Файл: Бизнесжоспарды рылымы жалпы деректер жоба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 68

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Техникалық және құндық сипаттамалары бар баламаларға салыстырмалы талдау жүргізіледі (техникалық деңгей, аналогтармен салыстырғанда өндіріс үшін ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің құны, ақпарат көздеріне сілтемелер):



Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

1 аналог

2 аналог

ИП A1ibekov

Жергілікті өндірушілер

Шетелдік өндірушілер

Сапасы, беріктік қасиеті

+

-

+

Клиентке қолайлы түрінің болуы

+

-

+

Бағасы

+

+

-


Сапасы жағынан біздің газоблоктар өзге өндірушілерге қарағанда жақсы, беріктік қасиеті жоғары, бірақ жергілікті өндірушілер түрлі формадағы пазл-гребень немесе тұтқасы бар газоблоктарды жасамайды. Ал шетелдік өндірушілердің газоблоктарының бағасы өте жоғары, ал сапасы біздің газоблоктардан артық емес.
3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.

Жергілікті халықтың экономикалық әл-ауқатының оң өсу қарқынына, халықтың ауылдардан қалаға қоныс аударуына (мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен) байланысты халықтың өз тұрғын үйін салуға, тұрғын үйдің аумағын ұлғайтуға және өндірістік үй-жайлар салуға қажеттілігі артып келеді. Кірпіш, бетон жабындары, саман сияқты құрылыс материалдарының орнына берік, жылу үнемдейтін, шірімейтін және қол жетімді материал – газды бетон блоктары тиімді болады.

Газдалған бетон блоктары көбінесе 3 қабатқа дейінгі жеке үйлерді, технологиялық ғимараттар мен қызметтік үй-жайлар салу үшін қолданылады. Сонымен қатар газдалған бетон блоктары бөлмелер арасындағы қабырғаларды, монолиттен салынған үйлердің қабырғаларын тұрғызу үшін және ескі ғимараттардағы қабаттардың санын көбейту кезінде жиі қолданылады, себебі ол жеңіл және қолданыстағы іргетастар мен қабырғаларға көп күш түсірмейді.


Эксперт мамандардың айтуы бойынша қазіргі күні барлық сатылған құрылыс материалдарының 40% жуығы осы газды бетон блоктарына келеді екен. Ресми статистиканың мәліметтеріне сүйенсек Батыс-Қазақстан облысы бойынша салынатын тұрғын үйдің көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді, 2020 жылы 837 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй іске қосылды. Бұл құрылыс материалдарына деген сұраныстың жылдан жылға ұлғайып келе жатқандығына дәлел.

Сонымен қатар құрылыс материалдарын Батыс-Қазақстан облысына жақын орналасқан Атырау облысының, Маңғыстау облысының, Ақтөбе облысының елді-мекендеріне өткізуге болады.
4. ЖОБАНЫҢ ҚҰРАМЫ:

4.1. Қызметкерлердің саны, олардың қызметінің бағыты және біліктілігін растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) қоса берілген біліктілігі.

Кәсіпорынды жалпы басқаруды жеке кәсіпкердің өзі жүзеге асырады. Жоба бойынша жеке кәсіпкерден басқа бір бригадир және 4 жалдамалы жұмысшы жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұма күніне дейін (5/2), сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Күніне жұмыс сағаттарының жалпы саны-8 сағат. Айына шамамен 25 күн жұмыс жасайды.

Штаттық кесте

Лауазым

Қызметкерлердің саны

Оклад

Бір айдағы жалпы сома

Жеке кәсіпкердің өзі

1

60 000

60 000

Бригадир

1

300 000

300 000

Жұмысшылар

4

200 000

800 000

Жиыны

6




1 160 000


Жұмысшылардың жалақысы осылай қалыптасады: 1 жұмыс ауысымы үшін бригадирге 12 000 теңге, бір айда 25 жұмыс күні болғандықтан, бір айда 300 000 теңгені жалақы төленеді; бір жұмысшыға 1 жұмыс ауысымы үшін 8 000 теңге, ал айына 200 000 теңге төленеді.

Төрт жұмысшы, бір бригадир және өзі үшін төленетін 1 айлық еңбек ақы қоры 1 160 000 теңгені құрайды. Өндіріс көлемі төмендеген кезде, сәйкесінше жұмыс ауысымы қысқарады, сондықтан еңбек ақы қоры да төмендейді.
4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.



