбір оқушылардың басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейтіндіктері болатындықтан, олардың көмек қажет ететін оқушылар сұрақтарына жауап беру дағдыларының қалыптасыуына ықпал ету


Күрделілігіне қарай алға ілгерілеуге жетелеуде кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істеуге бағыт алады


Cабақ соңы

5 минут

«Рефлексия»

оқушыларға 3 нақты сұрақтар аясында оқушыларға өз жауаптарын жазып конвертке салуды ұсынамын.

Сұрақтар

  • жаңа оқылған 3 фактіні айтып беріңіз;

  • сізге не жеңіл болып көрінді?

  • сізге не қиын болып көрінді?

-Сұраққа жауап бере отырып кері байланыс орнатады.

-жаңа оқылған 3 факті туралы;

-оларға жеңіл болып көрінгендер туралы;

-оларға қиын болып көрінгендер туралы

«Сұрақ конверт» әдісі бойынша білім алушылардың сабақты меңгеру деңгейлерін анықтаймын

Сабақта алған білімдерін қорытындылау және кері байланыс алу үшін жаңа сабақты меңгеру деңгейлерін анықтаймын

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.