ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымының атауы | №51 мектеп-гимназиясы | |||||
Пәні: | Қазақ тілі | |||||
Бөлім: | Атақты тұлғалар | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Құралова Динара | |||||
Күні: | 16.02.2023 | |||||
Сынып: 3 | Қатысқаны | Қатыспағаны | ||||
Тақырыбы | 86. Негізгі және туынды етістік | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау. | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды және негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды. | |||||
| Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 минут | I.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық Бізде жақсы баламыз, Өсті ақыл санамыз Апайымызбен ең алғаш, амандасып аламыз. Жарқырасын күніміз, жайнап тұрсын гүліміз, Жақсы ниет тілекпен, Бастайық сабақ бүгін біз. | 1.Мұғаліммен сәлемдеседі. 2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады . | Жарайсыңдар! | | ||
5 минут | Үй тапсырмасын сұрау 8 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Күйші күй тартты. Жыршы жыр айтты. Ақын өлең жазды . Дәрігер ауруларды емдеді. Мұғалім балаларды оқытты . Жылқышы жылқы бақты . Өткенді пысықтау. 1. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата. 2. Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не? "Ойыншық" сөзін 3 жақта тәуелде. 3. Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата. 4. Дара және күрделі етістіктерге мысалдар келтір. | Үй тапсырмасын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді. | Дескриптор: 1. Үй тапсырмасын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді. 1б ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! | | ||
Сабақтың ортасы 2минут Білу. 11 минут 2 минут 2 минут 5 минут 5 минут 5 минут | Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын. III. Жаңа тақырып. Білу және түсіну . Оқулықпен жұмыс. 11 - жаттығу. Мәтінді тыңда. Мен қалай оқуға бардым?
1. Әбіш маған кім болады? Әбіш менің құрдасым болады. 2. Мені не қызықтырды? Оқу үйрену қызықтырды. 3. Мен не істедім? Оқуға бардым.
Менің мектепке барған алғашқы күнім есімде. Маған өте қызықты болған. Сергіту сәті "Күлкі витамин" әні ЕБҚ 1. Дара және күрделі етістіктерді бөліп жаз: сүзіп алды, лақтырды, көрді, оқып болды, алдады, күтті, кетіп қалды, ойнап жүр, алып барды, оқыды, биледі, күтіп тұр. 12-жаттығу. Сурет мазмұнын болжа. Әлидің күнделігін оқы.
Күнделік дұрыс жазылмаған. Әлиге берер кеңесім: адамның аты-жөні тасымалданбайды. 13-жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстыр. барды көздеді көрді ойлады айтты тістеді оқыды биледі • Етістіктерді сөз құрамына талда. • Қай бағандағы етістіктердің түбірі зат есім? Саралау тапсырмасы. 15-жаттығу. 1-деңгей: Ағаш бұтақтарындағы етістіктерді теріп жаз. Биле, көзде, арқала, баста, қапта, жырла, қолда. 2-деңгей: Етiстiктердi сөз құрамына талда. 3-деңгей: Етiстiктердiң түбiрi қай сөз табына жататынын анықта. Етістіктердің түбірі зат есімге жатады. | Мәтінді тыңдайды. Тыңдаған мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қояды. Әр бөліктің тақырыбын анықтап, оларға ат қояды. Сұрақтардың жауабын жазады. Өзінің мектепке барған алғашқы күні туралы ойымен бөліседі. Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді. Сурет мазмұнын болжайды. Әлидің күнделігін оқып, өз ойымен бөліседі. Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстырады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. Тапсырмаларды орындайды. | ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! Дескриптор: 1. Мәтінді тыңдайды.1б 2.Тыңдаған мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қояды.1б 3.Әр бөліктің тақырыбын анықтап, оларға ат қояды.1б 4.Сұрақтардың жауабын жазады.1б 5.Өзінің мектепке барған алғашқы күні туралы ойымен бөліседі.1б ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! Дескриптор: 1.Сурет мазмұнын болжайды. Әлидің күнделігін оқып, өз ойымен бөліседі.1б Дескриптор: 1.Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстырады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды.1б Дескриптор: 1.Тапсырмаларды орындайды.1б | Оқулық. Оқулық Дәптер дәптер | ||
Сабақтың соңы 2 минут 2 минут 2 минут | IV.Сабақты қорытындылау. 1.Етістік дегеніміз не? 2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Негізгі етістік дегеніміз не? 4. Туынды етістік қалай жасалады? (оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу): -Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды? -Жетістік критерийлеріне жеттік пе? Бұл сабақта қандай жаңа білім алдың Үй тапсырма . 14-жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
