Файл: Негізгі материал Жасанды интеллект (Artificial intelligence (AI)).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Жасанды интеллект қолдану салалары
Негізгі материал:
Жасанды интеллект (Artificial intelligence (AI)) – компьютердің немесе роботтың адамдарға тән зияткерлік процестерге байланысты тапсырмаларды орындау мүмкіндігі.
Қазіргі уақытта жасанды интеллект күнделікті өмірімізге тереңдеп еніп келеді, оның әсері күн санап сезілуде. Роботталған мәшинелер көлікті енді-енді үйреніп жүрген адамдарға нұсқаушы қызметін көрсете алады. Кейбір мекемелерде роботтар қаржылық есептер жасайды. Роботтар шахмат, дойбы, го сияқты түрлі ойындарда мықты қарсылас бола алады
Жасанды интеллект (ЖИ) – адамзат интеллектісінің процесін компьютерлік жүйелер арқылы модельдеу. Бұл процестер оқыту (ақпарат алу және оны қолдану ережесі), пайымдау (болжамды немесе белгілі нәтижелерге жету үшін, ережелерді қолдану) және өзін-өзі түзетуден тұрады.
Жасанды интеллект жүйесін әзірлеушілердің мақсаты – тапсырма шартына сай, мәшинені өз іс-әрекетінің программасын жасауға, яғни формалды орындаушыдан зияткерлік орындаушыға ауысу
Ең алғаш бұл анықтаманы 1956 жылы америкалық ғалым Джон Маккарти ұсынды. «Аrtificial intelligence» сөз тіркесіндегі «intelligence» сөзі «саналы түрде ойлана алу білігі» деген мағынаны білдіреді.
1950 жылы Алан Тьюринг жасанды интеллект анықтамасына эмпирикалық тест жасауды бұл термин пайда болмай тұрып ұсынды. Сол тестке сәйкес ойлана алатын машина деп онымен қатынасу барысында адам ретінде қабылдаған машинаны айтамыз.
Жасанды интеллект екі негізгі топқа бөлінеді:
-
Мамандырылған ЖИ, яғни өте нақты тапсырманы шешеді. Ол туралы, әдетте түрлі жаңа қосымшалар туралы сөз қозғағанда айтылады -
Күшті ЖИ, мысалы, бұл ғылыми фантастика кейіпкерлері, олар ойлай алады, өзін сезінеді, және кез келген адамнан әлдеқайда ақылды.
ЖИ бағыттары:
-
Ойлау үрдістерін символдық модельдеу (теорема дәлелдеу, шешім қабылдау және ойын теориясы, жоспарлау және реттеу, болжау); -
Табиғи тілмен жұмыс (ақпараттық іздеу, мәтінді іздеу, машиналық аударма). -
Білімді ұсыну және қолдану (сараптамалық жүйелер құру). -
Машиналық оқыту (символдарды тану, қолмен жазылған мәтінді тану, дауысты тану, мәтінді талдау). -
жасанды интелектіні биологиялық модельдеу (нейронды желілер). -
Робототехника (нысандарды басқару, орналасқан орынды анықтау, қозғалысты жоспарлау). -
Машиналық шығармашылық (кино мен ойын саласында қолданылатын шынайы бейнелер құру). -
Зерттеудің басқа да салаларында (компьютерлік ойындардағы интеллектілерді програм малау, сызықтық емес басқару, ақпараттық қауіпсіздіктің интеллектуалды жүйелері). Интеллектуалды жүйелер былай топтастырылады (21-сызба):
Жасанды интеллект адам нейронының математикалық моделімен құрылған нейрожелілерге негізделген.
Біздің әрбір жасушамыз аксондар мен дендриттерден тұрады.
Аксон – нейронның ұзын, созылған бөлігі, жүйке талшығы. Егер белгілі бір қадам бағындырылса, яғни белгілі мәннен артық күш түсірілсе, нейрон іске қосылады. Нәтижесі ретінде өңделген сигнал келесі нейронға беріледі. Аксондар бір-бірімен синапстар арқылы байланыстырылады.
