Файл: Педагогикадаы ылыми зерттеуді белгілері мен трлері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері. Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу.Олардыңбіріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін.

Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының объектісі – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану.Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.

Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс.

Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанының бөлініп зерделенуі, ғылымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша анықталады.

 Педагогикалық зерттеудің түрлері.Педагогика саласын-дағы зерттеулер деп педагогикалық үдерістің заңдылықтары, оның құ-рылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері ту-ралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу-тәрбие үде-рісінің құбылыстары мен деректерін түсіндіреді және болжайды. Ғы-лыми-педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге болатын нақты қойылған деректерге негізделеді, белгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі.


Зерттеулерді жіктеуді талдау мәселесі педагогикалық әдебиет-терде біршама қарастырылған. Типология бойынша зерттеудің жік-телуі 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И.Т. Огородников жұ-мыстың үш түрін бөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялық және практикалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақта-рын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу–тәрбие мекеме-сінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжі-рибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер (оқу бағдарламалары, оларға түсініктеме хат, әдістемелік құрал, оқулықтар).

Берілген жіктемені М.А. Данилов шартты әрі салыстырмалы деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Кейі-нірек ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагоги-калық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолдан-балы зерттеу және жасалымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулероқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік же-ке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теоретиктер мен практиктерді байла-ныстыратын аралық буын рөлін атқарады.

Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі – ғылыми-педа-гогикалық зерттеу жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қа-сиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді. Бірінші фасет – зерттеу міндеттері– ғылы-ми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргі-зетін жұмысы сипатталады. Екінші фасет – зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет – зерттеу нәтижелерін пайдаланушы ұйымның ме-кен-жайы – ғылыми және тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды. Төртінші фасет – 

құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.Педагогика әдіснамасы жалпы әдіснама ғылымы мен қоғам дамуының үдерісін талдаудан туындайды, теориялық талдау және жи-нақтау, сонымен қатар, педагогика, психология, әлеуметтану, киберне-тика және басқару теориясының зерттеу нәтижелерін, қисынды жал-пылау әдістерін қолданады. Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғы-лыми жұмысына бағытталған. Сонымен бірге, педагогика әдіснама-сының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады. Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түр-лерін бөліп қарастырады:

· ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бей-несі, философиялық–дүниетанымдық, логикалық–гносеологиялық, құндылықты–нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);

· теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);

· әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары);

· логикалық негіз (формалды және диалектикалық логика заңдары, дәлел және аргумент ережесі);

· эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәти-желері, тәжірибелік-ізденістік жұмыс).

Бұл негіздер біріккен түрде ғылыми зерттеудің теориялық-әдіс-намалық базасын құрайды және оны негіздеу қызметін атқарады. Пе-дагогика және білім беру саласында философиялық негіздердің маңы-зы зор. Философиялық негізге ғылыми ізденістің теориялық негіздеріне, педагогиканың тұжырымдамалық ойлары мен ұстанымдары сүйенеді.

Сонымен, зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденушінің тұжырымдамасының философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сыни көзқарас, зерттеу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасын тұтастық тұғыр аясында қарастыру, зерттелетін педагогикалық құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, осы үдеріске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау енеді.

Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің келесі логикалық алгоритмін қарастырамыз:

· педагогикалық дәйектерді, құбылыстарды және үдерістерді зерттеуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;


· әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;

· зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;

· зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен тығыз байланыста беріледі. Демек, бұл ретте педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекет жүйесі.

Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері – педагогикалық факт, педагогикалық теория, педагогикалық заңдылық пен сипатталады. Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдістеменің негізі болады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқылы кеңейеді. Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістеріне көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Сонымен, зерттеудің теориялық платформасының құрамына ұғымдық-терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін мәселенің теориясы), тұжырымдамалар, ұстанымдар, тұғырлар және т.б. енеді.