Оқушылардың білімін бағалау Рефлексия | Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады. Үй тапсырмасын жазады. Өздері кері байланыс жасайды. | Дескриптор: 1.Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.1б Балдар жиынтығын қою | |
Білім беру ұйымының атауы | №51 мектеп-гимназиясы | |||||
Пәні: | Қазақ тілі | |||||
Бөлім: | Атақты тұлғалар | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Құралова Динара | |||||
Күні: | 17.02.23 | |||||
Сынып: | 3 а | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | 87. Негізгі және туынды етістік | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау. | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды және негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды. | |||||
| Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 минут | I.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірімді Болып кетер сонда менің жан-жағым! | 1.Мұғаліммен сәлемдеседі. 2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады . | Жарайсыңдар! | | ||
5 минут | II. Үй тапсырмасын сұрау. 14-жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
Өткенді пысықтау. 1. Етістік дегеніміз не? 2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Негізгі етістік дегеніміз не? 4. Туынды етістік қалай жасалады? | Үй жұмысын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді. | Ауызша мадақтау Дескриптор: 1. Үй жұмысын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді.1б | | ||
Сабақтың ортасы 2минут 10 минут 2 минут 3 минут 7 минут 7 минут | Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын. III. Жаңа тақырып. Білу және түсіну Оқулықпен жұмыс. 16 - жаттығу. Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді оқы. Ахмет – қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Ол ауылдық мектепте қызмет атқарды. Елге білім-ғылым таратудың жолдарын қарастырды. Халықтың көркемсөз мұрасын жинады. Мектепке арналған әліппе, оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. Баспасөзге мақалалар жазып, өлең шығарды, аударма жасады. Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен кітап шығарды.
Мәтін - Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Оның тұңғыш оқу құралы "Оқу құралы(1912ж)" деп аталады.
Етістіктер: атқарды, қарастырды, жинады, жазып, жазды, жасады, шығарды, аударып. Сергіту сәті "Қызыл гүлім-ай" әні ЕБҚ 1. Туынды етістікті қатыстырып 3 сөйлем құра. Саралау тапсырмасы 18-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айт және жаз. Атам бақ аралады, Ағам тал аралады. Апам көл аралады, Асыл ат тағалады. 1-деңгей: Қарамен жазылғандар қандай сөздер? 2-деңгей: Олардың мағынасын бір-біріңе түсіндіріп көріңдер. 3-деңгей: Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талда. 19-жаттығу. «Етістік» сөзінен баспалдақ жаса. Осы әріптерден басталатын іс-әрекетті білдіретін сөздер ойлап, торкөзді толтыр. Е к Т і к І л д і С ы й л а Т а ғ а л а І л е с т і р К ө р к е м д е
Туынды етістіктер: тағала, көркемде, сыйла. | Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың негізгі немесе туынды етістік екенін айтады. Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді. Жаңылтпашты жатқа айтады және жазады. Тапсырмаларды орындайды. «Етістік» сөзінен баспалдақ жасайды. Осы әріптерден басталатын іс-әрекетті білдіретін сөздер ойлап, торкөзді толтырады. Шыққан етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айтады. Туынды етістіктерді теріп жазады. | ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! Дескриптор: 1. Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді.1б 2.Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың негізгі немесе туынды етістік екенін айтады.1б Дескриптор: 1.Жаңылтпашты жатқа айтады және жазады.1б 2.Тапсырмаларды орындайды.1б ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! Дескриптор: 1. «Етістік» сөзінен баспалдақ жасайды. 1б 2.Осы әріптерден басталатын іс-әрекетті білдіретін сөздер ойлап, торкөзді толтырады.1б 3.Шыққан етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айтады.1б 4.Туынды етістіктерді теріп жазады.1б | Оқулық Дәптер дәптер | ||
Сабақтың соңы 3 минут 2минут 2минут | IV.Сабақты қорытындылау 1.Етістік дегеніміз не? 2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 4. Туынды етістік қалай жасалады? Тапқырлыққа үйрету үшін (оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу): -Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды? -Жетістік критерийлеріне жеттік пе? Үй тапсырма 17-жаттығу. "Бос микрафон" әдісі Берілген зат есімдер мен сын есімдерге -ла, -ле, -да, -де, -та, -те, -дас, -тас, -лас, -лес, -тан, -тен жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса. Торла, арқанда, емде, арала, сабында, үтікте, тісте. Ақта, ұсақта, көркемде, жақсыла, оңда, жаңала, іріле. Ақылдас, достас, пікірлес, әдеттен, рақаттан.