Дендриттер – ақпараттың кіріс порты. Мысалы, бір бейнеклип көріп отырмыз делік. Ол ақпарат нейронға келіп түседі, сол жерде өңделіп, аксон арқылы белгілі бір қадамнан өтсе, онда келесі нейронға беріледі. Бұл – түсінуге арналған ең қарапайым мысал.
Нейрожелі – белгілі бір шарттарға негізделген дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлгі.
Жасанды интеллектіні қолдану салалары
Медицинада. Бұл салада жасанды интеллектіні қолдану артықшылығы – есте сақтау және үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу қабілеті. Мұнда емделушілерге қалай емделу керектігі жайында кеңес беретін, кейбір ауруларды арнайы белгілері бойынша анықтап, алдын алу шараларын ұсынуға қабілетті программалар бар.
Өндіріс және ауылшаруашылығында. Бұл салада жасанды интеллектіні қолдану көрсет кіші өте жоғары. Алдағы уақытта тіпті адам көмегі қажет болмайды. Мәселен, LG компан иясы 2023 жылы Оңтүстік Кореяда барлық әрекеттер жасанды интеллект көмегімен орын далатын зауыт ашады. Мұнда сатып алудан бастап, дайын өнімді жүктеуге дейінгі әрекеттің барлығын роботтар атқарады. Тауар сапасы арнайы программалық қамтама көмегімен бақыланып отырады. 2021 жылдан бастап, зауыттар осы технологияға көшуді бастайды. Ауылшаруашылығында жасанды интеллект өсімдіктер күйін, ылғалдылық деңгейін, тыңайтқыштар көлемін бақылап отырады. Сонымен қатар арамшөптерді бірден анықтап, өсімдіктің өсуіне ешқандай қауіп келтірместен оларды жойып отырады.
Қоғамда және тұрмыста. Бүгінде жасанды интеллект жолдағы кептеліс мәселесін шешу үшін қолданылып келеді. Ол үшін ЖИ нақты уақытта бағдаршамдардан ақпарат жинап,
машиналар арасындағы қашықтыққа, орын алған апаттарға талдау жасайды, жол-көлік қатынасын реттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жүйе көптеген елдерде қолданылады. Бұл салада қолданудың тағы бір бағыты – автопилотты машиналар.
Ақылды үй. Жасанды интеллект бүгінде тұрмыстық жағдайда кеңінен қолданылады. Мысалы, таңертең бізді оятып, таңғы ас әзірлейтін жасанды интеллекттер бар. Болашақта тоңазытқыштар қажетті азық-түлікке өз бетімен тапсырыс беретін болады. Ал үйдің сыртқы есігі жабылғанда дабыл жүйесі автоматты түрде іске қосылады. Болашақта жылу жүйесі де адам температурасына қарай автоматты түрде бейімделетіндей етіліп жасалады.
Білім беруде. Жасанды интеллектіні білім беруде қолданудың дамыған бағыты – бейімдеп оқытуда қолдану. Мұнда ЖИ әрбір білім алушының үлгерімін бақылап отырады, курс бөлімдерін білім алушының қабілетін ескере отырып, құрастырады немесе оқытушыға қай материалдың меңгеріліп, қай материал меңгерілмей қалғандығы жайында ақпарат беріп отырады.
Қашықтан оқыту жоғары технологиялы білім беру болып табылады. Енді білім алушының ешқандай жерден көшірмей, емтиханды өз білімімен тапсырып шыққандығына сенімді болу үшін көмекке прокторинг деп аталатын жүйе келеді. Бұл жүйе білім алушылар бақылау тапсырмаларын орындау мен емтихан тапсыру кезінде қолданылады. Прокторинг жүйесі бірнеше әрекетті бір уақытта бақылап отыра алады: «артық» адамдар кадрда жоқ па, кабинетте «артық» дауыс жоқ па, білім алушы қаншалықты жиі монитордан көзін алып қашып жатыр, браузерде қосымша парақ шалар ашып жатыр ма, барлығын бақылау да ұстайды. Бұл әрекеттің барлығы тәртіп бұзу болып саналады. Ерекше жағдайларда жүйе проктордамға белгілі бір білім алушыға назар аударуы керектігі жайында белгі береді. Тек сол жағдайда ғана веб-камера күдікті білім алушыны түсіреді.