Осыған дейін жеке кәсіпкерлер Алибеков Қазбек Алтынбекұлы және Егізов Ғали Ақжанұлы ешқандай мемлекеттік бағдарламалардан жеңілдетілген несие алған емес
4.3. Басқару құрылымы. Мамандарды тарту схемасы.

Үш жыл ішінде жоспарланған көрсеткіштерге жеткен жағдайда жаңа қызметкерлерді тарту жоспарлануда (5 адам).
Жұмысқа қабылданатын қызметкерлерге қойылатын талаптар

Лауазымы

Саны

Сапа

Білімі

Тәжірибесі

Бригадир

1

Өндіріс технологиясын білу, жұмысшыларды ұйымдастыру

Сәйкес білімі, бар болса

3 жылдан жоғары

Жұмысшы

4

Жаман әдеттерсіз, физикалық төзімділік, адалдық

Маңызды емес

Маңызды емес


5. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ:

5.1. Тәуекелдердің ықтимал типтері мен көздері, оларды азайту бойынша шаралар.

1. Шикізатпен қамтамасыз етудің бұзылуы. Бұл тәуекелдерді алдын ала келісімшарттар жасау арқылы азайту қажет.

2. Құрал-жабдықтардың бұзылуы және өндіріс мерзімдерінің созылуы. Бұл тәуекелдер шығыс материалдарын (расходный материалдарды) жүйелі түрде ауыстырып тұру арқылы, сондай-ақ құрал-жабдықтың өндірушісі берген кепілдік және кепілден кейінгі қызмет көрсету қызметі арқылы азайтылады.

3. Дайын өнімді сатудың жеткіліксіздігі. Бұл тәуекелді азайтудың негізгі әдістерінің бірі әлеуетті сатып алушылармен алдын ала өнімді сату бойынша ниет келісімшарттарын
жасау болып табылады.

4. Қоршаған ортаға теріс әсер ету қаупі мен биліктің осы қызмет түріне теріс көзқарасының болуы мүмкін емес, өйткені экологиялық тазалыққа өндіріс технологиясын қатаң сақтауды ұстанады, жаңа жұмыс орындарын құрады және жергілікті бюджетке салық төлемдерін төлеп тұрады.
5.2. Жобаны іске асыру жоспарында кезеңдер, нақты нәтижелер, уақыт аралықтары және қажетті қаражат көрсетілген (жоспар Жобаны қаржыландыру кезеңінде, сондай-ақ көрсетілген кезеңнің соңында жасалады) (2-кесте).

2-кесте


Жобаны іске асыру кезеңінің атауы

Кезең мерзімі

Кезең құны

Сапалық және сандық нәтижелер

Несие алу

2023 жылдың сәуір айы







Қосымша рұқсат құжаттарын алу

2023 жылдың наурыз-сәуір айлары

20 000 теңге




Негізгі құралды сатып алу және әкелу

2023 жылдың сәуір-мамыр айлары

4 200 000 теңге




Негізгі құралды монтаждау және іске қосу

2023 жылдың мамыр айы







Шикізат сатып алу

2023 жылдың мамыр айы

1 294 000 теңге




Өнім өндіру (жобаны іске қосу кезеңі)

2023 жылдың маусым айынан бастап







Өнім өндіру (толыққанды көлемдегі өндіріс)

2023 жылдың шілде айынан бастап









6. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР:

6.1. Инвестициялардың немесе меншікті қаражаттың көлемін, қаражат көздері мен оларды алу нысандарын қоса алғанда, жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі (3-кесте).


Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар

Шығындар сомасы (теңге)

Жұмыстар кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көзі

Есептемелерде қолданылатын дереккөздер

Шығындар – Барлығы:

494 000













оның ішінде баптар бойынша:

Миксер құрал-жабдығы

5

00 000

Сатып алу, келісім шарт жасау

Нарықтық баға

Несие




Газоблокқа арналған қалып (форма)

3 400 000

Сатып алу, келісім шарт жасау

Нарықтық баға

Несие




Бочка су ысытатын

300 000

Сатып алу, келісім шарт жасау

Нарықтық баға

Несие




Шикізат сатып алу

800 000

Сатып алу, келісім шарт жасау

Нарықтық баға

Несие




Басқа қаржыландыру көздерінің есебінен шығындар - Барлығы:

494 000













Оның ішінде:

Шикізат сатып алу

494 000

Сатып алу, келісім шарт жасау

Нарықтық баға

Меншікті қаражат




Меншікті қаражаты

494 000