Анаңмен ақылдасып шеш. Достарыңмен пікірлес. Қолыңды сабында. Жылқыны арқанда. Таза жүруге әдеттен. Оқушылардың білімін бағалау Рефлексия | Сұрақтарға жауап береді. Үй тапсырмасын жазады. Өздері кері байланыс жасайды. | Дескриптор 1.Тақырыпқа қатысты ой түйеді.1б Жарайсың! Балдар жиынтығын қою | |
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | | |||||
Бөлім: | | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: 3 | Қатысқаны | Қатыспағаны | ||||
Тақырыбы | 88. Негізгі және туынды етістік | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау. 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды және мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. | |||||
| Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 минут | I.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық Бізде жақсы баламыз, Өсті ақыл санамыз Апайымызбен ең алғаш, амандасып аламыз. Жарқырасын күніміз, жайнап тұрсын гүліміз, Жақсы ниет тілекпен, Бастайық сабақ бүгін біз. | 1.Мұғаліммен сәлемдеседі. 2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады | Жарайсыңдар! | | ||
6 минут | Үй тапсырмасын сұрау 17-жаттығу. "Бос микрафон" әдісі Берілген зат есімдер мен сын есімдерге -ла, -ле, -да, -де, -та, -те, -дас, -тас, -лас, -лес, -тан, -тен жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса. Торла, арқанда, емде, арала, сабында, үтікте, тісте. Ақта, ұсақта, көркемде, жақсыла, оңда, жаңала, іріле. Ақылдас, достас, пікірлес, әдеттен, рақаттан.
Анаңмен ақылдасып шеш. Достарыңмен пікірлес. Қолыңды сабында. Жылқыны арқанда. Таза жүруге әдеттен. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар. 1.Етістік дегеніміз не? 2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 4. Туынды етістік қалай жасалады? | Үй жұмысын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді. | Дескриптор: 1. Үй жұмысын тексертеді.1б 2.Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын айтады.1б ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! | | ||
Сабақтың ортасы 2минут Білу. 10 минут 2 минут 3 минут 7 минут 6 минут | Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын. III. Жаңа тақырып. Білу және түсіну . Оқулықпен жұмыс. 20- жаттығу. Мәтінді оқы.
1. Қажымұқан Мұңайтпасов кім? Қажымұқан Мұңайтпасов- әлемге танымал тұңғыш қазақ палуаны. 2. Ол спорттық жолын қайда бастады? Спорттық жолын Петербургте бастады. 3. Қай мемлекеттерде өткен белдесулердің жеңімпазы болды? Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Америка мемлекеттерінде өткен белдеулерде жеңіске жетті. 4. Қажымұқан қандай медальдарға ие болды? Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған. 5. Оның әлемге танымал болуының сыры неде? Спортшы, палуан.
Сергіту сәті "Қара жорға " әні ЕБҚ 1. Берілген сөздерден туынды етістік жаса: ой, тұр, өс, кел, оқы, жаз, көр,жұл, бұз, бол. Саралау тапсырмасы 21- жаттығу. 1-деңгей: Берілген зат есімдерден туынды етістік жасап жаз. Кезектес, жырла, ойла, шегеле, биле, тұзда. 2-деңгей: Өзің қалаған 2-3 туынды етістікпен сөйлем құрап жаз. Атам сатып әкелген еттерді тұздады. Сен болашағыңды ойла. Әлия, сен өзбек биін биле! 3-деңгей: 22 - жаттығу. Ребусты шеш. Ребустың шешуі - ақта.
Ақта - туынды етістік. Қосымша тапсырма: | Мәтінді оқиды. Мына сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі етістіктерді тауып, негізгі немесе туынды екенін айтады. Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді. Сұрақтарға жауап береді,өз ойларын айтады. Тапсырмаларды орындайды. Көп нүктенің орнына екінші бағандағы етістіктің тиістісін қояды.Сөйлемдерді көшіріп жазады. | ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! Дескриптор: 1. Мәтінді оқиды. 1б 2.Мына сұрақтарға жауап береді. 1б 3.Мәтіндегі етістіктерді табады. 1б 4.Негізгі немесе туынды екенін айтады. 1б Дескриптор 1.Тапсырмаларды орындайды.1б ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! Дескриптор 1.Көп нүктенің орнына екінші бағандағы етістіктің тиістісін қояды. 1б 2.Сөйлемдерді көшіріп жазады. 1б | Оқулық. Оқулық Дәптер дәптер | ||
Сабақтың соңы 3 минут 2 минут 2 минут | IV.Сабақты қорытындылау. 1. Етістік дегеніміз не? 2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 4. Туынды етістік қалай жасалады? 5. Дара және күрделі етістіктерге мысалдар келтір. (оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу): -Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды? -Жетістік критерийлеріне жеттік пе? Бұл сабақта қандай жаңа білім алдың Үй тапсырма . 23- жаттығу. Төмендегі үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін дәлелде. Ұсақта, өрнекте, тырмала, достас. Дәлелдеу үлгісі: Ақта– туынды етістік, өйткені оның түбірі – ақ. «Ақ» сөзі – сын есім, оған -та жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады. Өрнекте- туынды етістік, өйткені оның түбірі - өрнек. "Өрнек" - зат есім, оған -те жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Тырмала- туынды етістік, өйткені оның түбірі - тырма. "Тырма" - зат есім, оған -ла жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Достас - туынды етістік, өйткені оның түбірі - дос. "Дос" - зат есім, оған -тас жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Оқушылардың білімін бағалау Рефлексия | Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады. Үй тапсырмасын жазады. Өздері кері байланыс жасайды. | Дескриптор 1.Өз ой қорытындысымен бөліседі. 1б Балдар жиынтығын қою | |