Ойын индустриясында. Ойында шынайылық сезімдерін тудыру үшін түрлі жасанды интеллект туындыларын қосады. Жасанды интеллект ойындарда сауықтыру емес, практи калық рөл атқарады. ЖИ көптеген міндеттерді атқарады: негізгі нысандардың әрекетіне жауап беретін жалпы ережелер жиынтығын өңдеуден бастап персонажды басқаруға дейінгі әрекеттер. ЖИ қарапайым формасы – ережелер жиынтығынан құралған жүйе. Мұнда нысандардың әрекеті алдын ала бекітілген алгоритмдер есебінен жүргізіледі.
Ойындардағы көптеген әрекеттер мен оқиғалар ЖИ есебінен орын алады, онда қарапайым ережелер жиынтығынан бастап өзін-өзі жетілдіруге бейімделген жүйеге дейінгі түрлі
формалар қабылданады
ЖИ артықшылықтары:
-
Көп ақпаратты аз уақыт ішінде есте сақтау және өңдей білу қабілеті. Адамның есінде ауқымды ақпарат сақталуы үшін күніне 3–4 рет қайталап, уақыт өткен сайын жадысын жаңғыртып отыру керек болады. Ал жасанды интеллект бір жаттағанын ешқашан ұмытпайды. -
Сандық ақпаратты жылдам өңдеу қабілеті. Адам екі орынды санды қосып болғанға дейін жасанды интеллект экономикалық жағдайды талдап, қай валютаны сатып алу тиімді екендігін есептеп үлгереді.
ЖИ кемшіліктері:
-
Жасанды интеллект сапалы ақпаратты әлі өңдей алмайды. Кез келген сапалы ақпарат математикалық модель күйінде беріле алатындықтан, бұл кемшілік белгілі бір уақыт ішінде шешімін табады. -
Жасанды интеллект істен шығып қалып жатады. Ол жоғары дәрежеде жетілдірілгенге дейін оған әрқашан «қарап жүретін» адам қажет.
Нақты өміріміздегі жасанды интеллект
Жасанды интеллект енді дамуда, оның барлық көріністері адамға қолжетімді емес. Күнделікті өмірімізде қолданылып жүрген жасанды интеллект мысалдарын келтіретін болсақ, олар:
-
Дамыту, жетілдіру, сауықтыру мақсатындағы түрлі мобильді қосымшалар. -
FaceID қызметі. Бұл – смартфонды адамның түр-әлпетімен блоктан шығаруға мүмкіндік беретін қызмет. Арнайы алгоритм адамды сканерлеп, әмбебап түр-әлпетін құру арқылы оны идентификациялауға мүмкіндік береді. -
Смартфондардағы виртуалды көмекшілер жасанды интел лектісін дыбысты танудан бастап, дайын нәтиже беруге дейінгі барлық қызметтер үшін қолданады. Мұндай мүмкіндіктер күн санап артып келеді.
Жасанды интеллектінің ең басты артықшылығы – адамның өз ақыл-ойын арттыруға қабілетті болуы.
Бекіту сұрақтар:
-
Жасанды интеллект дегеніміз не? -
«intelligence» сөзінің мағынасы қандай? -
Аксон дегеніміз не? -
Дендрит қалай құрылады? -
Жасанды интеллект қандай салаларда қолданылады?
Үйге тапсырмасы:
Тапсырма №1: Дұрыс нұсқасын белгілеу
Тапсырма №2: ЖИ бағыттарын сәйкестендіру
Тапсырма №3:
Интернет желісінен ЖИ берілген әртүрлі анықтамаларды іздеп тауып, салыстырмалы талдау жасаңыз
Рефлексия
-
Бүгінгі сабақта біз ............ сөз қозғадық -
Бүгінгі сабақта мен білдім. .......... -
Мен тапсырма орындадым .........