ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
баҚысқамерзімді жоспар
Бөлім: | 3-бөлім: Адам жанының құпиясы |
Мұғалімнің аты-жөні | Мукатаева Жадыра Базарбаевна |
Күні: | 08.02.2023 |
Сыныбы: 9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.Б/С2. Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру 9.Б/С4.Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу. |
Сабақтың мақсаты: | Білім алушылар шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді. Сыни мақала жазады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Үйге тапсырманы: «Кейіпкерге хат» оқыту . | Оқулық, жұмыс дәптерлері,бағалау парағы | |||
Жаңа сабаққа кіріспе | «Кім?» « Қайда?» « Қашан» ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. | Ой қозғау сұрақтарына жауап береді | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзіменынталандыру. | |
Сабақтың ортасы | Топтық жұмыс №1 тапсырма: «Бір тезис, үш дәлел» кестесі | №1 тапсырма: Оқушылар «ұрпақтар сабақтастығы» деген сөздің мағынасын топ ішінде талқылайды. Шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау үшін «Бір тезис, үш дәлел» кестесімен жұмыс істейді. Тезис шығармадан дәлелдер іздетеді. Тезис 1-дәлел 2-дәлел 3-дәлел Жазушы пікірімен келісесіз бе? 1.Топ: «... Бұл күнде ондай қыз қайда. Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайтынын да білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені». 2 топ Шұғаның сөзінен не аңғарылады? Жазылып керегі не, бәрібір мен бақытты бола алмаймын...» | Дескриптор: Жалпы 5 балл Пікірін жазады Шығармадан 3 дәлел келтіреді Регламент сақтайды. Ұрпақтар сабақтастығын тауып,заманауи тұрғыда салыстырады. Жаңашылдығына баға береді. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, | |
| Әдеби сынның басты мақсаты — әдеби процесте болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап оқырмандарға түсіндіріп отыру. Д.Ысқақұлы | «Шұғаның белгісін» әлем әдебиетімен салыстыру мақсатында Әбдірахманның Шұғаға жазған хатын (Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды...), Онегиннің Татьянаға жазған хатын (Құп білемін, сізге жақпас Ескі жара білтелеу.) немесе Шұғаның Әбдірахманға, Татьянаның Онегинге жазған хаттарын талдау. Әдеби сын: жеке жұмыс Шұғаның өз бақыты үшін күресе алмауының себебін талдап шағын сын мақала жазады. | Дескриптор: Жалпы 5 балл Хаттарды салыстырады. Кейіпкер мінезін анықтайды. Әдеби сын жазады | Оқулық, жұмыс дәптері, | |
| Жеке жұмыс: «Пікір пирамидасы» | | Дискриптор:5 балл Пікір пирамидасын толтырады | Оқулық, жұмыс дәптерлері, | |
Сабақтың соңы Рефлексия | «Аяқталмаған сөйлемдер » әдісі арқылы сабаққа қорытынды пікір айтылады. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау бойынша да ағалайды. | | |
Үйге: | Сценарийй жазу хатты жаттау | |