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | | |||||
Бөлім: | | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: 3 | | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | 89. Негізгі және туынды етістік | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау. 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды және мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. | |||||
| Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 минут | I.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірімді Болып кетер сонда менің жан-жағым! | 1.Мұғаліммен сәлемдеседі. 2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады . | Жарайсыңдар! | | ||
6 минут | II. Үй тапсырмасын сұрау. 23- жаттығу. Төмендегі үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін дәлелде. Ұсақта, өрнекте, тырмала, достас. Дәлелдеу үлгісі: Ақта– туынды етістік, өйткені оның түбірі – ақ. «Ақ» сөзі – сын есім, оған -та жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады. Өрнекте- туынды етістік, өйткені оның түбірі - өрнек. "Өрнек" - зат есім, оған -те жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Тырмала- туынды етістік, өйткені оның түбірі - тырма. "Тырма" - зат есім, оған -ла жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Достас - туынды етістік, өйткені оның түбірі - дос. "Дос" - зат есім, оған -тас жұрнағы жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Өткенді пысықтау. 1. Етістік дегеніміз не? 2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 4. Туынды етістік қалай жасалады? 5. Дара және күрделі етістіктерге мысалдар келтір. | Үй жұмысын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді. | Ауызша мадақтау Дескриптор: 1. Үй жұмысын тексертеді.1б 2. Сұрақтарға жауап береді.1б Жарайсың! | | ||
Сабақтың ортасы 2минут 8 минут 2 минут 3 минут 5 минут 10 минут | Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын. III. Жаңа тақырып. Білу және түсіну Оқулықпен жұмыс. 24- жаттығу. Мәтіндерді оқып, өзара салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығын тап. "Өмірбаян", "Құлын мінген бала"
Запастағы командир, генерал майор, дивизия, фашистер. Запастағы командир- әскери қызметке тартылмайтын, әскери қызметке кірмейтін офицерлік атағы бар адам. Генерал майор - штабтың жоғары лауазымды әскери атағы. Дивизия - көптеген мемлекеттердің қарулы күштеріндегі негізгі тактикалық бөлім. Фашистер - фашизмді ұстаушы, нацистік партияның мүшесі. Сергіту сәті "Күлкі витамин" әні ЕБҚ 1. 26- жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиіс тісін жалғап, сөздерді көшіріп жаз. Ұсақта, жаңала, оңда, іріле, көркемде, шегеле. 27-жаттығу. Керісінше жұмбақ. Сөзжұмбаққа сұрақтар құрастыр. Ол үшін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа ал. Көлденеңнен: 1. Кір жууға қолданылатын зат. 2. Әдемі, әсем сөзіне мағыналас сөз. 3. Дарын иесі, өлең шығаратын адам. Тігінен: 1. Топырақты майдалау және шөп жинау үшін қолданылатын құрал. | Мәтіндерді оқып, өзара салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Сұрақтарға жауап береді. Мәтіндердегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасын сөздіктен біледі. Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиіс тісін жалғап, сөздерді көшіріп жазады. Сөзжұмбаққа сұрақтар құрастырады. | ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! Дескриптор: 1. Мәтіндерді оқып, өзара салыстырады. 1б 2.Ұқсастығы мен айырмашылығын табады. 1б 3.Сұрақтарға жауап береді. 1б 4.Мәтіндердегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасын сөздіктен біледі. 1б Дескриптор: 1. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиіс тісін жалғайды. 1б 2. Сөздерді көшіріп жазады. 1б Дескриптор: 1. Сөзжұмбаққа сұрақтар құрастырады. 1б ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын! | Оқулық Дәптер дәптер | ||
Сабақтың соңы 2 минут 3минут 2минут | IV.Сабақты қорытындылау Тапқырлыққа үйрету үшін (оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу): -Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды? -Жетістік критерийлеріне жеттік пе? Үй тапсырма . 25 - жаттығу. Өз отбасыңның бір мүшесінің өмірбаянын үлкендердің көмегімен жазып көр. Оқушылардың білімін бағалау Рефлексия | Сұрақтарға жауап береді. Үй тапсырмасын жазады. Өздері кері байланыс жасайды. | Дескриптор 1.Тақырыпқа қатысты ой түйеді.1б Жарайсың! Балдар жиынтығын қою | |