Файл: йлену оай, й болу иын. Мені ойымша, отбасы мселесі кез.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Үйлену оңай, үй болу қиын.
  Менің ойымша,  отбасы  мәселесі кез –

  келген адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Біріншіден, бұл бізді дүниеге әкелген ата-аналарымыз. Біз ата -ананы таңдамаймыз, бірақ олар біздің болашақ өмірімізге үлкен із қалдырады және отбасылық қарым-қатынастың қандай болуы керектігі туралы ойымызды қалыптастырады. Бір сөзбен айтқанда отбасылық институты көз алдымызда құрылады.
   Қазіргі таңда біздің елімізде  отбасын құратын  нақты белгіленген жас  жоқ.

Яғни біз кеш болсада отау құратынымыз мәлім.Бірақта кей адамдар оны ерте жаста отбасын құрса, кей адамдар кеш құруы мүмкін.

Отбасылық қарым – қатынас тек
махаббат пен қуаныш емес, сонымен қатар күнделікті жұмыс пен қатар ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Атам қазақ: "отбасын құру қиын емес, оны сақтау қиын "деп бекер айтпаған.   Шаңырақ көтеру адам үшін жай ғана бір баспанада тұру емес, оны жақсы көретін ,құрметтейтін ,қадірлейтін және күтетін үй болуы маңызды .Әлемде- жалғыздықтан жаман ештеңе жоқ. Адам ұзақ уақыт жалғыз бола алмайды, жақындарыңсыз-бұл дүние бос екені сезіледі.Осыған қарай біздің ата-бабаларымыз "жалғыздық тек құдайға тән" деп бекер айтпаған.

 

     Қазіргі таңда , біз жастар отбасын құру мәселесіне келгенде екі ойлы боламыз:  біріншіміз  оны ерте жаста құрғымыз келеді, енді біріміз оны шетке ысырып екінші орынға
қойып,оның орнына білімді және мансапты таңдаймыз.

Қорытындылай отырып,мен осындай ой өзіме түртіп алдым: Біз әрқашанда отбасымызды, жұмысымызды және маңызды өмірлік ұстанымдарымызды бір қатарда алып жүруіміз керек.Сол кезде ғана біз -бақытты өмір сүре аламыз!