Файл: Азаматты ызметшілерге, мемлекеттік бюджет аражаты есебінен сталатын йымдарды ызметкерлеріне, азыналы ксіпорындарды ызметкерлеріне ебекаы тлеу жйесі туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 154
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы.
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Мыналар:
1) азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 17697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық айлықақы белгіленсін;
2) азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі – ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және (немесе) кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін.
Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі:
1) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі негізінде.
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады;
2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын (бұдан әрі – ЛА) есептеуге арналған базалық лауазымдық айлықақыға (бұдан әрі – БЛА) қолданылатын коэффициенттер;
3) жұмысшылар ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛА-ға қолданылатын коэффициенттер;
4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар;
5) Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2017 № 647 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.02.2023 № 149 қаулыларымен.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша ЛА есептеуге арналған коэффициенттер;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмысшылардың ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;
4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;
5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.02.2023 № 149 қаулысымен;
6) осы қаулыға 24 және 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.02.2023 № 149 қаулысымен.
3. Мыналар:
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағында көзделген қызметкерлерді қоспағанда, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, ЛА (тарифтік мөлшерлеме), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;
2) ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.
Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындары мамандарының және қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;
медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;
медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы):
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;
мыналарды:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтерін;
мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерін;
мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;
медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
"Ұлттық" мәртебесі бар мемлекеттік мәдениет ұйымдары, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне 1,75 мөлшерінде арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
2-1) (қызмет бабында пайдалану үшін);
2-2) (қызмет бабында пайдалану үшін);
2-3) медициналық емес бейіндегі сот сарапшыларының (сот сараптамасын жүргізумен тікелей айналысатын В1 блогының негізгі персоналы) ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2022 жылғы 1 шілдеден бастап 1,4 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,28 мөлшерінде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,02 мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,73 мөлшерінде қосымша түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;
3) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 № 170 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.06.2016 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2017 № 647 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.01.2020 № 11 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2021 № 7 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi); 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.12.2021 № 864 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2022 № 446 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 456 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгiзiледі); 09.12.2022 № 1000 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.02.2023 № 149 қаулыларымен.
4. Мыналар:
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалады;
2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады;